Денсаулық сақтау менеджментінің классикалық принциптері: Анри Файоль мен Гаррингтон Эмерсонның көзқарастары


Slide 1

Денсаулық сақтаудағы менеджмент

медицинаны материалдық және еңбектік, қаржылық бақылау және реттеу, басқару ғылымы.

Менеджмент мақсаты

қорларда тұрғындардың өлімі және мүгедектігі, қоғамда аурушаңдықтың деңгейінің жоюлуы

Денсаулық сақтауды басқарудың міндеті

денсаулық сақтаудың қорларын рациональды қолдану және емдік-профилактикалық іс-шаралардың сапасын жақсарту жолымен мақсаттың жетістіктеріне тиімді жету.

Slide 2 Slide 3

Менеджменттің негізгі принциптері

Slide 4

Менеджментке ғылым ретінде қарау құралы алғашқы қадамды Ф. Тейлор жасады. 1916 жылы зерттеуде тұтас бағыт қалыптасқан. Алғашқы ғылыми мектеп бірнеше атаумен аталады.

Ғылыми

Классикалық

Дәстүрлі

Классикалық мектептің негізін салушы Анри Файоль - француз инженері (1841-1925ж. ) . Ол 30 жыл бойы ісі таукен компаниясының бас директоры болып қызмет атқарған. Осы компанияға келген кезде өндіріс орны ең бір нашар халде болған, ал одан кетер кезде дүние жүзіндегі ең қуатты да ірі компаниялардың қатарына жеткізген.

Slide 5

А. Файолды - қазіргі менеджменттің әкесі деп атайды. Классикалық - әкімшілік мектептің негізгі мақсаты: - басқарудың ортақ, жалпылама принциптерін ойлап табу.

А. Файоль әкімшілік басқарудың бірнеше (бірге, айрылмас) принциптерін ұсынады. Олар мыналар:

1. Бірлік жауапкершілікпен әрқашанда бірге, айрылмас болады. Біз бұны "Құқық алдың ба - жауап беруге даяр бол", дейміз. Қазір маңызы "Жауапкершілік арттың ба - құкық бер". 2. Мамандықтандырумен қатар еңбекті бөлшектеу. Бірақта еңбекті бөлшектеудің шегі болуы керек. 3. Жарлық бірлігі. (Дара басшылық принципі) 4. Тәртіп. Тәртіп барлығына бірдей. Басшыдан бастап төменгі сатыдағы қызметкерлерге дейін тәртіпті сақтау қажет. 5. Басқару бірлігі. Бұны түсінуге болады: "Бір басшының ортақ мақсаты бар операциялардың жиынтығына жоспары болу керек". Бұл мақсатты басқарудың негізін қалайды.

Slide 6

6. Жеке бастың мүддесін жалпы мүддеге бағындыру қызметкердің немесе бірнеше қызметкерлердің мүддесі кәсіпорынның жалпы мүддесіне қайшы келмеуі керек. Басшы осыны реттеп отыруы қажет. 7. Сіңген еңбегі үшін сый беру. Сый беру мен еңбек ақы төлеу әділ болу керек. 8. Орталықтандыру, бір орталықтан басқару. Оның шегі болу керек. Өнеркәсіп орны көп болған сайын орталықтандыру аз болу қажет. 9. Иерархия. Төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну тәртібі. 10. Рет, жөн, тәртіп. А. Файоль ретті 2-ге бөлді. 1) материалдық "заттарды" жөнге, ретке келтіру. 2) әлеуметтік. а) Әр нәрсенің өз орны бар, сонда бәрі де орнын табады б) Әркімге өз орнын беру керек, әркім өз орнында болуы керек 11. Әділеттілік. (адалдық, ниеті түзулер) . Бұл жұмыкерлер жағынан адалдық және берілгендік, ал басшылар жағынан - мейрімділік пен әділділікті сипатайды.

Slide 7

12. Жұмыскерлердің тұрақтылығы. А. Файоль жұмыс күшінің тұрақсыздығын - жаманда нашар басқарудың себебі мән нәтижесі дейді. 13 Инициатива, ынталылық, ықыластылық. Басшы төменгі қызметкерлердің ынтасын, ықыласын қолдап отьгруы. 14. Корпоративтік дем. Жұмыста коллективтік, ұйымшылдық көрсету, ұйымның мүддесі барлығына ортақ, басты мақсат болу қажет. Классикалық мектептің әрі қарай дамуы екі бағытта болды: 1. Өндірісті жетілдіру. 2. Басқарудың жалпы проблемаларын зерттеу

Slide 8

Бұл бағыттарда Г. Эмерсон. Л. Урвик. М. Вербер және Г. Фордтың еңбектерін айтып кеткен жөн. Әсіресе басқару ғылымының теориясы мен тәжірибелі қолданылуына зор үлес қосқан инженер - механик Гаррингтон Эмерсонның (1853-1931 ж. ) орны бөлек. Германияда білім алып, АҚШ та жұмыс істеген ол 1911 жылы "Еңбек өнімділігінің 12 принциптері" деген еңбегімен белгілі болды. Ол принциптер мыналар: 1. Мақсатты айқын қою. 2. Анықталған мақсаттарды белгілеп алға қою. 3. Дұрыс мағына. Әр нәрсенің орындалмау, бітпеу себептерін тек қана сырттан іздемей, өзімізден де қарауымыз керек. Әр қадамымызға сын көзбен қарап, өзімізге байланысты себептерді кемшіліктерді мойындап, оны тезірек жөндеуге әрекет жасаған дүрыс. 3. Жетікті кеңес беру. Басқаруды әруақытта да токтаусыз жетілдіру, дамыту, бұл іске жетік, білгір мамандарды кеңесші ретінде басқару мәселелерін зерттеуге және шешуге тарту, шақыру.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджмент: классикалық әкімшілік мектеп және Анри Файольдің басқару принциптері
Мектептің педагогикалық жүйесі және басқару нысандары: Анри Файоль теориясын қолдану
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау менеджментінің ерекшеліктері мен дамуы
Денсаулық сақтау жүйесінде басқарушылық шешім қабылдаудың негіздері
Дәлелді денсаулық сақтау: клиникалық эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау маркетингі
Ежелгі грек, шығыс және классикалық ойшылдардың саяси көзқарастары мен мемлекет теориялары
Кәсіби денсаулық сақтау және психикалық денсаулық: психологиялық факторлар мен нығайтудың тәсілдері
Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық менеджменті және медициналық ұйымдарды қаржыландыру
Файоль принциптері негізінде педагогикалық менеджмент заңдылықтары мен білім беру процесін басқарудың сапасын талдау: оқушылар үлгерімі және сынып ұжымының қалыптасу көрсеткіштері
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы электрондық жүйелердің принциптері, емхана мен ауруханалардағы науқастарды қабылдау тәртібі және медициналық құжаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz