Жекеше орман иелену


Slide 1

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Ахмет А.

Болат І.

Малгаждар А.

Мұратова А.

Хамза Д.

Шағырбай Қ.

Шалқарова А.

Slide 2

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙТЫН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Slide 3

ОРМАН ҚОРЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншікке, ал жекеше орман қорын иелену, пайдалану және билік ету құқығы жекеше орман иеленушілерге тиесілі болады.

Slide 4

Мемлекеттік орман иеленуші

Slide 5

Жекеше орман иеленуші

Slide 6

ОРМАН ҚОРЫН ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.

Мемлекеттік орман иелену құқығы:

Мемлекеттік орман қоры учаскелері орман иеленуінде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттік орман иеленушіге берілген жағдайда;

Мемлекеттік орман қорының жері ҚР Жер кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайда;

ҚР заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларға ҚР Жер кодексіне сәйкес жеке меншігіне немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерінде туындайды.

Жекеше орман иелену құқығы ҚР заңдарына сәйкес тоқтатылады.

Slide 7

ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.

Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы ҚР азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен басқа адамға ауысады.

Орман пайдалану заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесілі орман пайдалану құқығы ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.

Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрі сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті қаражаты мен өндірістік қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын, тиісті біліктілігі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкін.

Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.

Жекеше орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы ҚР заңдарына сәйкес жекеше орман иеленуші айқындайтын тәртіппен туындайды.

Slide 8

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ

Slide 9

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ

Slide 10

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН КАДАСТРЫ

Мемлекеттік орман кадастры қандай деректерді қамтиды?

Ол орман қорының құқықтық режимі, оны орман иеленушілер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйі, мемлекеттік орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәліметтер жүйесін және орман қорының орман шаруашылығын жүргізу мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін қажетті басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралыы деректерді қамтиды.

Мемлекеттік орман кадастрының деректері пайдаланылады:

Орман шаруашылығын мемлекеттік басқару, оны жүргізуді ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргізуге және мемлекеттік орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және мемлекеттік орман қоры жерін алыып кою, ормандарды пайдаланудың төлемақысы мөлшерін белгілеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушілердің шаруашылық қызметін бағалау кезінде.

Мемлекеттік орман кадастрын уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

Slide 11

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕБІ

Орман қорының мемлекеттік есебі ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен орман қорының күзетілуін, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруді, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерістеріне жүйелі бақылау жасауды ұйымдастыруды және мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Мемлекеттік орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлінеді және есепке алынады. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

Slide 12

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН МОНИТОРИНГІ ДЕГЕНІМІЗ. . .

Slide 13

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫН КҮЗЕТУ МЕН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ


Ұқсас жұмыстар
Ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау
Жерге мемлекеттік меншік
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың дамуы және мазмұны
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
Экологиялық құқықтың ұғымы
Каусар
Комерциялық заңды тұлға
Кәсіпкерлік қызметті несиелеу
ОРМАН ҚОРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz