Өткізгіш жүйенің жасушалары және жүрек аурулары


Slide 1

СӨЖ

Тақырып: Өткізгіш жүйенің жасушалары және жүрек аурулары.

Қабылдаған: М. ғ. к., доц С. А. Ажаев.

Орындаған: Мамадалиева Диана.

Тобы: ЖМ - 105

Қ. А Ясауи атындағы қазақ - түрік халықаралық университеті Жалпы медицина факультеті

Гистология кафедрасы

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

1. Жүрек өткізгіш жүйесі.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Өткізгіш жүйе жасушалары, бұзылу салдары, патологиясы

2. Пуркинье талшықтары, бұзылу салдары патологиясы

3. Пейсмейкер жасушалары, бұзылу салдары патологиясы

4. Өткізгіш жүйе бұзылу салдарынан туындайтын жүрек аурулары

5. Жүрек аурулары.

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Жүректің өткізгіштік жүйесі - жүректің ырғақтық жұмысын қамтамасыз ететін, күрделі бұлшық ет-жүйке талшықты құрылым. Өткізгіш жүйе жасушалары ырғақты импульсті өндіріп, оны жүрекшелер мен қарыншаларға өткізіп, олардың жиырлуын қамтамасыз етеді.

Slide 4

Жүректің өткізгіш жүйесі

Slide 5

Жүректің өткізгіштік жүйесі - импульсті өндіріп оны ары қарай миокардтың жиырылғыш жасушаларына беретін, бұлшық ет жасушаларынан тұрады.

Жүйе құрамына:

синусты-жүрекшелі түйін

жүрекше-қарыншалық түйін

жүрекше-қарыншалық шоғыры ( Гис шоғыры)

Пуркинье талшықтары

Кардиомиоциттердің 3 типі ажыратылады:

Импульсті өздігінен жүргізетін Пейсмекер (Р-жасушалары)

Аралық жасушалар

Гис шоғыры жасушалары мен Пуркинье талшықтары

Негізгі бөлім

Slide 6

Пейсмекер жасушаларықойнау-жүрекше түйінінің орталық бөлігін құрайды. Олардың негізгі функциясы - жүрек автоматизмін қамтамасыз ететін жиырылтқыш импульстерді генерациялау. Р-жасушалардың өлшемдері кішкентай - 10 мкм-ге дейін, пішіні-көпбұрышты. Саркоплазмасының перифириясында ретсіз орналасқан аз ғана миофибрилдері бар, гликогені және митохондриялары да аз. Т-түтікшелері жоқ. Саркоплазмалық торы нашар дамыған. Бұл жасушалардың мембраналары өздігінен натрий иондарын жасуша ішіне өткізу, ал калий иондарын - жасушадан шығару қасиетіне ие. Осының арқасында олар спонтанды (өзінен-өзі) деполяризацияға және электр импульстерін генерацилауға қабілетті. Сөйтіп, Р-жасушалар жүректің қысқарылуына серпіліс беріп тұратын, жиілігі минутына 60-80 импульстерді өндіреді. Пейсмекер жасушалары вегетативтік қимыл нерв ұштарымен өте жақсы иннервацияланған.

Slide 7

Негізгі жасушалар болып - аралық жасушалар(Т-жасушалар) саналады. Бұл жіңішке созылыңқы келген жасушалар. Миофибриллалары едәуір дамыған. Аралық жасушалар өзара қыстырма дисктер және қарапайым байланыстар арқылы байланысқан. Қозуды Р-жасушаларынан шоғыр жасушаларына және жұмысшы миокард жасушаларына өткізеді.

Slide 8

Гис шоғыры жасушалары мен Пуркинье талшықтары - үшінші типті жасуша. Құрамында спираль тәрізді ұзын миофибриллалары бар. Аралық жасушалардан қарынша миоциттеріне қозуды өткізетін өткізгіш болып табылады. Көлемі үлкен, құрылымында эксцентрлі орналасқан ядросы бара жіңішке миофибриллалары бар, Т жүйесі болмайды.

Slide 9

Пуркинье жасушалары - миокардтағы ең үлкен жасушалар. Құрамында гликоген қоры көп, миофибриллалары бар, т-түтікшелері жоқ. Жасушалар мықты байланысты және импульсттің тез берілуін қамтамасыз ететін өзара нексусатармен және десмосомалармен байланысқан. Соңғыларының арқасында импульстер Пуркинье талшықтары арқылы қарыншаның жұмысшы (жиырылғыш) кардиомиоциттеріне өте жоғары жылдамдықпен жетеді.

Slide 10

Кардиомиоциты проводящей системы сердца: I - схема расположения элементов проводящей системы сердца; II - кардиомиоциты синусного и атриовентрикулярного узлов; а - Р-клетки; б - переходные клетки; III - кардиомиоциты из пучка Гиса; IV - кардиомиоцит из волокон Пуркинье.

Slide 11

Түйіннің функциялары:

Автоматизм

Қозғыштық

Тежелуші

Slide 12

Жүректің атриовентрикулярлы түйінінің өткізгіш кардиомиоциттері

1-өткізгіш кардиомиоциттің ядросы; 2-фибриллалар; 3-митохондриялар; 4-десмосома: 5-гликоген; 6-коллаген фибриллалары

Slide 13

Өткізгіш жүйенің барлық элементтері электрлік импульсті өздіктерінен өндіре алса да, негізгі түйін болып, басқа элементтерді бақылайтын және басып отыратын, негізі синусты түйін болып табылады.

Түйіндегі қозудың таралуы

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Жүректің өткізгіш жүйесінің бұзылыстарымен сипатталатын патологиялар

Миокард инфаркты, жүректің ишемиялық ауруы кезінде Р-жасушалар мен өтпелі жасушалар арасындағы байланыстар бұзылады. Бұл аурулар кезінде жүрек жиырылуының ритміне өтпелі жасушалар (минутына 30-40 рет ) ұйытқы болады. Жиырылудың мұндай ритмі физиологиялық қажеттіктерге сәйкес келмейді, әсіресе жүрек жүктемесі ұлғайған кезде. Мұндай жағдайларда аурулардың терісінің астына арнайы аспап, жүрек бұлшықетіне қалыпты ритм беріп тұратын - кардиостимуляторды имплантациялайды.

Slide 17

Жүректің өткізу фунциясының бұзылыстары (блокадалар)

Өткізу функциясының бұзылыстары - импульс өткізілуінің баяулауы немесе мүлдем болмауы. Толық емес блокада - импульс өтуінің баяулауы немесе импульстің оқтын-оқтын өткізілмеуі. Толық блокада - импульстің мүлде өткізілмеуі.

Импульс жолында өткізудің бұзылысына әкелетін кедергінің орналасуына қарай блокаданың түрі:

І Синоатриальдік блокада

ІІ Жүрекшеішілік блокада

ІІІ Атриовентрикулярлық блокада

ІV Қарыншаішілік блокада

Slide 18

СА блокада - синус түйінінен шыққан импульстің жүрекшелерге өтуінің бұзылысы.

ЖІ - блокада жүрекшелердің бір немесе бірнеше түйінаралық өткізу жолында импульс өтуінің баяулануы немесе үзілуі.


Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРНЫ ЖҮРЕК
Жүрек тамырлар
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІНІҢ ЖИЫРЫЛУ МЕХАНИЗМІ
Синустық аритмия
Қанның қызметі
Жүрек аритмиясы
Қанның аутоиммунды құрылымы
Жапырақ құрылысы
Иіс сезу мүшесі
Симптомдар мен синдромдар жөнінде түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz