Қолтұқымдар және сорттардың эволюциялық факторлары
Презентация қосу
Тақыры: Ч.Дарвиннің
эволюциялық теориясы
Ч. Дарвин эволюциялық теорияның
негізін салушы
� Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының пайда болу себептері
XIX ғасырдың екінші жартысында Ч.Дарвин эволюциялық теориясын құрастырып
жатқанда, әлеуметтік-экономикалық жандану және бірқатар ғылыми
жаңалықтардың орын алуымен сипатталған болатын, олар табиғат туралы
метафизикалық көзқарастардың құлдырауы және эволюциялық идеялардың
дамуына қолайлы уақыт болды.
Дүние жүзін «Бигль» кемесімен экспедициясына Ч.Дарвиннің өзі де қатысқан
болатын. Солтүстік және Оңтүстік Американың фаунасын салыстыра отырып, ол
мынадай қорытындыға келеді, бұл материктер ертеректе бір-бірімен байланысқан,
тек олардың екіге ажырау салдарынан жануарлар дүниесі де түрліше дами бастады.
Саяхаттан оралған соң, Ч.Дарвин тағы да 20 жыл бойына бір органикалық
түрлердің өзгелеріне айналу туралы дәлелдемелер жинақтайды, тірі заттардың
пайда болу механизмдерін анықтап, эволюцияның қозғаушы күштері мен
факторларын анықтады. Осы еңбегіне ол палеонтологияның, салыстырмалы
анатомия, эмбриология, систематика, биогеография және геологияның, сондай-ақ
ауыл шаруашылығының, соның ішінде селекцияның нәтижелерін пайдаланды.
Қолтұқымдар және сорттардың эволюциялық факторлары.
Қолдан сұрыптау
� Эволюциялық теорияны негізге ала отырып, Дарвин қолтұқымдар мен
сорттардың қолдан сұрыптау жағдайында пайда болуының
факторларын қарастырады. Ары қарай түрлерді табиғи орта
жағдайында зерттейді, мақсаты мұндай кезде оның идеясы
дәлелдемеліболып шығатынына сенген. Ол үй жануарлары мен мәдени
өсімдіктердің алуантүрлілігіне назар аударады, сондай-ақ олардың
жабайы түрлермен салыстырғандағы өзгергіштігі жоғары болатынына
көз жеткізеді.
� Анықталған өзгергіштік деп Дарвин белгілі даралар орта әсеріне ұшырап,
бірдей өзгеріске ұшырайтын түрін атайды. Бұған ол тыңайтқыштардың
мөлшері мен санының әсерінен өсімдіктердің өсуінің өзгеруін жатқызады.
Қазіргі заман терминологиясына орай өзгергіштіктің мұндай типі
модификациялық деп аталады.
� Анықталмаған өзгергіштік (Ч.Дарвин бойынша) – бір түрге жататын
даралардың бір-бірінен ажыратылатын шексіз алуан түрлі өзгергіштіктер. Бұл
ерекшеліктер бір түрден тараған жануарлардың ұрпақтарының немесе бір
гүлден шыққан ұрпақтардың бір-біріне ұқсамауы. Осы кезде жануарлар мен
өсімдіктің бойындағы жаңа қасиеттері ешқандай адамның қатысынсыз
кенеттен пайда болады. Осылайша, қысқа аяқты қой және бүтін жиекті
таңқурай пайда болған. Өзгергіштіктің дәл осы түрі , Ч.Дарвин айтқандай,
өсімдіктің жаңа сорттары мен жануардың жаңа қолтұқымын шығаруда басты
роль ойнайды. Қазіргі көзқарастар бойынша анықталмаған өзгергіштіктер
мутациялық өзгергіштікке тура келеді.
� Ч. Дарвин, сонымен қатар қатынастық өзгергіштікті де бөліп қарады, бұнда
бірнеше белгілербірге көрінеді. Мысалы, тұяқтылардың мүйіздерінің
ұзындықтары олардың жүндерінің ұзындықтарымен коррекцияланады, жүнсіз
иттер әдетте тіс аномалиясымен зардап шегеді, ал көк көзді мысықтар керең
болуы да ғажап емес.
� Сорттар мен қолтұқымдардың эволюциясын зерттей келе, Дарвин олардың
түзілуіне бір өзгергіштік аз деген қорытындыға келеді. Жануарлардың
қолтұқымдары мен өсімдіктердің сорттарының алуантүрлілігінің негізгі
бағыттаушы күші және негізгі факторы қолдан сұрыптау саналады. Қолдан
сұрыптаудың екі формасы белгілі: кенеттік және әдістемелік қолдан сұрыптау.
Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің пайда
болуы
� Ч.Дарвин алғашқылардың бірі болып түрлердің тірі
организмдер жүйесінің эволюциясы барысында сапалық
кезеңдерінен өткен негізгі құрылымдық бірлік деп есептеді.
Ол кез келген жабайы түрлердің дараларының немесе
жабайы өсетін өсімдіктер, тіпті бір ата-анадан тараған
ұрпақтар көптеген жеке ерекшеліктерге ие, олар үй
сорттарымен салыстыруға тура келеді. Егер сорттар мен
қолтұқымдар адамның мақсатына жараса, онда жабайы
түрлер табиғаттың түрлі факторларына көнеді.
Организмдердің эволюциялық қайта түзілушіліктің қозғаушы
күштері мен факторларын анықтау, сондай-ақ олардың
қоршаған ортаның түрлі факторларына төзімділіктері
Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің мәнін құрады.
� Эволюцияның себептерін анықтауда, Дарвиннің пікірінше, организмдердің
жоғары өнімділігі және тіршілігіне қажетті ресурстардың шектетілуі
арасындағы сәйкессіздікті түсіну керек. Дарвин өте баяу көбейетін пілдің көбею
процесін қарастыра келе, бұндай жағдайдың өзінде 740-750 жылдан соң,
олардан шамамен 19 млн ұрпақ алуға болады. Осылайша, кез келген түр Жердің
кез келген аймағын мекен ете алатын болар еді, егер ол түрлер өліп, бітіп
қалмаған жағдайда. Алайда шынында организмдердің шексіз көбеюі табиғатта
орын алмайды, себебі олардың көп бөлігі тіршілік үшін күресте қырылып
қалады. Және өзінің соңында ұрпақ қалдырмайды. «Тіршілік үшін күрес»
ұғымы ретінде Дарвин организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен
қарым-қатынастарын түсінген, организмдердің максималды көбеюі мен
дамуына бағытталады. Даривн тіршілік үшін күрестің үш формасын
ажыратады: түрішілік, түраралық және бейорганикалық әлемнің қолайсыз
шарттарымен күрес.
� Түрішілік күрес бір түр даралары арасында жүріп отырады. Бұл тіршілік
ресурстары үшін күрес формасы өте қарқынды, себебі бір түр даралары бірдей
қажеттілікке мұқтаж келеді. Бірдей қоректің түріне, бірдей мекен ортасына
және тағы басқалар үшін күреседі. Ол даралар санының және мамандану
деңгейінің артуымен көбейеді. Түрішілік күрес ол түрдің өнімділігінің
төмендеуімен және даралар санының жартысының қырылуымен сипатталады,
нәтижеде ортаның шарттарына төзе білген организмдер ғана ары қарай
тіршілігін жалғастырып, ұрпақ қалдырады.
� Түраралық күрес әр түрлі даралар арасында байқалады. Түраралық
қатынастар түрлі сипатқа ие болады. Антагонистикалық типтен – жыртқыш –
қорек, өзара пайдалы түрлерге дейін, яғни бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.
Түраралық қатынастың қауіпі әр түрлі түрлердің ұқсас жағдайларда және
қоршаған ортаның бірдей шарттарын пайдаланған кезде орын алады.
Түраралық бәсекелестік салдарынан бір түр екіншісін қашырып тастауы
мүмкін немесе территориялық ажырау орын алады. Жалпы, табиғи сұрыптау
барысында қоршаған ортаның жағдайына төзетін организмдер ғана тірі
қалады.
Тіршілік үшін күрес
Қорғаныштық бояу – ол қоршаған ортаның түсіне сай жануарлардың түстерінің сәйкестігі.
Сол себептен олар дұпашдарына аз байқалады. Мысалы, шөлдерді мекен етушілер әдетте
құмның түсіне ұқсайды. Солтүстік және қоңыржай ендіктердің құстары және аңдары қанық
жазғы бояулар қысқа қарай ақпен алмастырылады.
� Түр түзілік механизмін зерттеуде Дарвин жаңа қолтұқымдар жасап шығарудың,
әсіресе үй жануарларының, кептердің дараларын ау туралы мәліметтерді
қолданды. Ол үй кептерлерінің барлық қолтұқымдары бір түрден көк
кептерден пайда болғандығын дәлелдеп шықты, олардың алуантүрлілігі
селекционерлердің өздерінің алдына қойған мақсаттарына орай өзгеріп
отырды. Сол кезде кептерлердің түрлі қолтұқымдары арасындағы аралық
формаларды селекционерлер көзін жойып отырғандықтан, ол формалар
кездеспейді.
� Ч.Дарвин табиғаттағы түрлер табиғатта сұрыптау әсерінен де
пайда болатынын болжады. Артықшылыққа өз ататегіне
физиологиялық құрылысы жағынан ұқсамайтын түрлер ие
болады, ал аралық формалар тіршілігін жояды. Бұл бір-
бірінен ажыратылатын белгілері бар формалар өздерінен
кейін сапалы ұрпақ қалдырып, әлсіз тіршілік үшін күресте
ары қарай тіршіліктерін жалғастырумен сипатталады. Себебі
олар бір-бірімен аз бәсекелеседі, нәтижеде белгілердің
ажырауы орын алады. Олар түр ішінде жаңа даралар
топтарын құруға бастама береді. Дарвиннің ойынша, тірі
организмдер өз белгілерімен нақтырақ ерекшеленетін болса,
осындай топ даралары берілген территорияда ұзақ уақыт
тіршілік ете алады. «Тіршіліктің үлкен сомасы, — деп
жазады ол, — құрылысының алуантүрлілігімен іске асады».
� Дарвиннің эволюцияның дивергенттік сипаты туралы ілімі монофилия
принципіне сүйенеді, ол бойынша бір түрге жататын барлық түрлер бір түрдің
ұрпақтары және бір түрдің тұқымдас туыстары бір діңнен таралған.
Осылайша, шығу тектің бірегейлік заңы бүкіл жануарлар және өсімдіктер
әлеміне таралады.
� Дивергенция процесін Дарвин иллюстрациямен де түсіндіріп өткен болатын.
Егер қандай да бір А түрінің ұрпақтары одан бірнеше белгілері бойынша
алшақтаса, онда осы ұрпақтар арасындағы түраралық күресте өте бейімделгіш
ұрпақтар тірі қалып, ары қарай ұрпақ қалдырады. Осы принципте Дарвин
айтқандай, тірі организмдердің алуантүрлілігі жатыр
� Осылайша, Ч.Дарвин бірінші болып эволюцияның қозғаушы күштері
табиғи сұрыптау және өзгергіштік деп дәлелдеп шықты. Осы негізде
биологиялық мақсатқа жетушілік пен түрдің түзілу механизмдерінің
себептерін нақты түсіндіріп шықты.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz