Айтыс - халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі
Презентация қосу
Айтыс
Айтыс — ауыз әдебиетінде
ежелден қалыптасқан
поэзиялық жанр, топ
алдында қолма-қол суырып
салып айтылатын сөз
сайысы, жыр жарысы.Айтыс
— синкреттік жанр, ол
тұрмыс-салт жырларынан
бастау алып, келе-келе
ақындар айтысына ұласқан.
Айтыста осыған орай
лирикалық, эпикалық,
драмалық сипаттар мол
ұшырасады. Сол арқылы бұл
жанр ауыз әдебиетінің өзге
түрлерімен қанаттаса
дамып, бір-біріне елеулі
әсер-ықпал жасап отырған.
Айтыс, оның түрлері мен
көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс
жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму
тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және
түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы
Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың
алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады.
Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-
бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де,
өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы,
тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп
топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса
керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде
адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа
айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту
қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына,
сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын
топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен
тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым
кеш туғандығы анық.
Айтыстың өзіне тән
ерекшеліктері
Ақындар айтысында "жаттама (трафарет)
өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді
табан астында шығарады, тосыннан айтысады.
Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар
кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын
сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі
тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін,
өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады.
Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап
беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның
бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті,
тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар,
ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын,
этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек
етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен
ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз
болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін
қолдану ақынға абырой әпермейді.
Сақау мен Тоғжанның айтысы
Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің
көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың
сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік,
сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын
алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл
айтыстан небір шұрайлылары табылады.
Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын
алқымы іспес, –
деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, "қырандай желді
күнгі аспандаймын" деген жолдағы теңеу үздік образдар екені
сөзсіз. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және
көбірек қолданатын әдісі – метафора, әсіресе оның ұлғайған
түрі. Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-
мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана
білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар,
Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем. Біржан мен Сара
айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония
мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың
соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз,
сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға
құрылады.
Айтыс ақындары
Қазаққоғамында ақынның ақын болып танылуы
да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп
айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына
таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне
логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі
ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан
секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс
ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге
қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар,
Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді
ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген.
Мысалы, Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар
түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба,
көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң,
өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл
табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған
ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап
емес.
Әуезовтың айтыс туралы ой-
пікірлері
Әуезовтің айтыс жанры туралы сүбелі еңбегінің бірі
- 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдық мерейтойында
жасаған «Жамбылдың айтыстағы өнері» дейтін
баяндамасы («ҚазКСР ғылым академиясының хабарлары.
Әдебиет сериясы», 1948, N2 55). Бұл еңбегінде автор
ақындар айтысының үш халықта - қазақ, қырғыз,
қарақалпақтарда бар екенін айтады. Ақындар айтысына
ұқсас жанрдың көшпелі араб тайпаларында бар екеніне
(мұғалақат) тоқталып, қазір ірі жанр ретінде жоқ
болғанмен, ертерек уақыттарда Еуропа халықтарында да
айтысқа ұқсас жанрлар болғанын атап көрсетеді.
Айтыскер ақынға тән қасиеттер ретінде алғыр
импровизаторлық қасиет, дүниетанымның кеңдігі,
тапқырлық, батылдық тағы басқа қасиеттерді санамалап
айтқан. Жамбыл айтыскерлігін мысалға ала отырып,
айтыстағы демократиялық үрдістің дамуын және
жыршылық дәстүрдің айтыс ішіне кіру ерекшеліктерін
талдаған. Айтыс жанры - 19 ғасырда Ш. Уәлиханов, В.
Радловтардан басталған үлкен ғылыми-зерттеу тарихы
бар жанр.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz