Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар
Презентация қосу
Менеджмент пәні бойынша дәріс
13 тақырып: Көшбасшылық стильдері
Жоспар:
1. Лидерлік теориясы. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан
қарағандағы тәсіл
2. Басшылық стилі туралы түсінік және олардың түрлері, оны
қалыптастыру факторлары
1 сұрақ. Лидерлік теориясы. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан
қарағандағы тәсіл
Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы
адамдардың бақылаған кезде, ол өзінің осы міндетіне лайық әрекет етеді.
Лидерлік - бұл жеке адамдарға немесе бір топтағы адамдарға әсер ету қабілеті.
Лидерлікті қолданудың үш тәсілі бар:
жеке адамдардың қабілеті мен көзқарасы тұрғысынан қарағанда ;
тәртіптілік
жағдайлық
Жеке адамдардың қабілеті мен қөзқарасынан қарағандағы ерекшелігі
мынандай:
интеллект пен білім деңгейі;
әсерлі сыртқы келбет;
дұрыс бағыттағы ақыл;
экономикалық және әлеуметтік ғылым;
өзіне деген сенім
Тәртіптілік тәсіл – басқару стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптік
стилін қалайды. Бұл тәсілдің тиімділігі, басқарудың жеке қасиеттерін
емес, бағынышуларға деген көзқарасын, қарым – қатынасын анықтайды.
Жағдайлық тәсіл – бұл тәсілді қолданышулардың пікірі бойынша
лидерліктің басты стилі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Дуглас Мак Грегор басқару тәсілдерін атап көрсетті:
1.Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
А) Х теориясы
Адамдар әуелден-ақ жұмыс істегілері келмейді және ыңғайы келгенде
жұмыстан қашқақтайды;
Адамдардың бәрі бірдей адалдықты мұрат тұтпағандықтан, олар
жауапкершіліктен құтылуға тырысады;
Адамдарды еңбек етуге баулу үшін, еріксіз көндіру мен жаза қолдану
аса қажет болған.
Ә) «У теориясы» бойынша:
Еңбек – табиғи процесс. Егер жағдай қолайлы болса, онда адам
жауапкершілікті өз міндеттеріне алып қана қоймай, оған олар
ұмтылады;
Егер адам ұйымның мақсатын терең біліп түсінген болса, олар өзін-өзі
басқару мен өзін-өзі байқауға тырысады;
Мәселені шығармашылық жолмен шешу қабілеті жиі кездеседі.
2.Демократиялық әдіспен басқарушы аса жоғары деңгейдегі
қажеттілікке сүйенетін ықпал ету жолдарын көздейді.
Ол қажеттіліктер:
Керек жараққа қажеттілік;
Автономиялар;
Ойын өзінше жеткізу қажеттігі. Бұл жағдайда бағынушылар шешім
қабылдауға белсене қатысады және тапсырманы орындау барысында
кең бостандыққа ие.
3.Либералдық әдіспен басқарушы бағынышты қызметкерлерге өз мақсаттарын
анықтап алуларына мүмкіндік туғызады және олардың жеке жұмыстарын
бақылауларына толықтай бостандық береді.
Басшылар екі топқа бөлінеді:
Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар;
Адамға көңіл бөлетін басшылар.
Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар ең алдымен жобалау мақсатының қамын
көбірек ойлап, сыйлық арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады.
Басшы мен ұжым арасындағы қарым-қатынастар:
Бағынышты адамнан күтетін нәрсенің түсініктемесі;
Бағынышты адамды қолдап, олардың өздерін еркін ұстайтынына көздерін
жеткізу;
Бағынышты қызметкердің күш-жігерін көздеген мақсаттарға жетуге бағыттау;
Басшының қол астында тұрған және ол қанағаттандыра алатын қажеттіліктерді
бағалауға жағдай жасау;
Мақсатқа жеткеннен кейін бағынышты қызметкердің қажетін қанағаттандыру.
Ғалымдар басқару тәсілдері екі түрде болатынын дәлелдеді:
Қолдау тәсілі, яғни адамдарға бағытталған немесе адамгершілік
қатынастар.
Инструментальді тәсілі, бұл жұмысқа немесе міндетке бағытталған.
Бұлар мына факторларға байланысты:
Бағынышты қызметкерлердің жеке өзіндік қасиеттері;
Ортаның әсер етуі.
2 сұрақ. Басшылық стилі туралы түсінік және олардың түрлері, оны
қалыптастыру факторлары
Жетекшінің жұмыс стилі - басқару процесінде жетекшімен қолданылатын және
оның іс-әрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын
қайталанатын әдіс пен басқарушылық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы.
Басқа жағынан, бұл әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық қатынастардың адамдармен жетекшілік ету процесіндегі жеке
түрдегі іске асыру формасы
Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мәдениеті, білімі, тәжірибесі көрініс
табады. Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық климатына елеулі әсер етеді.
Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста, тіпті оны кей кезде
басқарушылық қызметтің «жазуы» деп те атайды.
Жетекшілік стилінің бірнеше класификациясы бар. Бірінші және кебіне белгілі
классификация - бұл авторитарлы, либералды, демократиялық стильдер.
Авторитарлы (директивалы) стиль жетекшінің ролін асыра пайдаланумен
байланысты. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз
болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру
әдістері, пайымдаумен емес, күштеу әдістерімен іске асырылады.
Өкінішке қарай, қазіргі заманғы жас басшылардың кепшілігі осылай ойлайды және
өткен стильді таңдайды. Бұл стиль үлкен білікті қызметкерлер ұжымында төмен
нәтиже береді.
Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен
сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшін
жауапкершілікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік
аркалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады.
Демократиялық стиль ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды
ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға және
дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған
шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен
бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.
Басшының стилімен жұмысты жетілдіруге болады. Жақсы басшы - жақсы
психолог. Огайо және Мичигана университеттерінде (АҚШ) жүргізілген
зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық әдісін жасауға әкелді. 1996
ж. Р.Блейк пен Дж.С.Моутон жасаған басшылық стильдерінің матрицасы басқаруға
екі қатынастың әр түрлі комбинацияларының өзара үйлесуін береді: адамдарға
қамқорлықпен және өндіріс үрдісіне күш сала отырып басшылық жасау.
Матрица дегеніміз - әр қайсысын 9 бөлікке бөлген 2 шкаланың қиылысуы
болып табылады. Тігінен ұжымды басқарудағы адамдарға қамқорлық дәрежесі,
ал көлденеңінен өндірістік үрдіске басшылық жасау дәрежесі қойылады.
Барлығы 81 үстын (9x9), яғни басқару стилінің 81 нұсқасы алынады.
Компанияны басқару кезінде мінез-құлық нұсқауларының әрқайсысын аталған
матрицадан алынған кез келгенімен салыстыруға болады. Р.Блейк пен Дж. С.
Моутон матрицаның 5 шеткі және неғұрлым тән ұстынын сипаттады.
1. Авторитарлық басшылық. Бұл тұстын басшысы өндіріс туралы қамқорлық
болып табылатын және ешқандай әлеуметтік қызметті мүлдем жүзеге
асырмайтын менеджерлерге тән. Олар қызметті жанама нәтиже деп таниды.
Олардың есептеуінше, басқару шешімдерінің сапасы ол қабылдаған
бағыныштылардың қатысу дәрежесіне тәуелді емес. Осындай менеджерлерге
тән оң бөлігіне жоғары жауапкершілік деңгейі, еңбекқорлық,
ұйымдастырушылық қабілеті, жеке-дара мүмкіншіліктер тән. Бірақ мұндай
басшылар мен бағынушылар арасында үнемі қашықтық сақталады, тікелей
байланыс пен өзара түсіністік жиі қалыс қалады, топтык тәртіптің
қанағаттанарлық деңгейі ғана сақталады.
Әлеуметтік басшылық (либералдық стиль). Бұл ұстын өз бағыныштыларына
айрықша назар аударатын басшыларға тән. Мұндай менеджерлер табыс негізін
ұжымдағы сенім, өзара түсіністік ұстау деп санайды.
3. Өндірістік-әлеуметтік басқару (ымырашылдық стиль). Бұл ұстын адамдар
туралы қамқорлықтықты өндіріс туралы қамқорлықпен үйлестіре білетін
басшыға тән. Мұндай менеджердің есептеуінше, барлық жағдайда ымыра-
жақсы шешім, ол нәтижелі басқаруға негіз. Шешім қабылдау үрдісіне бақылау
жасау.
Жетекшінің екі түрі болады:
1.Инструменттік жетекші— адамдар тобында міндет пайда болғанда топ
мүшелері осы жүмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді.
2. Эмоционалдық жетекші— бұл маңдай алды жақсы адам.
Өндіріс үрдісіндегі бақылауды жүзеге асыруға жұмысшылардың өтемақысы
болып табылады. Мұндай белгілердің басшылардың сән белгісі тұрақтылақ,
бастаған ісіне құлшыныс, ойлаудың стандарттық еместігі, алға басушылық
көзқарастар. Бірақ, өікінішке қарай, көзқарастардың алға басушылығы басқару
стилінің өзіне тікелей аз таралады.
4. Қарапайым басшылық немесе «жұмыстағы демалыс» (ұйымшылдықты
бұзу, берекені кетіру: барлығын уыстан шығарып алу). Бұл ұстын өзінің
бағыныштыларына да, өндірістік үрдіске де салқын, салғырт қарайтын
басшыға тән. Оның есептеуіншe, басқарушы үнемі сырттай сарапшының
жәрдеміне жүгіреді. Ол, бәрінен бұрын, «өз портфелі кең креслосының
сақтаушысы» ғана.
5. Әміршіл басшылық немесе «бете-бет» басшылық «демократтық,
мұратшылдық стиль). Бұл ұстын адамдар мен өндіріске ұқыптылықпен
қарайтын басшыға тән. Ол әлеуметтік саясат саласында да, өндірісте де
күштеуге тырысады.
Үй тапсырмасы:
Практикалық сабақ 13.
1. Жағдайлық көзқарас: Ф.Фидлердің жағдайлық моделі, Т.Митчел пен
Р.Хаустың «жол – мақсат» көзқарасы.
2 П.Херси мен К.Бланшардың «өмір циклі» теориясы, В.Врум мен
Ф.Йеттонның басшысының шешім қабылдау моделі.
Бақылау түрі: ауызша (презентация)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz