Асыл тұқымды құстар
Презентация қосу
Құс шаруашылындағы
асылтұқымдық жұмыстарды
ұйымдастыру және мақсат
міндеттері
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
• 1.Құс шаруашылығы
• 2.Асыл тұқымды құстар
• 3.Асыл тұқымды құстардың шаруашылықтағы пайдасы
• 4.Асыл тұқымды құстарды өсірудегі мақсат
• Құс шаруашылығы — ауыл
шаруашылығының ең жаңа және ең
қарқынды дамып келе жатқан
саласы. Өнімнің қысқа мерзімде
өндірілуі нарық сұранысына бағыт-
бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX
ғасырдың екінші жартысынан
бастап, Солтүстік Америка мен Батыс
Еуропа елдерінде бройлер
балапандарын өсіретін ірі құс өсіру
кешендері қалыптаса бастады.
Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен
Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа
өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония,
Ресей және Үндістан ерекше көзге
түседі.[
• Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында
шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған
құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті
климаты қолайлы аудандарға ауысуда.[1]
• Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп
атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді
саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен
қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің
маңызы ерекше.
• Құс қауырсыны (мамығы)
күнделікті тұрмыс қажетіне де
пайдаланылады. Ал құс
саңғырығы - сапалы
тыңайтқыш. Созылған құстың
ішкі мүшелерінің қалдықтары үй
хайуанаттарына қорек ретінде
пайдаға асады. Қолға
үйретілген асыранды құстардың
да арғы тегі өздеріне туыстас
жабайы құстар. Қазіргі кезде
қолға үйретілген құстардың 10-
нан астам түрі белгілі.
Тауықтәріздестерден - тауық,
күркетауық, тысыр тауығы (
цесарка), тауыс және жапон
бөденесі. Үйрек пен қаз да
• Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат — олардың
жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін
тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы
Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (
канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі. Үй
құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені — асыранды қаз.
• Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы
сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық
қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы
арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене
тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-
ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады.
Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді.
Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы
шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін
атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм
салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5-3 айлық қаздарды союға жібереді,
оның әрқайсысы 3,5-4,5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор,
италиялық, рейн, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа
елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т.б.) қаздың бауырын пайдалану
Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні
- үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды
иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның
оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл
тауық Үндістан жерінде, Ява, Суматра, Цейлон, Зонд
аралдарындағы орманды алқаптарда таралған. Оның
тұрқы шағын, салмағы 600-800 грамм, ұясын жерге салып,
жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық
қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы
сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан
алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше
бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын
жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода)
ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау
нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй
• Әрбір қолтүқым белгілі бір
мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа
алу немесе дәмді ет үшін, т.б.)
есіріледі. Қолтұқымның дене
құрылысында, тіршілік әрекетінде
өзіне тән белгілері болады. Ондай
белгілер тұқым қуалап,
ұрпақтарына беріліп отырылады.
Үй тауығының қол тұқым дары
негізінен мынадай бағытта
өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық
қолтұқымдары. Мұндай тауықтың
қолтұқымдары жылына 220 - 250 ,
кейде одан да көп жұмыртқа
береді. Леггорн, минорка,
андалуз, орыстың ақ тауығы,
орлов, павлов, воронеж осындай
• Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру,
жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т.б.) техника
күшімен жүргізіледі. Етті бағытта өеірілетін тауық
қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның
құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер,
химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта
виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей,
корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта
өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез
жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық
балапандар орташа 1,5 - 1,8 кг салмақ тартады.
Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды
жаппай сойып, сатуға шығарады
• «Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы
«отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті
жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы
нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз
жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер
балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс
фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең
бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы
құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды
жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.
• Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта да өсірілетін
тауықтың қолтұқымдары (мысалы, ақ плимутрок) бар.
Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын
қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары
ұзын, сіңірлі келеді.
• Денесі мығым, шоқысуға, тепкілесуге бейім. Қолға
үйретілген үйректің арғы тегі — жабайы барылдауық
үйрек. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын
Месопотамия аймағында және Қытайда қолға
үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға
үйретілген үйректің тағы бір түрі - мускусты үйрек. Ол
алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның
да еті
Қолға жұмсақүйәрі
үйретілген дәмді, майы
құстарының аз –болады.
ең ірісі күркетауық. Ол алғаш
рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен
қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа
салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында
қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр
тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде
ңесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді.
Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі - бөдене. Оның
жүмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы. Бұл құс
өте өсімтал. 5-6 апталық бөдене жұмыртқалай береді.
• Әрбір бөденеден өнеркәсіптік
негізде жылына 250-300
жұмыртқа алуға болады. Қазіргі
кезде АҚШ-та осы бөдененің
«фараон» деген етті қолтұқымы
өсіріледі. Қоразының салмағы -
200 грамм, ал мекиені 250 грамм
тартады. Бөдене өсіретін құс
фабрикалары соңғы кезде
Италия, Франция, Германия
елдерінде көбейіп келеді.
Азияның оңтүстігінде бұталы,
орманды жерлерде тауыстың
бірнеше жабайы түрі кездеседі.
Тауыс құсы қауырсын түсінің
әдемілігіне сәйкес әсемдік үшін
арнайы қолда өсіріледі. Құйрық
• Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс -
африкалық түйеқұс. Оның еті, жүмыртқасы тағам ретінде
пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та,
Қытайда, өзге де елдерде бар. Тіпті Қазақстанда
(Қостанай өңіріндегі «Қарабатыр» шаруа қожалығында,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында
және т.б. өңірлерде де) африкалық түйеқұс өсірілуде.
• Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды
және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп
аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір
саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе
арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен,
жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір
ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге
болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа
алынады. Қазіргі кезде түйеқұс өсіруге ерекше назар
аударылуда. Бөдене өсірумен шүғылданатын да
• Тауықтар — тауықтәрізділер отрядына жататын құс,
ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған
түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу
үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде
қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі –
бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген
жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын
айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында
сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының
түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен
тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың
денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде
жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты
жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала
құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа,
ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады.
• Бройлер(ағылш. broіler; broіl – отқа қақтау) — ет
бағытындағы тауықтың тез жетілгіш, будан балапаны. Оның
40 — 60 күндігіндегі салмағы 1,4 — 1,7 кг-ға дейін жетеді. Әр
1 кг үстеме салмақ алу үшін 2,0 — 2,5 кг жем жұмсалады.
Бройлердің толық тазаланған ұшасының түсімі орта есеппен
60 — 62%. Етінің дәмі, қоректілігі мен сапалығы ересек
құстардікінен әлдеқайда артық болады. Бройлер өсірумен
арнайы ірі құс шаруашылықтары айналысады. Бройлер өсіру
ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тұқымдары жеке өсіріліп,
оларды ұтымды будандастыру арқылы инкубациялық
жұмыртқа алу, жұмыртқаны инкубациялау, оларды өсіру,
сою, ұшасын өңдеу, құрама жем өндіру сияқты күрделі
процестер жүйелі түрде іске асырылуы қажет. Бройлер
өсіруде негізінен атасы корниш, енесі плимутрок тұқымдары
тектес будан балапандар пайдаланылады. Бройлерге
арнайы құрғақ құрама жем беріледі; Бройлер өсірілетін тауық
қора алдын-ала тазаланып, дезинсекция және дезинфекция
• Бройлер алғашқы 40 күндігінде жылытқыш қондырғы
астында болады. Бір тауық қорада ұстайтын балапан
санын 1 м2 жерге 18 — 20 есебімен анықтайды.
Жемді үстемелеп беріп, суды күніне кем дегенде 2
рет ауыстырып отырады. Межелі салмаққа жеткеннен
кейін балапандар етке өткізіледі. Балапандарды,
көбінесе, 56 күндігіне дейін ұстайды. Сондықтан
Бройлер өсіру жылына кем дегенде 4 — 5 рет
қайталанады. Тауық қораны келесі Бройлер тобын
қабылдауға жоғарыда айтылғандай тәртіппен қайта
дайындайды. Әдетте бұл дайындау мерзімінің
ұзақтығы 14 күннен аспайды. Қазақстанда Бройлер
өсіру ірі құс фабрикаларында (Алматы, Қарағанды,
т.б.) жүзеге асырылады.
• Күркетауық – үй құстары ішіндегі ең ірісі. Қоразының тірі
салмағы 9–35 килограмм, мекиені 4,5–11 килограмм. Жаңа
шыққан балапанының салмағы 50–55 грамм, 120 күннен соң
4–5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында, еркегі 7 – 8
айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі ет алып, май
жинайды. 3–4 ай бордақыланып етке өткізіледі. Еті дәмді,
құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп (28%-ға дейін).
Әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90–100 жұмыртқа
алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Оны негізінен ет
алу мақсатында асырайды. Күркетауықтың еті өте дәмді
және диеталық мақсатта пайдаланылады. Себебі, етінің
құрамында организмге тез сіңетін протеин (28%) болады.
• Тұқымдастың ерекшелігі: танау тесігі қауырсынмен
жабылмаған. Жіліншіктері түксіз, көпшілік түрлерінің
қоразының жіліншіктерінде мүйізді өсіндісі бар. Танау
тесігін тері қаптары жауып тұрады. Қазақстанда
қырғауылдар тұқымдасының 6 туысқа бірігетін 8 түрі бар.
Ең жиі кездесетін түрі — қырғауыл (Phasіanus colchіcus).
Қазақстанда өзен жағалауындағы — тоғайлы, қамысты-
қопалы жерлерді, Арал теңізінен, Алакөл ойпаңына дейінгі
шөлді аймақтарды мекендейді. Олар тау беткейлерінде
бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан түрлі шөптесін
өсімдіктер өскен жерлерде кездеседі. Қоразының құйрық
қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін
түсті. Мекиені қоңыр сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы
245 мм, салмағы орта есеппен 1150 г-дай. Отырықшы құс.
Жерде жүргенімен, ағаш басына қонақтайды. Шұңқырлап
жасаған ұясын жерге салып, оның бетін жасырып
бүркемелейді. Мекиені сәуірден шілдеге дейін 10 — 14
• Павлиндер, тауыстар (лат. Pavo) – тауықтәрізділер отрядының
қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар: кәдімгі
павлин (Р. crіstatus) және көкқанатты павлин (Р. mutіcus).
Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында
қалың бұталар арасын мекендейді. Павлиннің дене тұрқы 110 –
125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті
қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды)
ұзындығы 120 – 130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне
жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына
шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерімен,
құрттармен, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында
жыныстық жағынан жетіледі.
• Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге
боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті
қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп,
тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған
құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы
4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті
жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды.
Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз
бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта
топтанып тіршілік етеді. П-дер Қазақстанда тек
хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың
қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан
жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып,
халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл
кітабына” енгізілген.
• Леггорн (итал. Livorno; ағылш. Leghorn) – жұмыртқа үшін
өсірілетін тауық тұқымының бірі. Легорн тауығы 19
ғасырда АҚШ, Италияның ақ тауығын күрделі буандастыру
арқылы шығарылып, жаңа тауыққа Италия портының аты
берілген. Сүйек бітімі, айдарының пішіні, қауырсынының
түсі жағынан оның бірнеше түрі бар. Легорн тауығының
төс сүйегі шығыңқы, дөңгелек, тұрқы ұзынша, басы жеңіл,
қанаты енді, тұмсығы мен аяғы сарғыш, қауырсыны
көбінесе ақ түсті болады. Бұл тауық тез жетіледі, күтім
талғамайды, ауа райына көнбісті. Бір жылдық қоразының
салмағы 2,3 – 2,7, мекиені 1,8 -2 кг. Жылына 220-300
жұмыртқа салады. Жұмыртқасының орташа салмағы 55-62
г. Мекиені 4,5 -5 айлығында жұмыртқалайды. Легорн
тауығы дүние жүзіне тараған. КСРО-ға 1925-27 жылы
әкелінді. Олар жергілікті тауық тұқымын жақсартуға,
орыстың ақ тауығын шығаруға пайдаланылды.
Қазақстанның барлық құс шаруашылығында, әсіресе
• Қаздар (лат. Anserinae) — Қазтәрізділер
отрядына жататын құстардың тұқымдас
тармағының бірі. Қаздардың мойын
омыртқасының саны 21-ден аспайды.
Жыныстық диморфизм қаздарда болмайды.
Олар әсіресе тундрада көп болады. Қаздар
көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды,
су оларға сусындау, түлеу және кейде
демалу үшін ғана керек болады. Олар суда
жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды.
Қаздардың барлық түрлері 6—12 жұмыртқа
салады да, балапандарын 25—28 күн басып
шығарады, олар бір тәуліктен соң енесіне
ере бастайды. Қаздардың еті өте құнды,
мамығы да пайдалы.
• Олардың барлық түрлері 40-тан асады, ал біздегі түрлері
— 11. Бұлардың ішіндегі көп кездесетіні: — сұр қаз.
Сонымен қатар бір жерде болып, бір жерде болмайтын
түрлері: құртұмсық қаз, сұрала қаз, қазанқақтар
(казаркалар). Қаздардың жиі кездесетін түрлері:
• Сұрала қаз (Anser fabalis) — Америкада болады; бұған
сұрала қаз, шолақтұмсық қаздар жатады.
• Австралия қазы (Cereopsinae) — денесінің ұзындығы 90
см, қанаты — 55 см ірі құс, Австралияда (Тасманияда,
Австралияның оңтүстігінде, Викторияда) тіршілік етеді;
балапанын 30 күн басып шығарады. Австралия қазы тек
шөппен қоректенеді.
• Тепкішекті қаздар (Ріесtopterinae) — көбінесе Африка
мен Мадагаскарда кездеседі, бұлардың түрлері —16.
Басқа жерге көндікпейді, қолға үйренгенімен көбейе
• Ақ қаз (Chen hyperboreus) — денесінің ұзындығы 86 см, қанаттары —
160 см. Ересектерінің түсі — ақ, жастарынікі — шұбар болады;
кездесетін жерлері — Американың солтүстік-батысы мен шығысы;
бұрынғы КСРО-да — Чаун түбегінен бастап Беринг бұғазына дейінгі
жерлер. Ақ қаз көктемде өсімдік тамырымен, жазда шөппен, ал күзде
тундрадағы өсетін түрліше жидектермен коректенеді; сонымен қатар
тұщы сулар мен теңіздегі түрліше майда жәндіктерді жейді. Қолға тез
үйренеді.
• Нил қазы (Chenalopex aegypticus) — көбінесе Африканың, кейде
Еуропаның оңтүстігінде тіршілік етеді;
• Тауық қаз (Cereopsis novaehollandiae) — денесінің ұзындығы 90 см,
қанаты — 55 см, еті дәмді;
• Сұрала қаз (Anser anser) — бұл осы кездегі асыранды қаздардың
ататегі. Мұның арқа жағы сұр-қоңырқай, ал бауыры сарғыш-сұр түсте
болады. Денесінің ұзындығы 98 см, екі қанаты—170 см. Сұрала қаз
құрлықта қоректеніп, сонда тіршілік етеді деуге болады. Олар
өсімдіктердің бүршіктерін, жапырақтарын, тұқымдарын жейді, Сұрала
Қортынды
• Адамдарды үйрету мүмкін бірінші құс тауықтар болды. Бұл сегіз мыңнан астам
жыл бұрын болған. себебі неке дерзкий петухи күрес болды. жабайы құстардың
өнімділігі қолға негізгі мақсаты қораздар төбелесі болды, өте кішкентай болды.
жақсы өнімділігі асыл тұқымды тауықтар әлдеқайда кейінірек пайда болды.
құстардың ерекшелігі - жоғары өзгергіштік - тар өнімді бағыты балапан алу серпін
берді. Қазіргі уақытта 700-ден астам сорттары бар. рок қатар, крест үлкен саны бар.
Бұл адамдар осы анықтамасын сай емес - қанды. Сәндік құс усадьбалар нақты
інжу-маржаны болып табылады. түсті немесе сапа қабыршықтанудан бірегей
ерекшеліктерін шағын мөлшері - мутировать барлық тауықтар үрдісі. Ол асыл
тұқымды құстардың жеке бағытына әкелді. Сәндік көбінесе олардың төмендетілген
көшірмелері (Pekin тауық) болып табылатын, қарапайым коммерциялық
түрлерінің арасында олардың «Бабалар» бар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz