Топырақтың физикалық қасиеттері




Презентация қосу
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
университеті

Тақырыбы:

Топырақтың физикалық
қасиеттері
1. Топырақ ауасы.
2.Топырақтың жылулық режимі.
3. Кеуектілік

Орындаған: Смағұл Аман
АҚ – 211 топ
Жоспар

1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
А) Топырақтың физикалық қасиеттері
Б) Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау т»сілдері
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы
В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып
шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты
еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның
қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер
берілген..
Топырақ түзілу
процесінің бес
факторы

аналық
ауа райы жер бедері
жыныстар

өсімдіктер
уақыт мен
жануарлар
Топырақ – барлық
материалдық
игіліктердің көзі. Ол
азық- түлік, малға жем,
ким үшін талшық,
құрылыс
материалдарын береді.
Топырақтың ең
маңызды байлық екенін
айта отырып, К.Маркс,
еңбек – байлықтың
әкесі болса , топырақ –
анасы деген.
Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден түрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен
қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.

Топырақтың жоғарғы беті
борпылдақ. Мүның қүрамында
көптеген өлі органикалық заттар
бар (өсімдіктер
қалдығы,қарашірік). Бүл
қарашірікті аккумулятивті А қабаты.

Тереңірек, өте тығыз иллювиалды
өтпелі В қабаты жатыр.

Оның астында топырақ түзуші - С
қабаты орналасқан.
Топырақ минералды және органо-минералдық заттардан
тұрады. Минералдық заттардың көзі жер қабатының қатты
қабығын (литосфера) құрайтын таулы породалар.
Минералдық бөлік топырақтың 80-90 пайызын құрайды, ал
органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады.
Топырақтың органикалық бөлігі өсімдік пен жануарлар
тектес заттардың ыдырауынан және осы процесс кезінде
жүретін реакциялар арқасында пайда болатын заттардың
өнімдерінен тұрады. Топырақтың құрамында барлық белгілі
химиялық элементтер анықталған.
Топырақтың
ылғал
тартқыштық
қасиеті.

Топырақты Топырақтың
Топырақтың
булану
ң ауа
өткізгіштігі
қабілеті физикалық
қасиеттері

Топырақтың
жылулық
қасиеттері
Топырақтың ылғал тартқыштық қасиеті.
Топырақ түйірлерінің беткейі ауадағы су буын, яғни
ылғалдылығьш тартатын әрі топырақ
саңылауларында кептіретін қабілеті бар үлкен
жазықтықты құрайды. Топырақ қаншалықты ұсақ
түйірлі болса, оның ылғал тартқыштығы соншалықты
жоғары болады. Сондай-ақ, топырақта шірінді және
коллоидты заттар көп болса да және ауаның
атмосфералық ылғалдылығы жоғары болса да өседі.
Органикалық заттармен ластанған сазды топырақтың
да ылғал тартқыштықтары жоғары келеді.Топырақтың
коллоидты заттары суды өзіне ең көп сіңіреді.
Фермалардың ластанбаған территориялары мен
шаруашылықтардың жайылымдық учаскелерінің ірі
түйірлі топырақтарының ылғал тартқыштығы өте аз.
қасиеттері:
Топырақтың
Топырақтың булану қабілеті-қаншалықты нашар
болса, оның құрамындағы ылғал да соншалықты көп
ұсталады. Сөйтіп, ол анағұрлым сызды болады. Мысалы,
ұсақ түйірлі өсімдік аз шығатын, күн сәулесі нашарлау
түсетін сұр (боз) топырақта ірі түйірлі топыраққа
қарағанда ылғал тартқыш қабілетін арттыратын еріген
тұздар болса, ауа ылғалды келсе, жауын-шашын және
қар суы топырақты шайып жатса топырақ бетінде

физикалық
ылғалдың булану деңгейі төмендейді
қасиеттері:
Топырақтың
Топырақтың ауа өткізгіштігі деп — топырақтың өз бойынан ауа
өткізу қабілетін айтады. Ауа топырақтың су болмаған саңылауында,
ал сіңірілген күйінде топырақ бөлшектерінің құрамында болады.
Сонымен, жер асты суында ауа еріген күйінде болатыны белгілі.
Құрамы жағынан топырақ ауасы атмосфералық ауадан біраз
айырмашылығы бар: мысалы топыраққа тереңдеген сайын оттегі
мөлшері азаяды, органикалық заттарды тотықтыруға көп жұмсалады,

физикалық
ал көмір қышқылы құрамы керісінше көбейеді.
Топырақтың жылулық қасиеттері -

қасиеттері:
Топырақтың
топырақ негізінде күннен қызуы. Бұл процесс
топырақтың жылу сыйымдылығына, жылу
өткізгіштігіне және радиациялау қабілетіне көп
байланысты болады. Сыртқы ауа
температурасынан топырақ
температурасының едәуір айырмашылығы
бар. Тәулік және жыл бойында онша көп
ауытқымайды және топырақ тереңдеген сайын
бірте-бірте азая береді. Тереңдеген сайын
топырақтың тәуліктік және жылдық ең жоғары

физикалық
температурасы ауа температурасынан едәуір
төмен. Қыстыкүні топырақ температурасы ауа
температурасынан жоғары, ал жаздыкүні
керісінше салқын болады.
Топырақтың жылу өткізгіштігі нашар болады.

қасиеттері:
Топырақтың
Әсіресе, борпылдақ, ұсақ түйірлі, ылғалды
шірінді заттары көп, ақ шағыл, шөп өспейтін
түсті топырақтар аз қызады. Ірі түйірлі, құрғақ,
қоңыр түсті және шөп жақсы өсетін топырақтар,
сондай-ақ тасты, тығыз топырақ нағыз жылу
аккумуляторы болып табылатын таулы жер
топырақтары жылуды тым-тәуір өткізеді.
Борпылдақ топыраққа қарағанда тығыз
топырақта жылу тереңге енеді. Топырақ
саңылауларын толтыратын су сол

физикалық
саңылауларды толықтыратын ауаға қарағанда
жылуды 21-26 есе көп өткізеді екен. Жылуды
ылғал топырақтың оңай да терең өткізетіні
сондықтан.
қасиеттері:
Топырақтың
Топырақ температурасының өте үлкен маңызы бар. Ол
жергілікті жердің климатына, ал жергілікті климат-
микроклиматқа әсер етеді. Топырақ температурасы
ерекшеліктерінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы зор. Олардың
тамырлары қыстыгүні топырақтың жылы қабатында жатады
да, суықтан сақталады. Ол, яғни топырақ температурасы сол

физикалық
топырақтың өзінде жүрілетін физико-химиялық және
биологиялық процестеріне де әсер етеді
Түйіртпектілік - тау жыныстарының минерал түйіршіктерін біріктіру
болмысы, яғни олардың агрегаттық немесе кұрылымдык табиғаты. Тау
жыныстарының көпшілігіне түйіртпекті кұрылымдар тән.

С.А.Захаров түйіртпектілікті 3 - ке бөлді
1. Куб тәріздес
2. Призма тәріздес
3. Плита тәріздес

Түйіртпектіліктің мөлшері:
4. Мегатүйіртпелік 10 мм көп
5. Макротүйіртпектілік 10 – 0.2 мм
6. Микротүйіртпелік 0.01-0.25 мм
7. Майда микротүйіртпелік 0.01 мм аз
Топырақ саңылаулығын анықтау. Саңылаулық дегеніміз топырақтың

Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау
көлеміне пайызбен берілген топырақтағы бос кеңістіктер көлемінің жиынтығы.
Саңылаулық шамасы ондағы бөліктер орналасуына, олардың диаметріне және
ылғалдылығы мен температурасына байланысты. Саңылаулар көлемі келесі
маңызды қасиеттерін анықтайды: су өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, ылғал
өткізгіштігі, капиллярлығы т.б.

Топырақ саңылауы көлемін мына өрнек бойынша есептейді:

а х 100
Р = -------------- ,
в

мұнда, Р – пайызбен берілген топырақ саңылаулары көлемі (саңылаулық)
а – көлемдер айырмасы (алынған топырақ көлемі мен цилиндрдегі су
көлемінен топырақ пен су қоспасы көлемінің айырмасы);
в – алынған топырақ көлемі.
Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау
Топырақ капиллярлығы оның механикалық құрылысына, ылғалдылығына, тұздар бар-
жоқтығына байланысты болады да, өз капиллярлары немесе талшықтары бойымен
астыңғы беткейлерден үстіне суды көтеру қасиетін білдіреді.
Ылғалды топырақтарда су құрғақ топыраққа қарағанда жылдамырақ көтеріледі. Ұсақ
дәндесін топырақтарда, сондай-ақ көп мөлшерде еріген тұз мөлшері көп болған
жағдайларда су көтерілуі бәсеңдейді.
Анықтау барысы. Диаметрі 2-3 см, ұзындығы 50 см дейінгі шыны түтіктің төменгі шетін
матамен бітеп, үстіне аса құрғаған топырақ сынамасын толтырып салады да, таңертеңге
дейін нығыздалуы үшін қалдырады. Мұнан соң уақыт белгілей отырып төменгі шетін 0,5 см
суға салады, осылайынша қанша уақыт аралығында топырақ саңылаулары арқылы
толысып, капиллярлар бойымен жоғары көтерілуін бақылайды. Алдымен су көтерілуін әр 5-
10 минут сайын, сосын сағат сайын бақылайды. Су көтерілуі биіктігі мен уақытын сызық
түрінде координаталарда белгілейді, әр топырақ түрі үшін ол әртүрлі.
Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау
Топырақтың су өткізгіштігін анықтау. Нақты бір топырақ арқылы суды жоғарыдан
төменге сорғып ағу жылдамдығы арқылы су өткізгіштік қасиетті анықтайды. Ол топырақ
дәндері көлеміне, коллоидты бөліктердің аз я көп болуына және топырақ үстіндегі су
қабатының жоғарылығына байланысты.
Анықтау барысы: Диаметрі 4 см, биіктігі 25 см шыны түтіктер алынады. Түтіктің төменгі
шетіне мата байланып, 20 см биіктікке топырақ толтырылады. Штативте түтік үстінде су
құйғыш орналастырылады. Ол арқылы топыраққа суды үнемі 4 см су тұратындай етіп құйып
отырады (біркелкі су қысымын тудыру мақсатында зерттеу соңына дейін).
Топыраққа су құйған және топырақ қабаты арқылы өткен су тамшысы білінген уақыт
белгіленеді. Уақыт айырымы 20 см топырақ қабаты арқылы өткен су өту жылдамдығын, яғни
су өткізгіштігін білдіреді.
Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау
Топырақтың ылғал сыйымдылығын анықтау. Топырақтың ылғал
сыйымдылығы дегеніміз оның өз бойында капиллярлық күші мен беткейлік кернеу
әсерінен қандай да бір су мөлшерін ұстау қабілеті. Ол жалпы саңылаулар көлемі
мен еркін су ағуы кезінде су ұсталынатын саңылаулардың пайыздық қатынасымен
немесе саңылауларда ұсталынып қалған су салмағы мен құрғақ топырақтың жалпы
салмағына белгіленетін пайыздық қатынаспен беріледі.
Анықтау барысы: Торлы түпті алдын ала өлшенген құрғақ цилиндр алынады.
Оның 3/4 бөлігін құрғақ топырақпен толтырып қайта өлшейді. Сосын сулы ыдысқа су
деңгейі топырақ деңгейімен сәйкесетіндей етіп салады.
Цилиндрдің үстіңгі шетін су булануының алдын алу мақсатында шыны тақтамен
немесе қалпақпен жабады. Су топырақ беткейіне шыққан кезде цилиндрді ыдыстан
алып, суы сорғуы үшін 2-3 минут ұстайды да, сүртіп, өлшейді. Салмақ қосымы
ылғал сыйымдылығын береді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Гедройц К. Таңдамалы шығармалар, 1965.
3. Качинский Н. Топырақ физикасы, 1965, 1970.
4. Кононова М. Топырақтың органикалық заты, 1963.
6. Роде А. Топырақ ылғалы туралы ілім негіздері, 1965, 1969.
7. Тазабеков Т. Тазабекова Е. Топырақ құнарлығы, 1995
Тыңд
аған
рахм дары
ет н ызға

Ұқсас жұмыстар
Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
Топырақтың жылулық қасиеттері мен құбылымдары
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Топырақтардың жалпы физикалық және физика – химиялық көрсеткіштері. Топырақ түйіртпектілігінің агрохимиялық маңызы. Топырақтың физикалық пісуі
Таза топырақ
Топырақ құнарлылығы
Құнарлы топырақ – мол және сапалы өнім
ОРМАН МЕЛИОРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
ТОПЫРАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Тау жыныстарының үгілуі
Пәндер