ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК



Орындағaндар:Төрехан Аружан, Оралбек Жанерке, Мұратов Бекболат
Тексерген:Курбанова Лаура
Өндірістің қауіпсіздік декларациясын құру

.
ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 27-1 Бұйрығымен.
1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациясына сараптама жүргізудің ережесі "Өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациясын ұсынудың тәртібін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы N 764 қаулысын орындау барысында әзірленді. 2. Құрамында өте қауіпті өндірісі бар өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын барлық меншік нысанындағы ұйымдары (бұдан әрі - декларациялауға жатқызылатын ұйымдар) мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары осы Ережені сақтауға міндетті.

Қызметі жоғары қауіпті өндірістерге байланысты (бұдан әрі - өнеркәсіптік объекті) өнеркәсіптік объектілерді декларациялау, қауіпсіздік шараларын сақтау үшін бақылауды қамтамасыз ету, өнеркәсіп объектісіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шаралардың жеткіліктілігін және тиімділігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясы (бұдан әрі - қауіпсіздік декларациясы) өнеркәсіп объектісіндегі қауіптіліктің сипаты мен мөлшері және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жасалынған шаралар және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау дайындығы бейнеленген құжат болып табылады.
4. Декларация жобаланып және жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп объектілері үшін әзірленеді. Қауіпсіздік декларациясы өнеркәсіптік өндірістің қауіпсіздігін, оны пайдалануға қосу, пайдалану және пайдаланудан шығару сатыларында сипатталуы.

АВАРИЯ - объекті мен нақты аумақтарда пайда болған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын және үйлердің, ғимараттардың жабдықтардың және көлік құралдарының қирауына, өндірістік және көліктік процестердің бұзылуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіретін қауіпті техногендік оқиға.
ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ - қатерді анықтау (бірдейлендіру) және бағалау, сондай-ақ олардың пайда болуы мүмкін зардаптарын бағалау.
ГИДРОДИНАМИКАЛЫҚ АВАРИЯ - судың қатты жылдамдықпен ағып жайылуына және техногендік төтенше жағдайдың туындау қаупіне байланысты гидротехникалық құрылыстардағы авария.
АУҚЫМДЫ ҚАУІПТІ ЗАТТАР - адамдардың өмірі мен денсаулығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне өздерінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе уландырғыш қасиеттері салдарынан қауіп төндіретін заттар.
ӨНЕРКӘСІПТІК АПАТ - адамдардың қаза болуына, олардың денсаулығына зиян келтіретін немесе объектілердің, материалдық құндылықтардың едәуір мөлшерде қирауына және жойылуына әкеп соғатын, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен зиян тудыратын ірі өнеркәсіптік авария.
ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА ЖАТҚЫЗЫЛАТЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІ - бір алаңға орналасқан құрамында бір немесе бірнеше жоғары қауіпті өндірістері бар кәсіпкерлік қызмет субъектісі () .

ӨТЕ ҚАУІПТІ ӨНДІРІС - осы Ереженің маңызды бөлігінде белгіленгендей, тең немесе артық мөлшердегі жарылу өрт қауіпті немесе қауіпті химиялық заттарды біруақытта пайдаланатын, шығаратын, қайта өңдейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын учаске, қондырғы, цех, қойма, станса немесе басқа өндірістер.
ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ - объектіде техногендік төтенше жағдай көздерінің пайда болуы нәтижесінде, нақты аумақтарда адамдардың қалыпты өмір тіршілігі мен қызметін бұзатын, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіретін, халықтың мүлкіне, ауыл шаруашылығына және қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін жағдай.
ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ - өнеркәсіптік объектіде болуы ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен көлемі туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға қосу, оның жұмыс істеуі және пайдаланудан шығару сатыларында меншік иесінің алдын алу және жою жөніндегі қабылданған шаралары туралы хабарлайтын құжат.
ДЕКЛАРАНТ - қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын құрамында өндірістік объектісі бар ұйым.

ӨТЕ ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТЕРДІ БІРДЕЙЛЕНДІРУ ПРИНЦИПТЕРІ
5. Жобаланатын және жұмыс істеп жатқан қауіпсіздігі міндетті декларациялауға жататындар:
1) құрамында өте қауіпті өндірістері бар, қауіпті заттарды пайдаланатын және шығаратын, осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілгендей өте қауіпті жабдықтар мен технологиялық өндірістік процестерді қолданатын өнеркәсіптік объектілер;
2) гидротехникалық құрылыстар, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы қойма сағалары мен шлам жинақтаушылар, жарылғыш материалдарды сақтайтын стационарлық қоймалар.
6. Қауіпсіздігі декларациялауға жатқызылатын өнеркәсіптік объектілерді өте қауіпті өндіріске жатқызуға: 1) нақты заттар немесе әртүрлі санаттағы заттар үшін белгіленген ауқымды қауіпті заттардың тең мөлшерінің көлеміне; 2) өнеркәсіп объектісінде қолданылатын ауқымды қауіпті заттардың мөлшеріне негізделеді; 3) нақты заттар санының белгілі мөлшері осы Ереженің 1-қосымшасында (кестесінде) келтірілген.

.
.
\
Өнеркәсіптік қауіпсіздік - физикалық және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуы. «ПМХЗ» ЖШС қауіпті өндірістік объекті болып табылады.
Қауіпті өндірістік объектіні сараптаудан өткізу және қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіздігін декларациялау өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы объектінің белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру және растау үшін жүргізіледі. Пайдаланған кезде қауіпті өндірістік объектілердің тұрғындарға, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті декларациялауға жатады. Осыған байланысты кәсіпорын мамандары сараптамадан өткен және уәкілетті органда тіркелген Зауыттың қауіпсіздік декларациясын әзірледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі мақсаты - қауіпті қауіпсіздік объектілердегі апаттардың салдарларын болдырмау және азайту. Осы мақсатқа қол жеткізуге белгіленген талаптарға сәйкес келетін білікті мамандардың болуы да ықпал етеді. «ПМХЗ» ЖШС өз жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асырады.

.
.
ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
14. Қауіпсіздік декларациясына мынадай құрылымдық элементтер: 1) бірінші беті; 2) түсініктеме; 3) мазмұны; бөлімдері: 4) "Жалпы ақпарат"; 5) "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін талдау"*; 6) "Төтенше жағдайларды оқшаулауға және жоюға өнеркәсіптік объектінің дайындығын қамтамасыз ету"; 7) "Жұртшылықты ақпараттандыру"; 8) "Объектінің ахуалдық жоспары"; 9) "Ақпараттық парақ"; 10) "Өнеркәсіптік объектіні (өте қауіпті өндірістер) пайдаланудан шығару туралы мәліметтер **" енгізіледі. Қауіпсіздік декларациясының құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар 3-қосымшада келтірілген. Қауіпсіздік декларациясының нысаны ұсынылған құрылымға сәйкес бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
* Құрамына бірнеше өте қауіпті өндіріс кіретін өнеркәсіптік объектілердің әрбір өндірістері үшін бөлім толтырылады.
** Өнеркәсіптік объектіні (өте қауіпті өндірісті) пайдаланудан шығарған жағдайда қоса беріледі.
15. Қауіпсіздік декларациясына қойылатын ерекше талаптар: жобаланатын өнеркәсіптік объектілері үшін 4-қосымшада; қолданыстағы өнеркәсіптік объектілер үшін 5-қосымшада; гидротехникалық құрылыстардың, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы қойма сағалары мен шлам жинақтаушылар үшін 6-қосымшада келтірілген.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі (ӨҚБЖ) - басқарушылық шешімдердің, нормалар мен рәсімдердің құрылымданған жиынтығы, солар арқылы тәуекелдерді болдырмау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қызметі жүзеге асырылып, дамиды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz