Инфрадыбыстың биологиялық әсері
Презентация қосу
Шуды зерттеу
Жұмыстың мақсаты:
Студенттер шудың сипаттамасын және негізгі параметрлерін,
адам ағзасына тигізетін жағымсыз әсері мен жұмыс
орындарындағы нормативтік мүмкіндігі бар шу деңгейлері,
шудан сақтану әдіс-тәсілдерімен танысу.
Жоспар:
1. Шу туралы жалпы мәліметтермен танысу.
2. Шудың адам ағзасына тигізетін әсерлерімен танысу.
3. Шудың алдын-алу әдістерін анықтау.
Шу дегеніміз – адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс.
Шу 2 түрге бөлінеді:
1. Механикалық 2.
Аэродинамикалық
үзіліссіз машиналар белгілі бір уақытта
мен жабдықтардың болатын және
қоспалы дыбысы. механикалық
жабдықтарсыз жеңіл
бір ноталы дыбыс.
Мысалы желдеткіш,
судың ағуы, т.б.
Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және
қысымына байланысты.
Дыбыстың қысымы деп, оның атмосфералық қысымнан жоғары
айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы паскальмен (Па)
өлшенеді.
Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан
белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Вт/м2 пен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз оның бір секундтағы толқуының саны.
Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы 1 толқуы 1 Гц тең.
Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген:
- жиілігі төмен шулар – 40-100 дБ;
- жиілігі орташа шу – 85-90 дБ;
- жиілігі жоғары шу – 75-85 дБ дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумометр) өлшейді. Ойлау
арқылы жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшері барлық
жиілікте 60 дБ-ден аспауы керек.
Шудың пайда болуына әкеп соқтырады: бұрғылау сораптары, зертхана
қондырғылары, дозаторлық құрылғылар, дірілді алаңдар, құрылыс
машиналары, компрессорлар, бульдозерлер және т.б.
Мұндай жердегі жұмыстарға жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдерді
алуға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамында В
витаминдері болуы керек. Дірілді жерде ауысым уақытының 2/3 бөлігінде
ғана жұмыс істеуге болады және әр сағат сайын 10-15 минут демалыс
жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір ауысымнан артық қылып жасауға
болмайды.
Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін
төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт
жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер
саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді.
Адамның есту органдары 16...20000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын
қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20000 Гц-тен жоғары
(ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға
биологиялық әсерін тигізеді.
Инфрадыбыс
Инфрадыбыс деп жиілігі 20 Гц төмен дыбыстық тербелістерді немесе
тербелістер жиынтығын айтады. Адамның есту мүшесі мұндай жиіліктегі
тербелістерді қабылдай алмайды.
Инфрадыбыс - 20 Гц жиілік диапазонындағы, адам құлағымен естілмейтін
акустикалық тербелістер және олардың жиынтығы. Өндірістік инфрадыбысты
гигиеналық бағалау үшін орташагеометриялық жиіліктері 2,4,8, және 16 Гц төрт
октава жолақтарын қамтитын 1,6-дан 20 Гц-қа дейінгі жиілік диапазоны маңызды
болып табылады.
Инфрадыбыстың жіктелуі
Инфрадыбыстық шулар спектрі бойынша:
- кеңжолақты, жиіліктік спектрі бір немесе одан көп октавалы инфрадыбыстық
жолақтар;
- тоналды, спектрінде айқын дискретті үндері бар. Шудың үндестілік сипаты
жиіліктің октавалық жолақтарында бір жолақтағы шу деңгейінің көршілес
жолақтан 10 дБ кем емес жоғарылауы бойынша өлшеумен анықталатын болып
бөлінеді.
Инфрадыбыстың биологиялық әсері
Қазіргі кезде инфрадыбыстың ағзаға әсерінің патогенетикалық үлгісі
анықталған. Оның ішінен кейбір буындарды бөліп алуға болады. Бұл үрдістің
негізгі патогенетикалық буыны, мый сұйығы (ликвор) гемодинамикалық және
микроциркуляторлы бұзылыстарға байланысты, церебралды гипертензияның
әсерінен тіндік гипоксияның дамуы болып табылады. Гипоксияның әмбебапты
салдарларына, мембраналардың бей берекеттігі (дезорганизация) жатады, ол
ферменттердің жасушадан және жасуша аралық құрылымдардан, тіндік
сұйықтықтарға және қанға шығуына алып келеді. Бұл өз кезегінде, тіндердің
екіншілік гипоксиялық ауысып тұруын (альтерациясын) туындатады.
Ультрадыбыс – адам құлағы естімейтін, жиілігі 20 кГц артық серпімді
тербелістер мен толқындар. Ультрадыбыстың әсері кезінде газ тәрізді және сұйық
орталардың шекарасында газдың немесе будың көпіршіктері пайда болады, олар
жарылғанда тіндердің бұзылуына әкеп соғатын көп мөлшерде энергия бөлінеді
(кавитация құбылысы). Ультрадыбыстың қатты денелерден өтуі кезіндегі әсері
жоғары жиілікті дірілдің пайда болуымен байланысты.
Ультрадыбыстың қолданылуы
Ультрадыбыс халық шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Төмен жиілікті ультрадыбысты тербелістер (100 кГц дейінгі)
жанаспалы жолмен және ауа арқылы таралады, материалдарды
тазарту, зарарсыздандыру, дәнекерлеу, механикалық және
термиялық өңдеуде, аэрозольдерды коагуляциялауда, медицинада
(хирургияда, стерилдеу үшін және т.с.с.) қолданылады, тек жанасу
жолымен таралатын жоғары жиілікті ультрадыбыс (100 кГц - 100
мГц) затты бұзбай ішіндегіні бақылау және өлшеу үшін,
медицинада диагностика және емдеу мақсатында қолданылады.
Шуды гигиеналық нормалау
Гигиеналық қалыптандыру шудың қолайсыз әсерінің алдын
алудың арнайы бір жолы. Гигиеналық қалыптандырудың мақсаты
функционалды бұзылыстар мен аурулардың туындауын шеттету,
өндірістік ортадағы қайталап және қысқаша уақыт әсер ететін
қолайсыз факторлардан пайда болатын еңбекке қабілеттіліктің
төмендеуі мен шектен тыс қажуды болдырмау. Күннен күнге өсіп
отырған шудың адам ағзасына қолайсыз әсерінің айтарлықтай
әлеуметтік гигиеналық және экономикалық салдары болғандықтан
шумен күресу мәселесі жалпы мемлекеттік маңызға ие болады.
Шудың алдын алу шаралары
Шумен күресу шаралары техникалық, сәулеттік-жоспарлау,
ұйымдастырушылық, медициналық шаралардан тұрады.
Шумен күресуге арналған техникалық құралдардың үш бағыты: шудың
пайда болу себебін жою немесе оның шығуын төмендету, шуды таралу
жолын азайту және шудың әсеріне ұшырайтын жұмысшыны немесе
жұмысшылар тобын тікелей қорғау негізделген. Шумен күресу
шарасының жүйесі өкімет қаулысына, санитарлық қалыпқа, ЕҚСЖ
материалдарына және басқа дерективті құжаттарға сәйкес жүреді.
Шумен күресуді шешудің ең тиімді жолы, рационалды
конструкцияларды, жаңа материалдарды, алдыңғы қатарлы технологиялық
үрдісті қолдану арқылы шудың туындайтын көзінің деңгейін төмендету
болып табылады. Шуды азайтудың техникалық шараларын, жобалау
ұйымы жасайды. Жұмыс орнына шу мен тербелісті оқшаулайтын
қондырғылар мен олардың акустикалық өңдеуін қажет ететін құрылымдар
мен машиналарды есептеп қалыпқа сәйкес етіп бөлмеге орналастырады.
Шудың адам организміне кері әсерінің басқа ерекшелігі орталық
және вегетативті жүйке жүйесін, ал одан әрі ішкі органдарды зақымдауы
болып табылады. Кейбір жағдайларда жүйке жүйесіндегі функционалды
өзгерістер есту сезімталдығының бұзылуы анықталғанға дейін өтіп
жатады.
Орталық және вегетативті жүйке жүйелерінің тітіркенулері есту
жүйкелерінің талшықтары арқылы жүреді. Жалпы бұндай
тітіркендіргіштіктен мазасыздық пен тітіркендіргіштік сезімін тудыра
отырып адамның психикалық жағдайын өзгертеді. Орталық жүйке
жүйесіне әсер ету адамның субъективті қабылдауынан байланысты
болатының атап өту қажет.
Шудың вегетативті жүйке жүйесіне әсер етуі субъективті
қабылдаудан байланысты емес. Оның ерекшелігі вегетативті жүйеге әсер
ету 40-70 дБ кезінде ақ білінетіндігінде.
Адам организмінің вегетативті реакцияларының ішінен анық
білінетіні болып перифериялық қан айналымның бұзылуы мен
артериалды қан қысымының жоғарылауы табылады. Соңғысы дыбыс
деңгейі 85 дБ жоғары болғанда жақсы байқалады.
Шудың орталық жүйке жүйесіне әсері көру-моторлы реакцияның
жасырын периодының артуын болдырады, ол өз кезегінде жүйке үдерістерінің
қозғалмалылығының бұзылуына әкеп соқтарыды, бас миының құрылымында
биохимиялық өзгерістерді болдырады және 50-60 дБ шамасының өзінде оның
биоэлектрлік белсенділігінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Албыртты және тұрақсыз шулардың әсері кезінде адам организмінде
болатын жоғарыда аталған өзгерістер төмен дыбыс деңгейі кезінде де
басталады. Егер есту сезімталдылығының төмендеу үдерісі мен орталық
және вегетативті жүйке жүесінің функционалды жағдайларындағы
өзгерістерді салыстырсақ, соңғысы едәуір ерте және төмен дыбыс деңгейлері
кезінде басталатынын көреміз.
Шудың ұзақ уақыт әсер етуі тітіркендіргішті, бастың ауруын, бас
айналуын, шаршағандықты жоғарылатып, құлақтың ауруына әкеп соқтарады.
Бірқатар органдар жұмысының мұндай өзгерістері есту сезімталдығын
төмендетеді, асқорыту функциясын өзгертеді, жүрек-тамыр жеткіліксіздігін,
нейроэндокриндік бұзылуларды болдырады.
Өндірістік үдерісте мұнын барлығы еңбек өнімділігінің төмендеуіне
әкеледі. Дыбыс деңгейін 70 дБ арттыру жоғары зейінді талап ететін
жұмыстарды орындау кезінде еңбек өнімділігін 20% төмендетеді.
Бақылау сұрақтары:
1. «Шу» сөзіне түсінік беріңіз?
2. Шуға мінездеме беретін негізгі параметрлерді атаңыз?
3. Шудың адам организміне әсері?
4. Шу көздерін атаңыз.
5. Адам организміне шудың зиянды әсеріне қарсы қандай шаралар
қолданылатынын атаңыз.
6. Жұмыс орындарында шуды анықтау үшін қандай құралдар қолданылады?
7. Шудан қорғану құралдарын атаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер
1. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Астана: 11
сәуір 2014 ж.
2. Охрана труда: Служба ОТ в организации. – М.: Инфра – М, 2002-376с.
3. Шлендер П.Э., Маслова В.М., Подаецкий С.И. Безопасность
жизнедеятельности: Учебное пособие / под.ред. Шлендера П.Э. – М.: Вузовский
сборник, 2004. - 208с.
4. https://www.kiout.ru/info/publish/25861
5. Безопасность и охрана труда: Учебное пособие для вузов./ Под ред. О.Н.
Русака. СПб: Из-во МАНЭБ, 2001. - 279 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz