Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Тарих және педагогика факультеті
Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық тәсілдер мен қағидаттар
Орындаған:
Тобы:М1301-12, М1301-22
Қабылдаған:Арзымбетова Ш. Ж

Жоспар:
1. Педагогика ғылымындағы әдіснама ұғымы және әдіснама туралы теориялар.
2. Э. Г. Юдиннің әдіснамалық білімдер құрылымының деңгейлері
3. Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық тұғырлар мен принциптер.

Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анықталады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді.
Сондықтан әдіснама - зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Ал, педагогиканың әдіснамасы дегеніміз - педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымы, білімдердің жүйесі, педагогикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу амалдары және білім алу амалдарының түрлері туралы білімдер жиынтығы.
«Әдіснама» - ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім. Білім беру мазмұны XVІІІ ғасыр соңында - XІX ғасыр басында білім беру мазмұнының негізгі теориялары қалыптаса бастады

Теория - педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді.
Теория - таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады.
Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі.
В. В. Краевский педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.
Педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада - жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.
В. В. Краевский

Педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада - жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.

Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнына мына білімдер енеді:
педагогикалық білім құрылымы мен әрекеттері туралы білім;
жалпы ғылымдық мазмұндағы ағымдағы, негізгі, іргелі педагогикалық теориялар,
тұжырымдамалар, болжамдар;
педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;
тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.

Э. Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.
Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық аппаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екіншісі, жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылымилық қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеалдау, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т. б қатысады) .
Үшінші, нақты ғылымилық әдіснама педагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т. б ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;
Төртінші, зерттеудіңәдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы.

Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
- ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық- дүниетанымдық, логикалық-гносеологиялық, құндылықты-нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен категориялар) ; - теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары) ; - әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары) ; - логикалық негіз(формалды және диалектикалық логика заңдары, дәлел және аргумент ережесі) ; - эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс) .

Оқыту процесі әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделгендіктен төмендегі әдіснамалық тұғырларға сүйенеді:
Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары:
Орта әcepiн ескеру;
Гуманитарлық - мәдениеттанушылық
Жүйелілік;
Аксиологиялық;
Жобалау;
Праксиологиялық;
Жаһандық ;
Жеке тұлғалық - әрекеттік;
Деонтологиялық;
Рефлексивтік;
Ресурстық;
Диалогиялық тұғыр;
Жеке тулғалық - бағдарлық;
Инновациялық тұғыр;
Нормативалық;
Компетенттік немесе құзіреттілік;
Стандарттық;
Квалитологиялық тұғыр;

Аталған тұғырлардың кейбіріне тоқтала кетейік.
Синергетика тұғыры оқыту процесін тұтас жүйе ретінде тұрақты байланыста, өзіндік ұйымдастырылу арқылы өзгеріске түсетіндігін ескереді. Синергетикaлық тұғырдың ұстaнымдaры: тaнымдық сaнaның субъектілігі; қосымшaлық (комплементaрлық (бірін-бірі толықтырaтын) тұжырымдaмa: дaму үшін қaрaмa-қaйшылықтaр тек диaлектикaлық тұрғыдaн жою ғaнa емес, қосымшa мәмілеге келу мен өзaрa бірін-бірі толықтыру есебінен болaды; ұстaз монологы диaлогқa, өзaрa әрекетке, дaмушы тұлғaның еркіндігіне бaғыттaлғaн серіктестікке, оқыту және тәрбие aқпaрaттaрының қол жетімділігіне орын береді (Қожaхметовa К. Ж. және т. б. ) .
Тұлғaғa бaғыттaлғaн тұғыр
Тұлғaғa бaғыттaлғaн оқытудың теориясы білімнің ізгіленуі болып тaбылaды, ол жaңaшыл-педaгогтaрдың тұлғaны дaмытa оқыту теориясы негізінен шыққaн, ТБО құрaстырылғaн ұстaнымдaры бaр, оқыту мaқсaтын, үдерісі мен дaму нәтижесін aйқындaйды, оқушының белсенділігін болжaйды. ТБО теориясы негізінде ТҰЛҒA - бaлa, оқушы, студенттің тұлғaсы тұрaды. Тұлғa бaрлық білім беру үдерісінде мaқсaты, субъектісі, нәтижесі, тиімділігін бaғaлaу критерииі болaтынын түсіну мaңызды . Оқушы тұлғaсының педaгогикaлық үдерісте, болaшaқ кәсіби іс-әрекетінде, өмірде aшылуы және жүзеге aсуы тұлғaғa бaғыттaлғaн білім берудің бaрлық теориясының бaсты қызмет болып есептеледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz