Шешекті балау


Slide 1

Семей 2022 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы

Шешек

Орындаған: Кенесханова А. Б

Тобы: ВС-801

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Қоздырушысы. Шешекті балау

Патологиялық материалды алу

Өтуі мен симптомдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Шешек

Шешек (Variola, оспа) - интоксикация, безгектену, кiлегей кабыктары мен терiде бөртпелердiн пайда болу белгiлерiмен ерекшеленетин аса жутымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық aуру. Шешекпен адам да ауырады. Aуру коздырушысы Proxviridae тукымдастығынан 3 турi бар: Carpipoxvirus (ешкi мен койдын табиги шешеri), Suipoxvirus (доныз шешегi), Avipoxvirus (тауык, көгершін шешегi) . Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.

Slide 4

Қоздырушысы

Шешек вирустары Рохviridае (ағылшынша рох-шешек) тұқымдастығының Сһоrdорохvіrіпае тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.

Ортопоксвирустардың негізгі түрі - вакцина вирусы, басқа түрлері -тышқанның, үй қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің, маймылдың шешегінің және адамның табиғи шешегінің вирустары. Ескеретін жай

- бұл вирустардың аталуы адамның өзіне тән, яғни табиғи шешегі және сиырдан

жұғатын, яғни вакцина (vасса - сиыр) шешегіне (синонимы вакциния) байланысты.

Slide 5

Койдың, ешкінің, шошқаның және тауықтың шешек вирустары өз иелері үшін ғана зардапты. Зардаптылық спектрі кең ауқымды болып, сиыр, бүйвол, жылқы, қашар, түйе, қоян, маймыл және адамның шешек вирусы жатады. Әр түрлі құстардың шешек вирустарының бір-бірімен антигендік қатынасы жақын болады.

Шешек вирустарының сыртқы ортадағы төзімділігі жоғары емес. Әйтседе, құрғақ қабыршақтарда 1, 5 жылға дейін сақталады, Мұздату вирусты консервілейді. Шіріген затта тез өледі, жоғары температураға, күн сәулесіне, қышқылдарға өте сезімтал. Қойдың шешегінің қоздырушысы мал қорада 6 айға дейін, жүнде 2 айдан астам сақталады. Қайнатқан кезде бірден, 70°С-ға қыздырғанда 5 минутта, рН 3-3, 6 аралығындағы қышқыл ортада 1 сағатта өледі. Биотермиялық процесс көңді 28 күн ішінде зарарсыздандырады.

Slide 6

Шешекті балау

Iндет алғаш рет орын алған шаруашылыкта аурудын тубегейлi балауы iндеттанулык, клиникалык, лабораториялык әдiстердi жуйелi турде колдану аркылы койылады. Iндеттанулық талдау жургiзгенде шешектiн жануарлар мен құстардағы таралу ерекшелiктерiне мән берiледi. Мысалы, iндет сиыр малынын арасында байқалса, адамдардын вакцинамен егілгендігі аныкталады. Доныз бен құстын шешегi жәндіктер арқылы таралатындығы ескерiледi.

Slide 7

Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде розеолдар (қызарған дақтар) ; 1-3 күн аралығында папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы) ; 5-6 күнде сарысуға толған күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді) ; келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы) ; 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады.

Клиникалық балау

Slide 8 Slide 9

Індеттен таза шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы расталынады.

Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.

Slide 10

Шешек вирусындағы қарапайым денешіктер Морозов әдісімен бояғанда қою қоңыр туске боялады

Slide 11

ТАУЫҚ ЭМБРИОНЫН ЗАҚЫМДАУҒА ДАЙЫНДАУ

Тауық эмбрионын вирустарды өсіру үшін тірі жүйе ретінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап тәжірибеде қолданыла бастады. Инкубаториядан әкелінген эмбриондарды лабораторияда темостатта 37˚C жылылықта ұстайды. Эмбриондарды арнайы штативтерде ауа қуысын жоғары қаратып орналастырады. Зақымдау мына тәртіпте жүргізіледі:

1. Эмбриондарды овоскоптан (7 сурет) өткізіп, тіршілігін анықтайды. Эмбрион жиі қозғалыста болса және қан тамырлары толық болса, онда оны тірі деп есептейді.

2. Графит қарандашпен ауа кеңістігін, эмбрионның орнын және қан тамырынсыз бөлікті белгілейді.

3. Эмбрион қабығын йодты спиртпен тазалайды және спирт тампонмен жалындатып алады.

Slide 12

ХОРИОНАЛЛАНТОИС ҚАБЫҒЫНА ( ХАҚ) ЕГУ

Бұл әдісті шешек, инфекциялық ларинготрахеит, оба, Ауески ауруы, қойдың катаральді қызба және т. б. вирустарын бөліп алу үшін қолданады. Хорионаллантоис қабығын зақымдау екі әдіспен жүргізіледі:

1. ХАҚ табиғи ауа қуысы арқылы зақымдау. Бұл үшін, эмбрионды жұмыр жағын жоғары қаратып орналастырып, ауа куысының ортасынан көлемі 15-20 мм тесік жасалынады. Арнайы қысқышпен жарғақ қабықшаны ашып сол жерге вирустық материалам тамызады (9 сурет) . Материал енгізілген тесікті лейкопластрмен бекітіп эмбрионды термостатқа орналастырады.

Slide 13

Тауық эмбрионының ХАҚ табиғи ауа камерасы арқылы егу.

Slide 14

ХАҚ жасанды ауа камерасы арқылы зақымдау. Бұл үшін жұмыртқаны штативке эмбрионын үстіңгі жағына қаратып горизонтальді қалыпта орналастырады. Қатты қабықтың екі жерінен тесік теседі - бірі ауа қуысының ортасынан (ондағы ауаны сорып алу үшін), екіншісі - эмбрионның тұсынан. Екінші тесікті тескенде өте мұқияттылықпен қатты қабықгы ашып алу керек. Содан кейін ХАҚ-ті жаралап алмай жарғақ қабықгы ысырып ауа кіретіндей мүмкіндік жасайды. Резина сорғышпен табиғи ауа камерасының ауасын сорып алады. Бүйір тесік арқылы сырттан енген ауа жасанды қуыс жасайды, қуыстың түбі хорионаллантоис қабығы болып келеді. Бүйір тесік арқылы жасанды ауа қуысына зерттелінетін материалды тамызады. Тесікті лейкопластрмен бекітіп жоғары қаратып горизонталь күйінде термостатқа қояды.

Slide 15

Зақымдалған эмбриондарды, вирустардың түріне байланысты, бірнеше тәулік бойы инкубациялайды (2 күннен -8 күн аралығында) . Белгілі мерзім өткен соң эмбриондарды 3-4 сағат тоңазытқышта ұстап арнайы жарып олардан вирустық материал алады.

Тауық эмбрионында вирустың өсіп-өнгендігін мына белгілерден білеміз:

І. Эмбрионның болжап отырған вирусқа сәйкес мерзімде өлуі.

2. Эмбрионның әр түрлі анатомиялық қүрылыс бөліктерінде пайда болған патанатомиялық өзгерістердің болуы. Мысалы - ХАҚ-тың ісінуі, қанталауы, түйіншіктердің (оспина) пайда болуы, эмбрионның өспей қалуы.

Кейбір вирустар өсіп-өнгенде эмбрионда ешқандай морфологиялық өзгерістер туғызбайды. Ал бұндай вирустардың эмбрионда бар -жоғын гемагглютинация реакциясының көмегімен (ГАР) анықтайды. Эритроциттердің бір-біріне жабысып агглютинациялануын вирустық суспензия мен эритроциттердің тамшыларын шыны бетінде араластырып көруге болады

Slide 16

Вирустық материал ретінде сарыуыз қабын алу үшін оны Петри табақшасына жеке салып қайшымен кескілеп физиологиялық ерітіндімен жуып шаяды.

Эмбрионнан алынған вирустық материалдардың бактериологиялық тазалығын тексеру үшін ЕПА, ЕПС, ЕПБС және Сабуро қоректік орталарына себеді. Вирустық материалды минус 25 градуста тоңазытқышта сақтайды.

Шешек вирусымен егілген тауық эмбрионының оспиналар түйіндер

Slide 17

Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал алмас бұрын шешектің әртірлі кезеңіндегі жарақаттардың (везикула папула, пустула) беті спирттелген немесе эфирленген дәкемен сүртіледі. Везикуланың сұйығы, папула мен пустуланың қырындылары Пастер түтігіне алынып, түтіктің аузы қыздырылып дәнекерленеді. Жарақаттардан төсеніш әйнектерге де жағынды дайындалады. Алынған патологиялық материалдар жаз айларында міндетті түрде мұзы бар термоспен жіберілуі қажет.

Гистологиялық зерттеуге алынған материал ішінде 50%-ды глицерин, 10%-ды формалин ерітінділері бар пиала сауытқа салынып жіберіледі.

Патологиялық материалды алу

және оны зерттеу әдістері

Slide 18

Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртібі. Материал шыны келіде келсаппен ұнтақталынады. ұнтақтан физ. ерітіндіде 10%-ды езінді дайындалып, центрифуганың 2500 айн/мин 10-15 минут айналдырады. Тұнбаның бетіне түзілген мелдір сұйық бөлініп алынып, үстіне пеницилин, стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 4°С 8-12 сағат ұсталынады. Биологиялық сынама вакцина егілмеген жануарлар мен құстарға ғана қойылады. Оларға жоғарыда көрсетілген тәртіппен дайындалған материял физиологиялық ерітіндіде сұйытылып (1:1) әртүрлі жолмен жұқтырылады. Қой мен ешкінің құйрығының астының тері ішіне, доңыздың бүйіріне енгізеді. Тауық балапандарының бірнеше мамығы жұлынып, орындары щетканың көмегімен дайындалған материалмен ысқыланады. Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған тері аймақтарында ауруға тән жарақаттар байқалып, вирусологиялық әдістер оң нәтиже көрсетсе лабораториялық зерттеу доғарылып шешектің нақтылы балауы қойылады.

Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртібі

Slide 19

Өтуі мен симптомдары

Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекшеліктеріне, жасына, вирустың уыттылығына, денеге енген жолына байланысты шешектің клиникалық байқалуы әр алуан болып келеді. Сондықтан да шешек сүт қоректі жануарларда үзікті, тұтасқан және қанталаған түрде кездеседі.

Үзікті түрде шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан өтпестен тез жоғалып кетеді. Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы да аса көтерілмей ауырған мал тез сауығады,

Тұтасқан түрі кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір-бірімен қосылып қолдырап тұрады.

Кейіннен қабыршақтанып, оның астына ірің жиналады. Тұтасқан шешек кезінде дененің ыстығы жоғарылап, жануардың жалпы күйі нашарлайды.

Қанталаган, немесе қара шешек кезінде пустулалардың іші мен тері қаңталап, жануардың танауынан қан кетіп, қан құсып, ішінен қан өтеді. Мал тез арып, өліп кетеді. Сиырда шешектің екі түрлі вирусы ауру қоздырады: бірі - cow оrtһорохvirus сиырдың нағыз шешегін, ал екіншісі vассіпа оrtһорохvirus ваксина шешегін, яғни вакцинияны, қоздырады. Вакциния сиырдың нағыз шешегінен гөрі жеңілірек өтеді. Сиырда шешектің жасырын кезеңі орта есеппен 5 күндей.

Slide 20

Қойда (қоздырушысы - Sһеер сарrіорохvirus) жасырын кезеңі 7-8 күн. Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, селсоқтанып, жемшөпке зауқы болмайды. Көбінесе катарлы конъюнктивит, ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабактары домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде, басында шешек шыға бастайды. Алдымен пайда болған розеола қара қошқылданып, өліеттеніп шеті қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген папулаға айналды. Оның бетіндегі эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған қызылшақа тері көрінеді.

Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып түскен қабышақтардың орнында ақтаңдақтар пайда болады. Егер терінің астыңғы қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созылады да, зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші әдетте 2-3% шамасында. Тұтасқан, әсіресе, қанталаған, шешек кезінде ауырған малдың өлімі 100% дейін жетуі мүмкін.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Құстардың шешек ауруы
Індеттанулық балау
Вакциналар
Биопрепараттар. Биопрепараттың түрлері
Тауық шешегінің вирусы
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАУ
Ауруды ажыратып балау
Адам және жануарлардың вирустық инфекциялары
Тенуиколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz