КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ТАНУ
Презентация қосу
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ
ТАНУ
ОРЫНДАҒАН: КАЙРЛАЕВА УЛДАНАЙ
1. ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ТҮСІНІГІ, ТАНЫЛУЫ.
2. САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ, ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ
ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ЕСЕБІ.
3. ТАУАРЛАРДЫ, ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ЖҰМЫСТАРДЫ САТУ БОЙЫНША
ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ.
4. САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ САТУ
МЕН БАҒА ШЕГЕРІМДЕРІ
5. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ТАБЫСТЫ ТАНУ.
ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТАНЫЛУЫ.
6. КЕЗЕҢ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ.
7 . ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН БОЛАТЫН ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР.
8.ЭМИССИЯЛЫҚ КІРІС ЕСЕБІ.
КЭСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БОЛЫП КІРІСТІ ТАНУ
ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ СҮРАКТАРДЫ ШЕШУ ТАБЫЛАДЫ. БҮЛ СҮРАК
КЭСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖИЫНТЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ТЕРЕҢ
ҚАРАСТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ. ТАБЫСТЫ ТАНУДЫҢ ЖЕКЕ ШАРТТАРЫ:
ТАУАРДЫ ӨТКІЗУ:
1. МЕНШІК КҮКЫҒЫ САТЫП АЛУШЫҒА БЕРІЛЕДІ;
2. МЭМІЛЕМЕН БАЙЛАНЫСТЫ НАҚТЫ ЖЭНЕ КҮТІЛЕТІН ШЫҒЫНДАРДЫҢ
БАҒАЛАНУЫ ШЫНАЙЛЫҚТЫН ҮЛКЕН ДӘРЕЖЕСІМЕН ЖАСАЛАДЫ.
ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ:
3. МӘМІЛЕНІ БІТІРУ САТЫСЫ ЕСЕП БЕРУШІ КҮНГЕ ШЫНАЙЫЛЫҚТЫҢ ҮЛКЕН
ДӘРЕЖЕСІМЕН АНЫҚТАЛАДЫ;
4. МӘМІЛЕНІ ЖАСАУ БАРЫСЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЖЭНЕ МӘМІЛЕНІ АЯҚТАУ
ҮШІН ҚАЖЕТТІ ШЫҒЫНДАР ШЫНАЙЫЛЫҚТЫҢ ҮЛКЕН ДӘРЕЖЕСІМЕН
БАҒАЛАНАДЫ.
5. ПАЙЫЗДАР АКТИВТІҢ ТАБЫСЫН ЕСЕПТЕЙТІН УАҚЫТША ҚАТЫНАСЫ
НЕГІЗІНДЕ ТАНЫЛАДЫ.
6. ДИВИДЕНДТЕР АКЦИОНЕРДІҢ ОЛАРДЫ АЛУҒА ҚҮҚЫҒЫ АНЫҚТАЛҒАН КЕЗДЕ
ТАНЫЛАДЫ.
1. ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР ТҮСІНІГІ, ТАНЫЛУЫ.\
ТАБЫСТАР –БҰЛ АКТИВТЕРДІҢ КЕЛУІ МЕН ӨСУІ ЖОЛЫМЕН НЕМЕСЕ СУБЪЕКТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
НӘТИЖЕСІНДЕ ИІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ АЗАЮ ЖОЛЫМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ КӨБЕЮІ.
ШЫҒЫНДАР – БҰЛ АКТИВТЕРДІҢ АЗАЮЫ НЕ БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА, ТАУАРЛАРДЫ
ӨНДІРУ НЕ ЖЕТКІЗУ САЛДАРЫНАН ҚАРЫЗДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ЯҒНИ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ КӨБЕЮІ.
БАСҚАША АЙТҚАНДА, ШЫҒЫНДАР – БҰЛ ТАБЫС ТАБУ МАҚСАТЫНДА ТАУРЛАРДЫ ӨНДІРУГЕ НЕ
ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАР.
ПАЙДА - БҰЛ КӘСІПОРЫНҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕМЕС ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕСІНДЕ
КАПИТАЛДЫҢ ӨСУІ, БҰҒАН АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛҒА ЖАРНА ЖАТПАЙДЫ.
ЗИЯНДАР- БҰЛ КӘСІПОРЫНҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАРДАН КАПИТАЛДЫҢ АЗАЮЫ.
ТАНУ – КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІНДЕ БАПТАРДЫ ЕНГІЗУ ПРОЦЕСІ. ТАНУ ЕСЕПТІҢ ЖИЫНТЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ СОМАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУДЕН ТҰРАДЫ. ТАНУДЫҢ ТӨРТ КРИТЕРИЙІ : АНЫҚТАУ,
БАҒАЛАУ, МЕРЗІМДІЛІК, СЕНІМДІЛІК.
ТАБЫС - КӘСІПОРЫННЫҢ ӨЗІНІҢ САТЫП АЛУШЫЛАРЫНА ҚАНДАЙ ДА БІР УАҚЫТ КЕЗЕҢІ АҒЫМЫНДА
БЕРГЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ НЕМЕСЕ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫН АҚШАЛАЙ БЕЙНЕЛЕУ.
ТАБЫСТАР ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ КӨБЕЮІН (АҚША
ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ, БАСҚА ДА МҮЛІКТЕРДІҢ КЕЛІП ТҮСУІН, КІРІСКЕ
АЛЫНУЫН) ЖӘНЕ МІНДЕТЕТМЕЛЕРДІҢ АЗАЮЫ (ӨТЕЛІНУІ) НЕГІЗІНДЕ
КАПИТАЛДЫҢ КӨБЕЮІН, ЯҒНИ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЙДА ТАБУДЫ
АЙТАДЫ. МҰНДАЙ ТАБЫСТАРҒА : ДАЙЫН ӨНІМДЕР МЕН ТАУАРЛАРДЫ
САТУДАН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР; ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕН АЛЫНАТЫН
ТАБЫСТАР; ДИВИДЕНДТЕР, РОЯЛТИ ЖӘНЕ ПРОЦЕНТ ТҮРІНДЕ
АЛЫНАТЫН ЖӘНЕ Т.Б. ТАБЫСТАР ЖАТАДЫ.
АЛЫНҒАН ТАБЫСТАР ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІНЕ
ЖӘНЕ БАҒЫТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕН ЖӘНЕ НЕГІЗГІ
ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНҒАН ТАБЫСТАР БОЛЫП БӨЛІНЕДІ. НЕГІЗГІ
ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНҒАН ТАБЫСТАР МЕН НЕГІЗГІ ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕН
АЛЫНҒАН ТАБЫСТАРДЫҢ ҚОСЫНДЫСЫ ОНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСЫН
ҚҰРАЙДЫ.
2. САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ, ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ
ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ЕСЕБІ.САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ, ЖҰМЫСТАРДЫҢ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЕСЕПКЕ АЛУҒА 70 БӨЛІМШЕНІҢ 7010
«САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ, ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ) ӨЗІНДІК
ҚҰНЫ» ШОТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ. БҰЛ ШОТ БОЙЫНША ӨНІМ ӨНДІРЕТІН,
ЖҰМЫСТАР ІСТЕЙТІН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТЕТІН ЖӘНЕ БОСАТЫЛҒАН
ӨНІМДЕРДІҢ, ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ, КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ
НАҚТЫ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЕСЕПКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН. 7010 ШОТТЫҢ
ДЕБЕТІНДЕ САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ, ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ ДА, ЕСЕПТІ КЕЗЕҢНІҢ
АЯҒЫНДА ОСЫ ШОТТЫҢ КРЕДИТІНЕН 5610 «ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДА (ЗАЛАЛ)»
ШОТЫНЫҢ ДЕБЕТІНЕ ЖАЗЫЛАДЫ.
7010 «САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ, ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ) ӨЗІНДІК
ҚҰНЫ» ШОТЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ ЕСЕБІ САТЫЛАТЫН БҰЙЫМДАРДЫҢ,
ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. ТАЛДАУ ЕСЕБІ ҮШІН МАШИНОГРАММАЛАР НЕ
ВЕДОМОСТАР ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ, ОЛАРДА БІР АЙДАҒЫ ЖӘНЕ ЖЫЛ
БАСЫНАН БЕРГІ ӨНІМНІҢ, ЖҰМЫСТЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САНЫ МЕН
ӨЗІНДІК ҚҰНЫ КӨРСЕТІЛУІ ТИІС.
3. ТАУАРЛАРДЫ, ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ЖҰМЫСТАРДЫ САТУ БОЙЫНША
ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ.
ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМСАЛҒАН
ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУҒА 7110 ШОТ АРНАЛҒАН. БҰЛ ШОТТА САТУ БОЙЫНША
ЖҰМСАЛҒАН КӘСІПОРЫН ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ӨНІМ ЫДЫСТАРЫНА ЖӘНЕ ӨНІМДЕРДІ
ОРАУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАР КӨРСЕТІЛЕДІ. ЕГЕР ӨНІМДЕРДІ ЫДЫСҚА САЛУ ӨНІМ
ҚОЙМАҒА ТАПСЫРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫНА СӘЙКЕС ЖҮЗЕГЕ
АСЫРЫЛСА, ЫДЫСТАРДЫҢ ҚҰНЫН ӨНІМНІҢ ӨНДІРІСТІК ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА ЕНГІЗЕДІ,
ӨНІМДІ ЖӨНЕЛТЕТІН СТАНЦИЯҒА ДЕЙІН ТАСЫМАЛДАУ, ОНЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА
САТУ БОЙЫНША ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР; КОМИССИЯЛЫҚ АЛЫМДАР НЕМЕСЕ ШАРТ
БОЙЫНША ӨТКІЗУШІ ҰЙЫМДАРҒА ӨНІМДІ ӨТКІЗГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ШЫҒЫНДАР;
ӨНІМДІ ӨТКЕЗГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚОЙМАНЫҢ ҰСТАЛУЫ;САТУШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК АҚЫСЫ МЕН АУДАРЫМДАР; ЖАРНАМАҒА ЖӘНЕ ӨТКІЗУГЕ
АРНАЛҒАН ШЫҒЫНДАР; ӨТКІЗУШІГЕ ЖӘНЕ ДЕЛДАЛДЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТӨЛЕНЕТІН
КОМИССИЯЛЫҚ АЛЫМДАР; ӨНІМДЕРДІ ӨТКІЗУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БАСҚА ДА
ШЫҒЫНДАР.
САТЫЛАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ ЕСЕБІНЕН
ӨТЕЛЕТІН БОЛСА, БҰЛ ШЫҒЫНДАР 7110 ШОТТА КӨРСЕТІЛМЕЙДІ, ТЕК ҚАНА
ҚОСАЛҚЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӨНДІРІСТЕР МЕН
ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ РЕТІНДЕ КІРІСКЕ АЛЫНАДЫ.
ӨНІМДЕРДІ САТУҒА ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАРДЫҢ БАПТАРЫ БОЙЫНША
ТАЛДАУ ЕСЕБІН ӨНІМДІ САТУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ
ТІЗІМДЕМЕСІНДЕ НЕМЕСЕ МАШИНОГРАММАДА КӘСІПОРЫН БЕКІТКЕН
БАПТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
ӨНІМДЕРДІ ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСЫ БАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЖАЛАҚЫ
ЕСЕПТЕЛГЕНДЕ: ДЕБЕТ ШОТ 7110 КРЕДИТ ШОТ 3350.
ЖАРНАМАҒА, ҚОЙМАНЫҢ КҮТІЛУІНЕ, КОМИССИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА
ШЫҒЫНДАРДЫ ТӨЛЕУГЕ ШОТ-ФАКТУРА ҚАБЫЛДАНҒАНДА: ДЕБЕТ ШОТ 7110
КРЕДИТ ШОТ 3310, ШОТҚА ЕНГІЗІЛГЕН ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ СОМАСЫНА:
ДЕБЕТ ШОТ 1420 КРЕДИТ ШОТ 3310.
ӨТКІЗУ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР БОЙЫНША АМОРТИЗАЦИЯ ЕСЕПТЕЛДІ: ДЕБЕТ ШОТ 7110
КРЕДИТ ШОТ 2741, 2421.
ЕСЕПТІ КЕЗЕҢ СОҢЫНДА ЕСЕПКЕ АЛЫНҒАН ШЫҒЫНДАР ТАБЫС (ЗИЯН)
ШОТЫНА КӨШІРІЛЕДІ: ДЕБЕТ ШОТ 5610 КРЕДИТ ШОТ 7110.
САТЫП АЛУШЫЛАРҒА ЖАСАЛҒАН САТУ ШЕГЕРІМДЕРІНІҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ШАРТТА
ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰЖАТТАРДА АЙТЫЛЫП, ЕСЕП АЙЫРЫСУ-ТӨЛЕМ ҚҰЖАТТАРЫНДА
КӨРСЕТІЛУІ КЕРЕК. 6030 ШОТ БОЙЫНША ЖЫЛ БАСЫНАН ЖАСАЛҒАН
АЙНАЛЫМДАР ЖИНАҚТАЛҒАН ТІЗІМДЕМЕДЕ НЕМЕСЕ МАШИНОГРАММАЛАРДА
ШЕГЕРІМНІҢ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ЖЫЛ АЯҒЫНДА БҰЛ ШОТ
ЖАБЫЛАДЫ, ОНДА ҚАЛДЫҚ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК.
БАҒА ШЕГЕРІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУГЕ 6030 АРНАЛҒАН. ЖЕҢІЛДІКТЕР ТАУАР
БАҒАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ НЕМЕСЕ ҰЙҒАРЫМДЫ БАҒАСЫНА ҚАРАҒАНДА ТӨМЕНДЕТІЛУІ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖЕҢІЛДІКТЕР ПРОЦЕНТ ТҮРІНДЕ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР СОМАДА
БОЛАДЫ.
ШЕГЕРІМДЕРДІҢ ІС ЖҮЗІНДЕ КЕЛЕСІДЕЙ ТҮРЛЕРІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ:
- АЛЫНАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАҒА ЖЕҢІЛДІГІ ТАУАРДЫ 1
ЖЫЛҒА ҰЙҒАРЫМДЫ КӨЛЕМІНЕ ҚАРАҒАНДА КӨБІРЕК САТЫП АЛУШЫЛАР ҮШІН
ЖАСАЛАДЫ;
- УАҚЫТПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАСАЛАТЫН ЖЕҢІЛДІКТЕР НЕГІЗІНЕН МАУСЫМДЫҚ
СИПАТЫ КӨПШІЛІК СҰРАНЫСЫ БАР ӨНІМ САУДА САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
БАҒА ЖЕҢІЛДІКТЕРІ;
- САНДЫҚ ЖЕҢІЛДІК ТАПСЫРЫСТЫҢ КӨЛЕМІНЕ ЖӘНЕ САЛАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
БАҒА ЖЕҢІЛДІГІ;
- АРНАЙЫ ЖЕҢІЛДІК БЕЛГІЛІ БІР ЖАБДЫҚТАУШЫМЕН КӨПТЕН БЕРІ БАЙЛАНЫСЫ
БАР ЖӘНЕ БАСҚА ЕРЕКШЕ ҚАТЫНАСТАҒЫ САТЫП АЛУШЫЛАРҒА ЖАСАЛАТЫН
БАҒА ЖЕҢІЛДІГІ.
4. САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ САТУ МЕН
БАҒА ШЕГЕРІМДЕРІСАТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫ, САТУ ЖӘНЕ
БАҒА ШЕГЕРІМДЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖИНАҚТАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ШОТТАР
АРНАЛҒАН: 6020 «САТЫЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫ», 6030 «БАҒА ЖӘНЕ
САТУ ШЕГЕРІМДЕРІ».
6020 ШОТТА ТАУАРЛАРДЫ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАЙТАРУЫ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТТАРДЫ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН. 6030 ШОТТА САТУ ШЕГЕРІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ
ЖҮРГІЗІЛЕДІ. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕГІ ЕСЕП
АЙЫРЫСУЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСҚАН ТӘЖІРИБЕСІНДЕ САТУ ШЕГЕРІМДЕРІНІҢ
КЕЛЕСІДЕЙ ТҮРЛЕРІН ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ:
-НАҚТЫ ТӨЛЕМ ҮШІН ШЕГЕРІМ ШОТТЫ НАҚТЫ АҚШАЛАЙ САТЫП АЛАТЫН
САТЫП АЛУШЫЛАРҒА ЖАСАЛАДЫ.
-СКОНТО ШЕГЕРІМДЕРІ БАҒАЛЫҚ ШЕГЕРУЛЕР ШАРТТА НЕМЕСЕ ЖАБДЫҚТАУШЫ
ШОТЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІНМЕРЗІМНЕН БҰРЫН ТӨЛЕГЕН САТЫП АЛУШЫЛАРҒА
ЖАСАЛАДЫ.
-ДИЛЕРЛІК ШЕГЕРІМДЕР ТАУАРЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРАТЫН АГЕНТТЕРГЕ ЖӘНЕ
ДЕЛДАЛДАРҒА ЖАСАЛАДЫ.
-ЖАБЫҚ ШЕГЕРУЛЕР ТҰЙЫҚТАЛҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДЕ
АЙНАЛЫСТА БОЛАТЫН , ӨНІМНІҢ САТЫЛҒАН КӨЛЕМІНЕН ШЫҒАТЫН
ТАУАРЛАРДЫ САТҚАНДА ЖАСАЛАДЫ. ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫНДАҒЫ ШЕГЕРУЛЕР
ӨНДІРУШІ ТАУАРЛАРДЫ САТУ , ТАСЫМАЛДАУ, САҚТАУ, КҮЗЕТУ, ЕСЕПКЕ АЛУ
ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ЖАСАЙДЫ.
6030 ШОТ БОЙЫНША САТЫП АЛУШЫЛАРҒА ЖАСАЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕРІНІҢ
ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ ТАЛДАУ ЖАСАЛАДЫ. ТАЛДАУ ЕСЕБІ ҮШІН ТІЗІМДЕМЕ
НЕМЕСЕ МАШИНОГРАММА ЖҮРГІЗІЛЕДІ, ОНДА ЖЫЛ БАСЫНАН ЖАСАЛҒАН
ЖЕҢІЛДІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІНЕ ДЕБЕТТІК АЙНАЛЫМДАРЫ БОЙЫНША
ЖИНАҚТАЛАДЫ. ЖЫЛ АЯҒЫНДА 6030 ШОТ ЖАБЫЛАДЫ.
ЖАСАЛҒАН БАҒА ЖЕҢІЛДІКТЕРІ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗАТЫН ШОТ-
ФАКТУРАСЫНДА КӨРІНІС ТАБУЫ КЕРЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ НАҚТЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУДІҢ ЕСЕБІ ЖАСАЛАДЫ.
5. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ТАБЫСТЫ ТАНУ.
ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТАНЫЛУЫ.ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН ТАБЫСТАРДЫ
ТАНУДЫҢ ТӨРТ ӘДІСІ БАР:
НАҚТЫ ОРЫНДАУ;
ПРОПОРЦИОНАЛЬДІ ОРЫНДАУ;
АЯҚТАЛҒАН ОРЫНДАУ;
ИНКАССАЦИЯ.
ШАРУАШЫЫҚ СУБЪЕКТІСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН
ТАБЫСТАРЫ- ДЕП КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНДІРІСІ
ШЫҒАРҒАН ТАУАРЛАРДЫ САТУДАН, КӨРСЕТКЕН ҚЫЗМЕТТЕРДЕН , СОНДАЙ-АҚ
ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫНДА ТАПҚАН ТАБЫСТАРЫ САНАЛАДЫ.
СУБЪЕКТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 6010
«ДАЙЫН ӨНІМДІ (ЖҰМЫСТЫ, ҚЫЗМЕТТІ) САТУДАН ТҮСКЕН ТАБЫС» ШОТЫНДА
ЖҮРГІЗІЛЕДІ. БҰЛ ШОТТА НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРДЕН АЛЫНҒАН ТАБЫСТАРЫ
ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРДЫ ЖИНАҚТАП, ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЙДЫ. БҰЛ ШОТ
ПАССИВТІ ШОТ, СОНДЫҚТАН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ БАРЫСЫНДА
АЛАТЫН ТАБЫСТАРЫНА 1210, 1220, 1230, 1284, 1010, 1030 ШОТТАРЫНЫҢ
ТИІСТІЛЕРІ ДЕБЕТТЕЛІП, 6010 ШОТ КРЕДИТТЕЛЕДІ. СУБЪЕКТІНІҢ ӨТКЕН
КЕЗЕҢДЕ АЛҒАН, БІРАҚ ЕСЕПТІ КЕЗЕҢНІҢ ТАБЫСЫ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛІНЕТІН
СОМАЛАРЫНА 3520 «АЛДАҒЫ КЕЗЕҢДЕРДІҢ ТАБЫСЫ» ШОТЫ ДЕБЕТТЕЛІП,
6010 ШОТ КРЕДИТТЕЛЕДІ.
НЕГІЗГІ ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕН ТАБЫСТАР МАТЕРИАЛДЫ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ,
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ, БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖӘНЕ Т.Б. ӨТКІЗУДЕН
АЛЫНАДЫ. МҰНДАЙ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АТҚАРУЫ, ЖҰМЫС ІСТЕУІ БАРЫСЫНДА
АЛЫНҒАН ТАБЫСТАРЫ 6210 «АКТИВТЕРДІ САТУДАН ТАБЫСТАР», 6110
«СЫЙАҚЫЛАР БОЙЫНША КІРІСТЕР», 6250 «БАҒАМДЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАН
ТҮСКЕН ТАБЫС», 6280 «БАСҚА ДА ТАБЫСТАР» ШОТТАРЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
6210 ШОТТА МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІ, НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ,
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ САТУДАН ТАБЫСТАР ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ. ҚҰНДЫ
ҚАҒАЗДАРДЫ, АКЦИЯЛАР БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕР ЖӘНЕ ПРОЦЕНТТЕР
ТҮРІНДЕГІ ТАБЫСТАР ЕСЕБІ 6110 ШОТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ. БАҒАМДЫҚ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАН ТҮСКЕН ТАБЫСДЫҢ ЕСЕБІ ҮШІН 6250 ШОТ АРНАЛҒАН.
АТҚАРУШЫ ӨКІМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ СУБСИДИЯЛАРЫ 6280 ШОТЫНДА
ЕСЕПТЕЛЕДІ. ЖЫЛ СОҢЫНДА ТАБЫСТАР ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР ШОТТАРЫ
ЖАБЫЛУЫ КЕРЕК.
6. КЕЗЕҢ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ.КӘСІПОРЫНҒА ТҰТАСТАЙ АЛҒАНДА
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨНДІРІСТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЛПЫ ШЫҒАТЫН ШЫҒЫНДАР ЖАЛПЫ ЖӘНЕ
ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫНДАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰЛ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ 7210
«ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫНДАР» ШОТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ, ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК
ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛАТЫН ТІЗІМДЕМЕДЕ НЕМЕСЕ МАШИНОГРАММАЛАРДА
ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ОҒАН ЖАЗБАЛАРДЫ КӘСІПОРЫН БЕКІТКЕН БАПТАРДЫҢ
НОМЕНКЛАТУРАСЫНА ҚАРАЙ ЖӘНЕ ӘЗІРЛІК КЕСТЕЛЕРІ МЕН ҚҰЖАТТАРЫНАН
КОРРЕСПОНДЕНЦИЯЛАНАТЫН ШОТТАР БОЙЫНША ЖАЗАДЫ.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР БОЙЫНША АМОРТИЗАЦИЯ ЕСЕПТЕЛГЕНДЕ:
ДЕБЕТ ШОТ 7210 КРЕДИТ ШОТ 2741
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУЫ ЕСЕПТЕЛДІ: ДЕБЕТ ШОТ 7210 КРЕДИТ ШОТ 2421
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫНДАРҒА ШИКІЗАТ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАР
ЖҰМСАЛДЫ:
ДЕБЕТ ШОТ 7210 КРЕДИТ ШОТ 1310
ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕПТЕЛГЕНДЕ: ДЕБЕТ ШОТ 7210
КРЕДИТ ШОТ 3350
ЕСЕПТІ КЕЗЕҢНІҢ СОҢЫНДА ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ СОМАСЫ
ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ КӨШІРІЛІП ЖАЗЫЛАДЫ: ДЕБЕТ
ШОТ 5610 КРЕДИТ ШОТ 7210.
7 . ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН БОЛАТЫН ТАБЫСТАР МЕН
ШЫҒЫНДАР.
ТОҚТАТЫЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДАН ТҮСКЕН ТАБЫСТАР НЕМЕСЕ ЗИЯНДАРДЫ
ЕСЕПКЕ АЛУҒА 7510 «ТОҚТАТЫЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДАН КЕЛГЕН
ШЫҒЫНДАР» ШОТЫ АРНАЛҒАН. БҰЛ ШОТТА ТАБИҒАТ АПАТТАРЫНАН ТҮСКЕН
ӨТЕЛМЕЙТІН ЗИЯНДАР, Т ОҚТАТЫЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАРДАН КЕЛГЕН
ЗИЯНДАР, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ТҮСКЕН БАСҚАДАЙ ЗИЯНДАР
ЕСЕПТЕЛЕДІ.
ТАБИҒАТ АПАТТАРЫНАН КЕЛЕТІН ӨТЕЛМЕЙТІН ЗИЯНДАР (7510 ШОТ)
ПОТЕНЦИАЛДЫ САҚТАНУШЫ МҮЛКІН, КӘСІПКЕРЛІК ҚАУПІН ЖӘНЕ
БАСҚАЛАРДЫ САҚТАНДЫРУҒА ШАРТ ЖАСАҒАН ЖАҒДАЙДА БОЛАДЫ.
7510 ШОТТА САҚТАНУШЫ МҮЛІКТІ, КӘСІПКЕРЛІК ҚАУІПТІ САҚТАНДЫРУҒА
ШАРТ ЖАСАСЫП, БІРАҚ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН
ОРЫНДАМАҒАНДА ПАЙДА БОЛҒАН ЗИЯНДАР ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ.
ТАБИҒАТ АПАТЫ САЛДАРЫНАН КӘСІПОРЫН ЖЕКЕЛЕГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА
ТАБЫС АЛА АЛАДЫ. МЫСАЛЫ, ЕГЕР САҚТАНДЫРУШЫ ІСТЕН ШЫҚҚАН
МҮЛІКТІҢ ҚАЛДЫҚ ҚҰНЫНЫҢ ОРНЫН ТОЛЫҚ ТОЛТЫРСА, ОНДА КӘСІПОРЫН
ОНЫ БӨЛШЕКТЕУДЕН БІРШАМА КІРІС АЛАДЫ, БҰЛ КІРІСТІ БУХГАЛТЕРЛІК
ЕСЕПТЕ ЖОЮ ҚҰНЫ ДЕП АТАЙДЫ.
ТОҚТАТЫЛҒАН (7510 ШОТ) ОПЕРАЦИЯЛАР ПАЙДАЛАНЫП ЖҮРГЕН АКТИВТІ
САТУ НЕМЕСЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӨНДІРІСТІК НЕ САУДА
ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖЕКЕЛЕГЕН МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ БАР ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТОҚТАТУ
НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛАДЫ. МҰНДАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ, АКТИВТЕР, МІНДЕТТЕМЕЛЕР, ТАЗА ТАБЫС НЕ ЗИЯН
АНЫҚТАЛЫП БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ КӨРІНІС ТАБАДЫ.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕГЕНІМІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ӘДЕТТЕГІ ҚЫЗМЕТІНЕН
ӨЗГЕШЕ ОҚИҒАЛАРЫ НЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ
САЛДАРЫНАН КЕЛГЕН ТАБЫСТАР НЕМЕСЕ ЗИЯНДАР ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕ БӨЛЕК КӨРСТЕІЛЕДІ.
ӘРБІР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ МӘНІ МЕН СОМАСЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ
БЕРІЛЕТІН ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАДА АШЫЛУҒА ТИІС.
7510 ШОТТА ЕСЕПКЕ АЛЫНҒАН ТАБЫСТАР МЕН ЗИЯНДАР ЖЫЛДЫҢ АЯҒЫНДА
5610 ШОТТЫҢ ДЕБЕТІ МЕН КРЕДИТІНЕ КӨШІРІЛІП ЖАЗЫЛАДЫ.
8. ЭМИССИЯЛЫҚ КІРІС ЕСЕБІЭМИССИЯЛЫҚ КІРІС ДЕГЕНІМІЗ -
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ӨЗ АКЦИЯЛАРЫН ОЛАРДЫҢ АТАУЛЫ (НОМИНАЛДЫ)
БАҒАСЫНАН ЖОҒАРЫ БАҒАҒА САТУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТҮСКЕН СОМАСЫ
(ЭМИССИЯЛЫҚ КІРІСІ). МҰНДАЙ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ 5110 «ЭМИССИЯЛЫҚ
КІРІС» ШОТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ. БҰЛ ШОТТЫҢ КРЕДИТІ БОЙЫНША
АКЦИЯЛАРДЫҢ НАҚТЫЛЫ ҚҰНЫНАН ОЛАРДЫ САТУДЫҢ НАҚТЫ ҚҰНЫНЫҢ
АСҚАН АРТЫҚ СОМАНЫҢ ТҮСУІНЕ ҚАРАЙ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ
АЛУ ШОТТАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ 1280 «ӨЗГЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ
БЕРЕШЕК» ШОТЫНЫҢ ДЕБЕТІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ.
ЭМИССИЯЛЫҚ КІРІС ШОТЫ АКЦИОНЕРЛЕРМЕН ДИВИДЕНД ТҮРІНДЕГІ
БӨЛУГЕ ЖАТПАЙДЫ. БАСҚАША АЙТҚАНДА, ЭМИССИЯЛЫҚ КІРІСТІҢ
АҚШАЛАЙ ЭКВИВАЛЕНТІ АЛЫНҒАННАН КЕЙІН ОЛ КОМПАНИЯДА ҚАЛАДЫ.
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ КАССАСЫНА ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК
ШОТТАРЫНА МЕНШІКТІ АКЦИЯЛАРЫН САТҚАННАН ОЛАРДЫҢ НАҚТЫЛЫ
ҚҰНЫНАН АСҚАН АРТЫҚ СОМА ТҮСКЕН КЕЗДЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
ШОТТАРЫНДА КЕЛЕСІДЕЙ ЖАЗУЛАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ:
ДТ ШОТ 1010, 1030 КТ ШОТ 5310
САТЫЛҒАН АКЦИЯЛАР ҮШІН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚҰЖАТТАРЫН ТӨЛЕУГЕ
ҰСЫНҒАНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫНДА КЕЛЕСІДЕЙ ЖАЗУЛАР
ЖҮРГІЗІЛЕДІ:
ДТ ШОТ 1280 «ӨЗГЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК» (ТӨЛЕУ
МЕРЗІМІ 1 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БОЛСА)
2180 «ӨЗГЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК» (ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ 1
ЖЫЛДАН АСҚАНДА)
КТ ШОТ 6210, 6213, 5310
МЕНШІКТІ АКЦИЯЛАРДЫ САТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ШЫҒЫНДАР
(АНДЕРРАЙТЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ, ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ, ЖАРНАМА
ЖАСАУШЫҒЫНДАРЫ, БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА АНДЕРРАЙТЕРЛЕРДІҢ
ҚАТЫСУ ҮШІН АЛЫМДАР ЖӘНЕ Т.Б.) 7410 «АКТИВТЕРДІҢ ІСТЕН ШЫҒУЫ
БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР» ШОТЫНА ЕСЕПКЕАЛЫНАДЫ. ТЕК БҰЛ ШОТҚА
ҚОСЫМША 7413 «ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІҢ ІСТЕН ШЫҒУЫ БОЙЫНША
ШЫҒЫНДАР» ШОТЫН АШУ КЕРЕК. МҰНДА ШОТТАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ КЕЛЕСІ
ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ:
- АНДЕРРАЙТЕРЛЕРГЕ НЕМЕСЕ АКЦИЯЛАРДЫ САТУМЕН ШҰҒЫЛДАНАТЫН
ТҰЛҒАЛАРҒА ЕСЕПТЕЛГЕН ЕҢБЕК АҚЫ СОМАСЫНА ЕСЕП АЙЫРЫСУ-ТӨЛЕМ
ТІЗІМДЕМЕСІНЕ СӘЙКЕС:
ДТ ШОТ 7410, 7413 КТ ШОТ 3350
ЕСЕПТЕЛГЕН ЕҢБЕК АҚЫ СОМАСЫНАН ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АУДАРЫМДАР СОМАСЫНА:
ДТ ШОТ 7410,7413 КТ ШОТ3150, 3210
- ЖАРНАМА ЖАСАУҒА ТӨЛЕНГЕН ШЫҒЫНДАР, ӘРТҮРЛІ АЛЫМДАР ЖӘНЕ
АКЦИЯЛАРДЫ САТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БАСҚАДА ШЫҒЫНДАР СОМАСЫНА
ШЫҒЫС КАССА ОРДЕРЛЕРІНЕ, АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТТАРДЫҢ ЖАЗБАША
ҮЛГІЛЕРІНЕ СӘЙКЕС:
ДТ ШОТ 7410, 7413 КТ ШОТ 1010, 1030
ЭМИССИЯЛЫҚ КІРІСТЕРДІ МЕКЕМЕНІҢ АҒЫМДАҒЫ МҰҚТАЖДЫҒЫНА
ПАЙДАЛАУҒА БОЛМАЙДЫ. ОЛАР БЕЛГІЛЕНГЕН ТӘРТІПТЕ, ӘДЕТТЕГІНДЕЙ,
ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҰЛҒАЙТУҒА ЖӘНЕ МЕНШІКТІ АКЦИЯЛАРДЫ
САТУДАН ПАЙДА БОЛҒАН ЗИЯНДАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУҒА, ЯҒНИ МЕНШІКТІ
АКЦИЯЛАРДЫ САТУДЫҢ НАҚТЫ ҚҰНЫ ОЛАРДЫҢ НАҚТЫЛЫ ҚҰНЫНАН ТӨМЕН
БОЛҒАНДА ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz