Әкімшілік құқық бұзушылық жане әкімшілік жауаптылық




Презентация қосу
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Тарих және педагогика факультеті
Кітапхана ісі мамандығы

Презентация
Тақырыбы: Әкімшілік құқық

Орындаған: Сұлтанбек Жаңыл
Тобы: ТП 21-14к
Жетекшісі: Қорғанова Құндыз
Жоспары:
Әкімшілік құқық
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық жане әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жаза ұғымы және түрлері

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитар-
лық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г.
Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы,
2006.

Интернеттен алынған
Әкімшілік құқық
Мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін заң
нормаларының жүйесі. Әкімшілік құқық бұзушылық қарым-
қатынастардың бір тарабы мемлекеттік басқару органдары немесе осы
органның лауазымды адамы, ал екінші тараптан мемлекеттік орган
мен лауазымды адамы, сонымен қатар жекелеген адамдар, қоғамдық
ұйымдар, ұжымдық қоғамдар болуымен сипатталады. Адамдардың
қызметі, олардың мінез-құлқы, сонымен қатар белгілі бір мүлкі
әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәні - ҚАНДАЙ қоғамдық қатынастар реттеледі
деген сұрақты қарастырады. Ал әкімшілік құқықтың әдістері - қоғамдық
қатынастарды ҚАЛАЙ реттеу қажеттілігін айқындайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық
тәртіпке азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына,
белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе
абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда
әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық
бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы,
кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі
немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі
әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
1. Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы,
кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның
құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер
бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа
әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өзiнiң әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң)
құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның зиянды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың
туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса,
әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.
27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң)
зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың
алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған және көре білген жағдайда,
олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау
мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп
танылады.
28-бап.
Әкiмшiлiк жауаптылыққа жататын тұлғалар
Әкiмшiлiк жауаптылыққа:
1) әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған,
ақыл-есi дұрыс жеке тұлға;
2) заңды тұлға жатады.
29-бап. Ақыл-естiң дұрыс еместігі

Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда
болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе
оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің
немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк
жауаптылыққа жатпайды.
30-бап. Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы

Лауазымды адам өз қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына
байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады.
Мұндай мән-жай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам
жалпы негiздерде жауаптылыққа жатады.
Ескертпе. Осы Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде тұрақты, уақытша немесе
арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған не
әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде мемлекеттiк мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың
субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімдік немесе
әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын немесе орындаған адамдар – лауазымды адамдар
деп танылады.
Әкiмшiлiк жаза ұғымы және түрлері
40-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы
1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк
берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар)
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн
қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып
табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған
тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы
Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың
шектелуін қамтиды.
2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған
тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық
тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ
құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да
жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу
мақсатында қолданылады.
3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами
қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның
iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.
4. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын
толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк
құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы
Кодекстiң 59-бабында көзделген тәртiппен
толтырылады.
41-бап. Әкiмшiлiк жаза түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар
қолданылуы мүмкін:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол
сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
4) арнайы құқықтан айыру;
5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен
алып тастау;
6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
8) әкімшілік қамаққа алу;
9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен
әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың
бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 5) және 7) тармақшаларында санамаланған әкiмшiлiк жазалар,
сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата
тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.
Тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы
Құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық пәнінің қатынастары
Әкімшілік құқыққа сипаттама
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада
Пәндер