Шығармашыл белсенді тұлға мұғалім



Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты. Мінсіз мұғалім бейнесі. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы. Мұғалімнің 4 түрі.

«Шығармашыл мұғалім - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты».
Н. Назарбаев.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Шығармашыл мұғалім
Зиялы тұлға
Рухани бай тұлға
Жаңашыл тұлға
Еркін тұлға
Ізгілікті тұлға
Азаматтық белсенді тұлға
Бәсекеге төтеп беретін тұлға
Мәдениет адамы

Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизацияны жатқызамыз. Педагогикалық импровизацияны (суырып салмалық деуге де болады деп ойлаймыз) . А. К. Маркова «күтпеген педагогикалық шешімдерді тауып, оны жүзеге асыра білу» деп түсіндіріп, оның төрт кезеңнен тұратынын атап көрсетеді: 1) педагогикалық ойдың жарқ етуі; 2) педагогикалық мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге асырудың жодарын жылдам таңдай алу; 3) педагогикалық идеяны жұртшылық алдында нақтылы түрде көрсете алу;

МІНСІЗ МҰҒАЛІМНІҢ ПОРТРЕТІ
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлға аралық және еңбектегі байланыс
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
XXІ ғасыр - қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бүгінде мұғалімнің басты міндеті - педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін, тұлғалығын қалыптастыру. Балалардың өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілеттерінің ашылуына көмектесудің қажеттілігі арта түсуіне «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту» жобасының ролі өте маңызды

Жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту бағытында жүргізетін сызбалар
Шығармашыл тұлғаны дамыту
Жаңа технологиялар қолдану
Шығармалар байқауы
Пән олимпиадасы
Көркемсөз оқу шеберлігі сайысы
Сыныптан тыс жұмыстар
Пән олимпиадасы

Тұлғаға бағытталған оқыту-бұл оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі:
Оқушы тұлғасын тану және қадірлеу;
Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;
Балалармен ынтымақтастық;
Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру;
Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
Оқыту үрдісінде балалардың тұлғалық тәжірибесін есепке алу;
Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
Оқыту үрдісінде баланың өзіндік «менін» іздеуге көмек көрсету;

Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн:
1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
Адамның ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралық ерекшелігі;
Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
Тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;
Өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін тұлға әрекеті;
«мендік» тұжырымдаманың болуы;
Оқушылардың білім алуына жағдай жасау. Өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, психикалық қарым-қатынас бойынша алдын-ала көмек беру іс-әрекеті.

2. Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі принциптер (ұстанымдар) :
өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
даралық ұстанымы;
субъектілік ұстанымы;
таңдау ұстанымы;
шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологиялық бөлімі:
шығармашылық іс-әрекетке шақыру;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz