Өндірістік улардың қабаттасып әсері етуі



Тақырып 8
Кафедра: Еңбек гигиенасы
М. ғ. к., доцент Ниязбекова Л. С.
Еңбек гигенасы кафедрасы КазНМУ
Өндірістік токсикология негіздері.
Негізгі өндірістік улардың токсикологиясы. Химиялық заттектердің уытты әсеріне әсер ететін факторлар. Химиялық заттектердің организмге зиянды әсерінің алдын алу шаралары

Жоспар
Өндірістік улар.
Өндірістік улардың жіктелуі.
Негізгі өндірістік улардың токсикологиясы
Өндірістік ортаның химиялық және физикалық факторларының өзара әсері.

Өндірістік улар
Адамның өнеркәсіптегі еңбек іс әрекеті үрдісінде кездесетін, қауіпсіздік техникасының ережелерін және еңбек гигиенасын сақтамаған жағдайда жұмысшыларға зиянды әсер ететін барлық немесе барлығына жуық химиялық заттар өнеркәсіптік улар болып табылады. Олар газ, бу немесе сұйық, сондай-ақ шаң, түтін немесе тұман түріндегі бастапқы, аралық, жанама немесе соңғы өнімдер болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта 5 млн-дай химиялық заттар белгілі, оның ішінде 60 мың-дайы кең көлемдегі қолданыста. Жаңа химиялық қосылыстар мен қоспалар-дың 500 - 1000-ға дейінгілері жыл сайын халықаралық саудаға шығарылады.
Бірқатар қосылыстар жоғарғы токсикалық әсерге ие. Басқа да токсикалық қосылыстар өзінің тұрақтылығына, жинақталу қасиетіне және қоршаған ортада кең таралуына байланысты адам денсаулығына қауіп төндіреді. Кейбір заттар химиялық және физикалық үрдістер әсерінен одан көп улы қосылыстарға айналуға қабілетті, ал қоршаған ортаның (жұмыс істеу аймағының ауасы ) химиялық заттармен ластану мүмкіндігі өршиді.

Жұмысшыларға химиялық заттардың зиянды әсерін алдын алуға бағытталған шараларды ғылыми-техникалық үрдіс жеңілдетеді. Мұнда өндірістік токсикология маңызды рөл атқарады.
Өндірістік токсикология - өндірісте зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мақсатымен адам организміне химиялық факторлардың әсерін қарастыратын еңбек гигиенасының бөлімі болып табылады.

Зиянды заттар дегеніміз - қауіпсіздік ережелері бұзылып адам ағзасымен жанасқан жағдайда, жаңа әдістермен анықталғандай жанасу уақытында да, кейінгі өмірі және болашақ ұрпағы үшін де ауру туындататын немесе денсаулық жағдайының өзгерісіне алып келетін заттар.
Берілген анықтамадан барлық химиялық қосылыстар зиянды заттар екенінін айтуға болады.


Жұмыс аймағы ауасына және теріде кездесетін зиянды заттарға шекті руқсат етілген концентрация орнату арқылы гигиеналық нормалау еңбек жағдайын жақсартуда үлкен рөл атқарады.
Өндірістік шикізат және дайын азық-түліктегі улы заттардың болмауын және оның қауіптілігі мен зияндылығының шекті болуын шикізат және азық-түліктің гигиеналық стандарты қарастырады.

Өндірістік улардың жіктелуі.
Өндірісте қолданылатын химиялық қосылыстар атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі жіктеулер бойынша бағаланады. Ең жиі өндірістік улар жіктеуі қолданылады:
- адам ағзасына әсер етуі бойынша (жалпы улылығы,
- тітіркендіргіштігі,
- сенсибилизирлеушілігі,
- концерогенділігі,
- мутогенді,
- ұрық өрбіту қабілетіне әсер ету) ;
- ағзаға кіру жолы бойынша (тыныс алу жолы арқылы,

- асқорыту жолы арқылы,
- тері жабындылары арқылы) ;
- қосылыстардың химиялық класы бойынша (органикалық,
- бейорганикалық,
- органоэлементарлық, т. б. ) ;
- улылық дәрежесі бойынша (аса улы, жоғары улы,
- әлсіз улы,
- өте әлсіз улы) ;
- әсер ету дәрежесі бойынша (аса қауіпті заттар,
- жоғары қауіпті заттар,
- әлсіз қауіпті заттар,
- өте қауіпті заттар) .

Өнеркәсіптік уларды токсикологиялық бағалаудың негізгі қағидалары. Өнеркәсіптік улардың жағымсыз әсерінің алдын алудағы негізгі шаралардың біріне жаңа заттар мен қосылыстарды токсикологиялық бағалау, жұмыс орындарында заттардың рұқсат етілген әсер деңгейлерін шектеу жатады.
Біздің елімізде өнеркәсіптерде қолданылатын барлық химиялық заттарды зертханалардазерттеп, жете бағалаудан бастап, химиялық өнімді жаппай өндіру және қолданумен аяқталатын көп сатылы токсикалогиялық бағалау жүргізіледі.

Егер гигиеналық стандарттар (нормативтер) дайындау мақсатында затты тереңірек токсикологиялық бағалау, оның ағзаға қауіптілігімен зиянды әсер ету сипаты туралы мәселе тұрса, онда ӘШҚД - әсер етудің шамамен алынған қауіпсіз деңгейін, содан соң шектік рұқсат етілген концентрацияларын (ШРЕК) дайындау жөнінде арнайы токсикологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК-і -бүкіл еңбек өтілі бойына, күнделікті (демалыс күндерінен басқа) 8 сағат шамасында және аптасына 40 сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істеген кезде, жұмыс үрдісінде немесе біраз уақыт өткеннен кейінгі өміріндегі, қазіргі және келешектегі ұрпақтардың денсаулық жағдайында, бүгінгі таңдағы зерттеу әдістерімен анықталатын ауытқулар туғызбауы тиіс концентрациялары. Зиянды заттардың ШРЕК деңгейіндегі әсері сезімталдылығы жоғары адамдардың денсаулық жағдайында бұзылулар болуына кепілдік бере алмайды.

Биологиялық ШРЕК-і - зиянды заттардың тікелей әсер ету үрдісінде немесе әсер еткеннен біраз уақыт өткеннен кейінгі өміріндегі қазіргі және келешектегі ұрпақтардың денсаулық жағдайында бүгінгі таңдағы зерттеу әдістерімен анықталатын аурулар немесе ауытқулар тудырмайтын, жұмысшының ағзасындағы (қан, зәр, тыныс алғаннан шыққан ауа, шаш және т. б. ) зиянды заттардың деңгейі немесе ағзаның ең зақымданғыш жүйесінің биологиялық жауабының деңгейі.

Гигиеналық нормативтерді орнатудың негізгі қағидалары:
1. Токсикологиялық зерттеулер, гигиеналық нормативтерді ғылыми тұрғыда негіздеу өндірісте қолданылуынан бұрын жүргізілуі және алдын-алу шараларын жаңа технологиялық үрдістерді, жабдықтарды, химиялық заттарды және т. б. өндіріске енгізгенге және қолданғанға дейін және одан кейін де жүргізу.
2. Гигиеналық нормативтерді негіздеу кезінде қазіргі таңдағы техникалық тұрғыдан табысқа жету керектігімен және экономикалық талаптармен салыстырғанда, медициналық және биологиялық көрсетілімдері бірінші орында тұруы керек.
3. Химиялық заттардың әсер етуінің табалдырықты болуы.

Өндірістік улардың ағзаға тусу жолдары.
У-ағзаға туа біткен немесе жүре пайда болған қасиеттеріне сәйкес келмейтін мөлшерде (сирек -сапада) түсетін тіршілік ортасының химиялық компоненті, сондықтан да өмір сүру үшін үйлеспейді.
Өндіріс жағдайларында улы әсер ететін заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, асқорыту жолы арқылы түседі. Заттардың ағзаға түсу жолдары заттың агрегаттық күйіне (аэрозольдер, булар, газдар, сұйықтар) және технологиялық үрдістің сипатына байланысты.

Химиялық заттардың улылық дәрежесі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Улылық дәрежесі (токсичность) - заттың өмір сүрумен үйлесімсіздігінің өлшемі, орташа өлімге келтіретін дозаның (ЛД50) немесе концентрацияның (ЛД50) мәніне кері шама.
Удың орташа өлімге келтіретін дозасы (немесе концентрациясы) -әсер еткеннен кейін белгілі бір мерзім ішінде бақылауда болғанда, тәжірибе жүргізілген жануарлардың стандартты тобының 50%-ын өлімге әкелетін удың мөлшері.

Улылық дәрежесінің эффектісі, ағза түрінің биологиялық ерекшеліктеріне, жынысына, жасына және жеке сезімталдығына; удың құрылымына және физико-химиялық қасиеттеріне; ағзаға түскен заттың мөлшеріне; сыртқы ортаның факторларына (температура, атмосфералық қысым және басқалары) байланысты.
Нақты өндірістік жағдайларда интоксикацияның даму ықтималдығы заттың улылығына ғана емес сонымен қатар, ағзаға өмір сүру үшін қауіпті мөлшерде удың түсуіне де байланысты. Сондықтан «қауіптілігі» түсінігі қабылданған. Қауіптілігі - шынайы өндіріс жағдайында және химиялық заттарды қолдану жағдайында денсаулық үшін зияндыәсерлерінің пайда болу ықтималдылығы.


Химиялық заттың улылық және қауіптілік дәрежесінің параметрін зерттейтін өнеркәсіптік токсикологияның тарауы - токсикометрия деп аталады.
Өндіріс жағдайында адам бір фактордың ғана емес, сондай-ақ әр түрлі факторлардың күрделі кешенінің әсеріне ұшырайды. Өнеркәсіп уларының аралас (біріккен), кешенді, бірлесе жүретін (сочетанное) әсерлерін ажыратады. Бірнеше улардың бір мезгілде немесе бірінен соң бірі ағзаға бір жолмен түсіп, әсер етуін әсері араласәсері деп атайды.

Аралас әсерінің келесі түрлерін ажыратады:
1. Аддитивті әсері - аралас әсерлерінен туындаған эффектілердің жинақталған феномені. Бұл кезде қоспалардың қосынды әсерлері әсер ететін құрамдастары әсерінің қосындысына тең болады.
2. Күшейтетін әсері (синергизм) - эффектісінің күшеюі, бұл әсері кезінде құрамдастары әсерінің жай қосындыларына қарағанда, қоспалардың қосынды әсері артық болады;

3. Антагонистік әсері - аралас әсерінің эффектісі құрамдастары әсерінің жай қосындылары кезінде күтілетін эффектісінен аздау болады.
4. Тәуелсіз әсері - аралас әсерінің эффектісі әрбір удың жеке әсерініңэффектісінен айырмашылығы болмайды. Ең уытты заттың әсері басым болады.

Токсиндік әркеттің күші мен сипатына әсер ететін шарттар.
Улардың әсер ету сипаты мен химиялық құрылымы органикалық қосылыстардың токсинділік әрекеті олардың құрылысы, қасиеттеріне тәуелді.
Көміртекті атомдардың тармақтық байланысының электролитті емес әсері белгілі. Қалыпты көміртекті қосылыстармен байланысу өзінің изомерлерімен салыстырғанда, анағұрлым жоғары токсинділік танытады. Осылайша, қалыпты пропил және бутил спирттері сәйкес изопропил және изобутилдармен салыстырғанда, күшті әсер еткіштер; сонымен қатар, пропилбензол - изопропилбензолдан, октан - изооктаннан күштірек.

Органикалық қосылыстардың молекуласына галогендерді енгізу әрқашан токсинділіктің жоғарлауымен, жаңа токсинді әсерлердің туындауы мен жүзеге асырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz