ШКАФТА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ САҚТАЛУ ЕРЕЖЕСІ
Презентация қосу
ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық
құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға
болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты
бар заттарды атайды.
ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, оларды
диагностикалауға және емдеуге, сондайақ ағзасының
күйі мен функцияларының өзгеруіне арналған
фармакологиялық белсенді заттар.
ҚАСИЕТТЕРІ
Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері
химиялық құрылысына, функционалдық белсенді
топтастардың бар болуына,олардың молекуласының
өлшеміне байланысты болады.Зат рецептормен өзара
тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз
жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік
заттардың құрылымын және рецептормен жанасу
дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне
тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу
үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни
комплементарлығы өте маңызды.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫ
ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін маңыздылығы өте
жоғары. Ал дәрілік заттардың құрылысы химиялық,
физикалық қасиеттері әртүрлі. Әсер ету ұзақтығы өте
ұзақ және маңыздылығы жоғары. Дәрілік заттардың
адам ағзасына, жынысына, жасына,генетикалық
ақпаратына, тәуліктік ырғақтығына тікелей
байланысты болады. Заттардың ағзаға әсер ету
ұзақтығы егде адамдарда ұзақ, ал орта жастағы
адамдарға әсер ету ұзақтығы өте тез және жеңіл
жүреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың дозаларымен
қоса қайталап қолдану және өзара әсерлесуіне де
байланысты болады, яғни адам ағзасына дәрілік
заттардың әсерлері әртүрлі болатыны анықталды.
МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕМДЕУ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ
ДӘРІХАНАДАН ДӘРІ ЖАЗДЫРЫП АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Дәрігер бөлімшеде, науқастарды тексеру барысында,
ауру тарихына немесе нұсқау қағазына осы
емделушіге қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін,
енгізу санын және жолдарын жазады. Палаталық
медбике нұсқауларды іріктеп, тағайындалған
дәрілерді дәптеріне көшіреді. Егу туралы деректерді,
оларды орындайтын процедура мейірбекесіне береді.
Поста немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған
дәрілердің тізімі орыс тілінде бөлімшенің аға
медбикесіне беріледі. Белгілі формада, латын тілінде,
2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы
қойылған дәріханадан дәрілерді алуға арналған талап
ету құжатын аға медбике толтырады.
Улы және есірткілік дәрілер, сонымен қатар, этил спиртіне талап
ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы
талап ету құжаттарына ЕАМ-нің бас дәрігері немесе оның емдеу
жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады. Аса
тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарынада,
емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын
көрсетеді, Аға медбике дәріханада дәрі-дәрмектерді аларда
олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада
жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек:
сыртқы қолдануға арналған дәрілер – сары түсті, ішкі қолдануға
арналған дәрілер – ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрі
– көк түсті. Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары,
концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік
фораларда фармацевтің қолы болуы керек.
БӨЛІМШЕДЕГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ
САҚТАЛУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ
ТАЛАПТАР
Дәрілік заттар сақтау үшін арнайы шкафтар,
тоңазытқыштар және сейф болады. Олар
мейірбикенің қызмет орнында сақталады. Олар
жақсы жабылуы және сол жердегі мейірбике оларды
бақылап тұруы тиіс.
Дәрілерді сақтауға арналған процедура
кабинетіндегі шкафтар, тоңазытқыш және
сейф.
ШКАФТА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ
САҚТАЛУ ЕРЕЖЕСІ
Шкафқа дәрілер тобы бойынша (стерильді, ішетін,
жағатын) бөлек сөрелерге орналастырылады. Әр
сөренің өзіне сай жазуы болуы тиіс. Сөредегі
дәрілерді олардың түрлеріне қарай орналастырған
дұрыс. Артқы жағына ірі, алдыңғы жағына кішілеу
ыдыстар қойылады. Бұл кез келген этикетканы оқып,
өзіне керектісін алуға мүмкіндік береді.
Улы және қатты әсер ететін дәрі-дәрмек заттар ерекше
жағдайларда сақталады. Оларға ішкі қабырғасына сақтауға
жататын дәрілік заттардың тізімі ілінген шағын сейфтер арналады.
А шкафында улы заттар (нарко-тиктер, стрихин, мышьяк), ал Б
шкафында қатты әсер ететін заттар (кодеин, адрёналин, ұйқы
дәрілер) болады. Улы және қатты әсер ететін дәрілерді жұмсауды
есепке арналған жіп өткізілген, беттері нөмірленген екі дәптері
болады, ол емдеу мекемесінің күкірт мөрімен бекітілген. Улы
және қатты әсер ететін дәрілер, сондай-ақ олардың есебін
жүргізетін дәптердің сақталуына толықтай кепілдік болатын
жағдай тудыруға тиіс. Улы және қатты әсер ететін заттарды дұрыс
сақтамағаны және ұрланғаны үшін медициналық қызметкерлер
қылмыстық жауапкершілікке тартылады.. Ампулаға құйылмаған
зарарсызданған ерітінділер 3 күннен артық сақталмайды, олар
тіпті аузы ашылмаған болса да, төгіп тасталынады. Дәрі-дәрмек
заттардың бұзылуының белгісі — беткі түрінің бұзылуы,
қабыршық-тануы, түсі мен иісінің өзгеруі т. б.
“А” және “В” тізіміне кіретін
препараттарды сақтауға арналған сейфтер.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САҚТАУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мейірбике бөлмесінде дәрілік заттарды сақтауға
арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.
Дәрілік заттар шкаф ішіндегі сөрелерде дәрілер
топтарға бөлініп орналасады (антибиотиктер,
диуретиктер, ). Шкафтың төменгі сөрелерінде
тұңбалар, спиртті сығындылар (натрий хлориді ,
глюкоза және т.б.) орналасады. Шкафтың артқы
бөлігінде үлкенірек дәрілер, алдына кіші ыдыс пен
қорапшадағы дәрілер орналасады. Бүлінетін
дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде
сақтайды (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарды).
Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, мезол) басқа дәрілерге
иісі тарамау үшін бөлек қораптарда сақтайды. Тез
бұзылатын препараттар (тұңбалар, қайнатпалар,
микстуралар) мен майлар, вакциналар, сары су, ректалдық
балауыздарды тоңазытқышта сақтайды. Дәріханада
даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы
залалсыз ерітінділердің сақтау мерзімі – 10 тәулік, ал
қағазбен оралғандар – 3 тәулік, тұңбалар, қайнатпалар,
микстуралардың сақтау мерзімі – 3 тәуліктен аспауы қажет.
Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері
болмаса да оларды төгіп тастау керек.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ӘРБІР БӨЛІМШЕДЕ
ТҮРЛІШЕ ТАРАТАДЫ.
Бірнеше ұяларға бәлінген, онда сырқаттың аты-жөні
көрсетілген және алдын ала дәрі салынып қойған
астаушаларды пайдалануға болады. Мейірбике осылай
салынған дәріні палаталарға таратады. Қейде
жылжымалы шағын үстелшелер пайдаланылады, оның
үстіне барлық дәрілерді, суы бар графинді, ұнтақ пен
түймедақтарды ұстайтын қысқыш (пинцет), тамызуға
арналған пипеткалар мен сұйық дәріге арналған
мензуркалар қояды. Бұл шағын үстелді мейірбике
палатаға итеріп кіргізіп, сырқат көзінше қажетті
дәрілерін береді, сырқат оны дереу қабылдайды. Дәрі
берер алдында мейірбике оны тағы да мұқият қарап,
оның мөлшерін, белгілеуге сәйкес екенін тексереді.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС
ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ
Дәрілік заттарды есептен шығару және кейіннен жою
процедурасы айтарлықтай кең құжаттамалық
қолдаумен байланысты. Негізгі қағаз - бұл есептен
шығару туралы акт, ол бұзылған немесе мерзімі өтіп
кеткен есірткілерді жоюға беруге негіз болады.
Мұндай дәрі-дәрмектерді анықтау және жою процесі
бірнеше маңызды кезеңдерді қамтиды:
ТҮГЕНДЕУ
Сапасыз дәрілік заттарды анықтау және бекіту;
түгендеу ведомостарына мәліметтер енгізу (түгендеу
комиссиясы мүшелерінің және материалдық
жауапкершілігі бар адамдардың қолдарымен);
бұл деректерді бухгалтерлік құжаттамада көрсету.
ІСКЕ ҚОСУ.
Түгендеу объектілеріне келтірілген залал актісін комиссиясының
мүшелері осы зиян анықталған сәтте толтырады. Зақымдалған
активтердің әр тобына жеке акт жасалады (мысалы, дәрі-
дәрмектер, контейнерлер және т.б. үшін). Бұл құжатта анықталған
зиянның себептері және оған жауапты адамдар көрсетілуі керек.
Бүлінген дәрі-дәрмектер мен медтараның баланстық құны
көрсетілген. Оған адамдардың бүлдіруіне кінәлі адамдардың
түсініктемелері (егер олар болса) қоса беріледі.
Бұл құжат 3 данада жасалады: актінің бір данасы қаржылық
жауапкершілікте болуы керек және материалдық құндылықтарды
есептен шығару кезінде есепке қосылу үшін пайдаланылуы керек.
Есептен шығару актісі бүлінген немесе мерзімі өтіп кеткен дәрі-
дәрмектерді жоюға арналған негізгі құжат болып табылады. Оның
негізінде олар жою үшін арнайы ұйымдарға беріледі.
БӨЛУ.
Есептен шығару үшін таңдалған дәрі-дәрмектерді
енді қауіпсіз дәрілермен бірге сақтауға болмайды.
Оларды арнайы «карантиндік аймаққа» - бөлек
бөлінген орынға ауыстыру қажет
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ЖОЮ
Сапасыз болып қалған дәрілерді жай қоқысқа
тастауға болмайды. Оларды заңмен реттелетін жоюға
рұқсаты бар арнайы фирмаларға беру керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дәрілік заттардың әсері, ол организмнің бірнеше
қасиеттеріне байланысты өзгереді және тәуелді
болып келеді. Дәрілік заттар сезімталдық жасына,
жынысына, генетикалық факторларға, ағзаның
жағдайына, тәуліктік және биологиялық ырғақтың
маңызына байланысты өзгереді
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Каркабаева,А.Д. Клиникаға кіріспе-2. 1-бөлім: оқу
құралы/ А.Д.Каркабаева, Н.Н.Теляева.-Астана: 2017
2. 1. Каркабаева,А.Д. Клиникаға кіріспе-2. 2-бөлім: оқу
құралы/ А.Д.Каркабаева, Н.Н.Теляева.-Астана: 2017
3. Кабиева,С.М. Введение в клинику. Т. 1. :учебник/
С.М.Кабиева – Алматы: Эверо, 2016
4. Кабиева,С.М. Введение в клинику. Т. 1. :учебник/
С.М.Кабиева – Алматы: Эверо, 2015
5. Клиникаға кіріспе. Том 1 :/С.М.Кабиева; ҚР денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. ҚММУ. –
Алматы: Эверо, 2016
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒ
А РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz