ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП, МҰҒАЛІМНІҢ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ


Slide 1

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП, МҰҒАЛІМНІҢ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ

Буланбаева Бахытнур

Slide 2

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК

ПЕДАГОГТАР ҚОЛДАНУҒА ТИІСТІ НҰСҚАУЛАР

Slide 3

МҰҒАЛІМ МӘДЕНИЕТІ МЕН ШЕБЕРЛІГІН АНЫҚТАЙТЫН БЕЛГІЛЕР:

.

Сыртқы келбет мәдениеті

Өзін-өзі басқару шеберлігі

Сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, интонациясы.

Мимика және понтомимика ишараларының мәнерлі негіздері

Slide 4

Сыртқы келбет мәдениеті

Тұлғасы: а) тік; ә) тік және еркін отыру; б) ұқыптылық, жинақылық;

Киім киісі: а) ұқыптылық; ә) қарапайымдылық; б) түстік гармония (өзіне жарасымды түстен киім кию) ; в) киімнің жас шамасына, сабаққа және жұмысқа сәйкестігі; г) сән үлгілеріне сәйкес; ғ) сәндік (алқа, моншақ, сақина) дұрыс пайдалану.

Гримм (бояну) .

Шаш үлгісі (ұқыпты, жинақы) .

Slide 5

Мимика а) өзіне -өзі сенімділік, сабырлылық; ә) сөйлескендігі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы; б) эмоциялық мәнерлік; в) бет әлпетінің айтар ойға сәйкестігі;

Понтомимика а) жест (табиғилығы) ; ә) жүрістің ритмикасы, жеңіл, айқын болуы; б) қозғалыс (еркін) ; в) қозғалыста селқостықты болдырмау, әр уақытта сергек тұру; г) шусыз отырып, тұру;

Slide 6

МҰҒАЛІМНІҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуы болып табылады.

Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады. Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі.

Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.

Slide 7

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА

Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені

* Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды; * Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды; * Қол айқастыруға мүлдем болмайды; * Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек; * Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі) ; *Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу; * Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі; *Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі;

Slide 8

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕПТІҢ БЕЛГІЕРІ:

1. Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады.

2. Сенім. А. С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет. Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді.

3. Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: "әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.

Slide 9

Мұғалімге «әділетсіз» деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек.

Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.

4. Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз - ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол.

Slide 10

Мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:

Slide 11

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАКТИКА педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы.

Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:

Slide 12 Slide 13

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.

Ұстаздық шеберлік:

Slide 14

Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Әл-Фараби: «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагогикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен:

* Өнер білімге құштар; * Мүшелері мүлдем мінсіз; * Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін; * Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз; * Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын; * Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға қанағатшыл; * Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; * Жаратылысынан игі істерге ынтызар; * Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; * Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз, * Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек; * Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз;

Slide 15

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім.

Ғабит Мүсірепов

Slide 16

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Александр Македонский

Slide 17

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

К. Д. Ушинский

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мұғалімі қандай болуы керек?
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті. Оқу-тәрбие үдерісі,нәтижесінің шарты
МҰҒАЛІМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі туралы ақпарат
Педагогикалық әдеп
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайында
Әріптестермен қарым - қатынас жасауда педагогтер
Педагогикалық шеберлік компоненттері
Педагогикалық шеберлікте
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz