7-сынып биологиясы: зертханалық жұмыстардың сипаттамасы мен принциптері


Slide 1

Мектептің биологиялық білім беру бағдарламасындағы 7-сыныпта жүргізілетін зертханалық жұмыстардың сипаттамасы мен принциптері

Slide 2

Сабақтың жоспары:

Slide 3

Биология - тірі табиғат туралы ғылым. Миллиардтаған ғаламшарлардың арасынан біздің ғаламшарымызды ерекше ететін де осы тірі табиғат.

Slide 4

Зертханалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті айқын анық көрінетін жұмыс. Кейбі оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады.

Slide 5

Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Зертханалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау - анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы.

Slide 6

Биология пәнінен зертханалық

жұмыста табиғи объектілерді анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстар

жатады.

Slide 7

Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады.

Зертханалық сабақтар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады.

Slide 8

Зертханалық сабақтардың жүру барысы:

1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.

2. Керекті құрал-жабдықтар.

3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп, оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша түсінік береді.

4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы айтады.

5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.

6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.

Slide 9

№2 зертханалық жұмыс.

Тірі ағзалар үшін судың қасиеті мен маңызын сипаттау

Мақсаты: тәжірибе негізінде судың кейбір қасиеттеріне көзжеткізу, оның тірі ағза үшін маңызы туралы қорытынды жасау.

Құрал-жабдықтар: су, мұз түйірі, су термометрі, сынауық, жандырғы, 5х5 см дәптер қағазы, әртүрлі монеталар, шыны капилляртүтікшесі, өлшеуіш стақан немесе колба, Петри табақшасы.

Орындауға арналған тапсырмалар

Ыдысқа су құйып, оған мұз салыңдар. Не байқалады? Мұз жеңілме, әлде су жеңіл ме? Оның ағза үшін қандай маңызы бар?

Сынауыққа су құйып, оны қайнағанша қыздырыңдар. Қайнағансу температурасын өлшеңдер. Судың бөлме температурасына дейін суууақытын анықтаңдар. Судың жылусыйымдылығы туралы не айтуғаболады? Оның тірі ағза үшін қандай маңызы бар?

Slide 10

3. Суы бар стақанға немесе колбаға капилляр түтікшені сал. Не байқалады? Егер түтіктің бос үшын саусағыңмен жауып, стақаннаналса, не болады? Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Оның тірі ағзаүшін қандай маңызы бар?

4. Петри табақшасына су құйыңдар Судың бетіне абайлап, 5×5 см дәптер парағын қойыңдар. Қағаздың ортасына ең кішкентай монетаны қойыңдар. Не байқадыңдар? Ол монетаны алып, оның орнынаүлкендеуін қойыңдар. Судың беттік керілу күші туралы не айтуғаболады? Эксперименттердің қайсысынан су молекуласының когезияжәне адгезия құбылыстарын байқадыңдар? Осы қасиеттердің тіріағзалар үшін қандай маңызы бар?

Slide 11

Биология - табиғат пен қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылым ретінде жаратылыстану, гуманитарлық бағыттар мен негізгі пәндердің мәліметтеріне сүйенеді және де мектепте оқытылатын басқа да көптеген оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүргізіле отырып оқытылатын пәндердің бірі деп қарастыратын болсақ, биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды кіріктіре оқытудың басты мақсаты - сабақты түсіндіру барысында басқа пәндермен байланысындағы ұтымды тұстарын ұтырлы пайдалана білу болып табылады.

Slide 12

Пәнаралық байланыс дегеніміз - әр түрлі оқу пәндерін кіріктіре оқытудың үйлесімділігі дей отырып, өз пәнім бойынша пәнаралық байланыстардың қолданылуы мен тиімділігі жөнінде ойымды ортаға салмақпын. Мектептегі пәндердің пәнаралық байланысы - көптеген ғылымдарды кіріктіре оқыту үрдістері сияқты үлкен бір ерекшелікке ие болады. Пәндерді мазмұндары бойынша өзара үйлестіре оқыту - оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне ықпалын тигізеді, біртұтас әлемдік ой - танымдарының қалыптасуына жол аша отырып, ғылыми дүниетанымын кеңейтеді.

Slide 13

Биологияны басқа пәндермен байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар:

біріншіден, биология оқушылардың басқа оқу пәндеріне дайындығын күшейтеді,

екіншіден, өз кезегінде физика, география, тарих, қоғамтану пәндеріне қойылатын мәселелерді қатар зерттеуде оқу базасын толықтырады.

Slide 14

Тарих пәнімен байланыс ежелгі адамның дамуы яғни эволюция тарихи толқындарын парақтауға мүмкіндік береді.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
9-сынып биологиясы: Түр және оның критерийлері - өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері (зертханалық жұмыс №7)
9-сынып биологиясы: Бейімділік пен қорғаныш реңдері (зертханалық жұмыс №8)
7-сынып биологиясы: Қыналар - құрылысы, түрлері және экологиялық маңызы
7-сынып биологиясы: Қосмекенділер класы - бақаның құрылысы, тіршілік циклі және оқыту-бағалау жоспары
7-сынып биологиясы: пияз және астық тұқымдастарының морфологиясы, экономикалық маңызы мен түрлері
Microsoft Office Word редакторында кесте құру және өңдеу (Зертханалық жұмыс №7, 8-сынып)
Протостронгилездер мен метастронгилездердің биологиясы, клиникалық белгілері және зертханалық диагностикасы
Зертханалық жануарлар: сипаттамасы, ұстау шарттары және зақымдау тәсілдері
6-сынып биологиясы: Жасушаның құрылымы мен қызметі
Мектеп оқу-тәжірибе телімдеріндегі тәжірибелік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz