Ботаникалық бақ туралы мәліметтер жинау


Slide 1

Ботаникалық бақ туралы мәліметтер жинау.

Бақты басқару жүйесінің әкімшілігі туралы

мәлімет іздеу.

Slide 2

Ботаникалық бақтың тарихы

Төс соққылап "Түркiстан, Түркiстан!" - дей бергенмен жәдiгер қала қарадай көркейiп кете қоймайды. Көркейту үшiн перзенттiк пейiл керек. Сондай перзенттiк пейiлдi Түркiстандағы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң 100 га жердi алып жатқан бағын егiп баптаған бағбаннан көрдiм. Әңгiме сол бақ, оны бастаушы-баптаушы ботаник ғалым Құлахмет Байжiгiтов туралы.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi құрылған 1992 жылы Түркiстан қаласының төл перзентi академик Иса Омарұлы Байтулин университеттiң сол кездегi президентi Мұрат Жұрынұлына ұсыныс айта келедi. Ол ұсыныс Түркiстанда ботаникалық бақ ашу туралы. Себебi ол кiсi осы өңiрдi, яғни Сырдария, Қаратау өңiрлерiнiң өсiмдiктер дүниесiн (флорасын) зерттеп, Түркiстан климатының соңғы елу жылда қатты өзгергендiгiн байқаған болатын.

Сырдарияның Қазақстандағы алып жатқан аумағы 1400 шақырымды құрайды. Бұрын Сырдария тасып, жылға-жылға суға толып, өзеннiң суы арнасынан асып, соның салдарынан өзеннiң екi жағалауында қалың тоғай қаптаған. Сол тоғай бұл өлкенi Қызылқұмның ыстық желiнен қорғаған. Кейiн мақта шаруашылығы дамығаннан кейiн, өзен суын көп жерден бөгеп, пайдаланудың әсерiнен судың көлемi азайып кеттi. Өңiрдiң құрғақ тартып, сыңсыған қалың тоғайдың құруына әкелген жағдай осы! Қазiр ол тоғайды Сырдария жиегiнен ғана кездестiресiз.

Slide 3

Түркістан қаласының ботаникалық бағы - Ежелгі Түркістан қаласында Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрамында 1994 жылы 88 гектар жермен ботаникалық бақ құрылды. Бұл университет базасында құрылған және бірегей генофондқа ие Қазақстандағы алғашқы ботаникалық бақ. Бақта келесі экспозициялар құрылды: дендросаябақ, сиренариум, раушан бағы, қайыңның котлеті, конференция, жемістер мен жидектер, су жағалауындағы және гүлді-сәндік өсімдіктер. Жылыжай кешені құрылды. Бақта ботаникалық зерттеулерге негіз болады, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстандағы Арал-Сырдария аймағын көгалдандыруда маңызды рөл атқарады. Ботаникалық бақтың алғашқы директоры Байжігітов Құлахмет Байжігітұлы көгалдандыру мәселелерін шешуге және осы аймақтың тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасауға үлкен үлес қосты.

Қазіргі кезде Түркістан қаласының ботаникалық бағында өзінің жинау қорында ағаштар мен бұталардың 127-ден астам түрлері, формалары мен түрлері, сәндік және жеміс-жидек өсімдіктері бұрын осында өспеген және әр түрлі аймақтардан алғаш енгізілген. Екі онжылдық ішінде ботаникалық бақ студенттер үшін маңызды ғылыми орталыққа айналды.

Slide 4

Биолог ғалым Құлахмет Байжiгiтов бұл бақтың ғылыми негiзде салыну қажеттiгiн және оның өзiндiк белгiлi ғылыми жобасы болу керектiгiн айтады. Бұл мәселенi өзi қолға алып, Алматыдағы Казгипрограф (қалалардың бас жобасын жасайтын мекеме) мекемесiнiң бас инженерi Татьяна Жүрсiнғалиқызымен бiрiгiп жобаны дайындауға кiрiстi. Иса Омарұлы Байтулин бұған дейiн Ұлттық Ғылым академиясының бағын жасаған, ел аралап, жер көрген тәжiрибелi адам, айтулы ғұлама. Мiне, сол ұстаз басшылық жасады. 1994 жылы ботаникалық бақтың жобасы дайын болады. Ол Ұлттық Ғылым Академиясы қарамағындағы Қазақстанның бас ботаникалық бағының ғылыми кеңесiнде қаралып, бекiтiлдi.

"- Жалпы ботаникалық бақ оңтүстiк америка, солтүстiк америка, сiбiр, орталық азия дегендей бiрнеше зоналарға бөлiнсе, бұл ботаникалық бақ олай емес, өзгеше ерекшелiкке құрылды- дейдi Құлахмет Байжiгiтов.

Slide 5

Ботаникалық бақ үш бөлiмнен тұрады: дендрари секторы, қандай декоративтi ағаштар өседi, қандай жемiс ағаштарының питомниктерi бар екенiн эксперимент бөлiмi қарайды.

Қазақстанда бес топырақ климат зонасы бар. Осы климат зоналары осы ботаникалық баққа салынуы қажет. Ботаникалық бақтың аумағы 104 гектар жердi алып жатыр. Бақта 28 питомниктiң түрi бар".

Түркiстан қаласы шаруашылық аймақ болғандықтан, жемiс ағаштарының бiрнеше түрi бар. Өзбек ағайындар көршiлес Өзбекстан, Түркiменстан, Тәжiкстанның барлық аймақтарында өсетiн жемiс ағаштарының түрлерiн (алманың, өрiктiң т. б) Түркiстанға әкелiп өсiрген. Оларды зерттеп, бiрнеше питомниктерiн осы ботаникалық баққа әкеп отырғызды. Қосқорған мекенiнде тұратын бiр кiсiнiң үйiнде шабдалының 12 сорты бар екен. Оның бiрiншi сорты мамыр айының аяғында пiседi. Онан кейiнгiлерi әрбiр он күн сайын пiсiп, қазан айының 15-не дейiн барады. Шабдалы ешқандай сақталмайтын жемiс. Оның көп уақытқа дейiн базарларда сатылуы осыған байланысты. Туа бiттi бағбанға барып қолқа салуға тура келдi. Құлахмет бағбан кiсiлiгiн сақтап кiшiрейiп барды.

Түркiстан, Кентау өңiрлерiнде сары өрiктiң 28 сортын кездестiресiз. Алманың да бiрнеше сорттары бар. Осылардың барлығын зерттеп, ботаникалық баққа байырқаландыруға Байжiгiтов барын салды. Одан басқа жидектердiң де бiрнеше түрлерiн жинаған. Айтулы өңiрдi алып жатқан бақ осындай жансебiлдiкке бiттi.

Бүгiнгi таңда ботаникалық бақта декоративтi сәндiк ағаштар мен жемiс ағаштарының 127 тұқымы бар. Олар 59 атаға, 28 әулетке жатады. Бұл ағаштардың барлығы ғылыми негiзде егiлген.

Slide 6

Құлахмет Байжігітов

Құлахмет Байжігітов 1957 жылы Түркістан қаласындағы №19 мектепті бітіріп қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің топырақтану-биология факультетіне оқуға түсті. 1962 жылы Жоғарғы оқу орнын бітіріп жолдамамен Ауылшаруашылық министрілігіне қарасты«Казгипрозем» институтының Шымкент қаласында орналасқан филиалына жұмысқа орналасты. Төрт жыл Оңтүстік Қазақстанның топырағын зерттеуге тікелей қатысты. Шаруашылықтарға топырақтың картасын жасады, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру жолдары туралы нақты рекомендация ұсынды.

Slide 7

1965 жылы В. Р. Вильямас атындағы Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу инс-титутына жұмысқа ауыстым. 1971 жылы университетте кандидаттық диссертация қорғап, он бес жыл бөлім меңгерушісі қызметін атқардым. Институт еңбегімді бағалап жеке үй берді. Еңбекақым 420 рубль болды. Ал ол кезде Ауылшаруа-шылық министрі 600 рубль алатын.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылы Түркістанда мемлекеттік университет ашылып, оған Ахмет Ясауи атын берді. 1993 жылы Халықаралық қазақ - түрік университеті болып қайта құрылды. Бұл исі қазақтың өңі түгіл түсіне кірмейтін Ақсақ Темір Ахмет Ясауидың кесенесін орнатқаннан кейін алты ғасыр өткен соң тарихи жаңалық болды.

«Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесі ғой», - деп Мағжан жырлаған қазақтың астанасы - Түркістанның жаңа өркендеу дәуірі басталды.

Slide 8 Slide 9

Ботаникалық бақ

Құлахмет Байжігітов жұбайымен Түркістанға көшіп келген болатын.

1993 жылы мамыр айының 25- жұлдызында университетке келдім. Ректор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов мені өз әріптестерімен таныстырды.

Менің арызыма “назначить заведущим лабораторией по стройтельству ботанического сада” деп бұйрыққа қол қойды. Ботаникалық бақты салуды өзі тікелей басқаратынын айтты. Бір жылдан кейін маған жеті бөлмелі жеке үй берді. Барлық мәселелерді уақытылы шешіп, менің сұраныстарыма бірден келісім беретін.

Ботаникалық бақтың жобасы академик Иса Омарұлы Байтулиннің басшылығымен жасалды. Интродукциялық функциясына байланысты ботаникалық бақ үш секторға топтастырылды: дендрарий, тәжірибе-эксперимент алаңы, шаруашылық. Розарий, сиренгарий, декоративтік, өсімдіктер, дәрілік өсімдіктер, сирек және қорғалатын өсімдіктер, ақ қайың, барлығы жиырма питомник орналыстыру белгіленді.

Ботаникалық бақтың картасын Татьяна Мусина Журсингазиевна жасады. Барлық питомниктер мен аллеяларды, жолдар мен тротуарларды нақтылап көрсетті. Татьяна Журсингазиевна Алматыдағы құрылыс жобалау институттың бас маманы, жоғары білімді дизайнер.

Ботаникалық бақтың жобасы Бас ботаникалық бақтың Ғылыми кеңесінде (17. 03. 1994 жыл) қаралып бекітіліп, оны университет ректораты мақұлдады.

Slide 10

Алдымен университет орналасқан жер туралы айтайын. Бұл жер ерте геологиялық заманда жаратылған Қаратаудың етегі (конус выноса) . Жер қабатының қалыңдығы 1-1, 5 м., ары қарай қиыршық тас, оның қуысында известняк бар, ені әртүрлі 0, 5 метрден 10 метрге созылады. Қар, жаңбыр суының әсерінен известняк еріп шұқыр пайда болады, жергілікті аты оқпан. Коммунизм колхозы егіншілікке пайдалана алмай тастап кеткен. Ботаникалық бақ осы жерге салынды. Жалпы Түркістан ауданының елді мекендері осындай жерге орналасқан. Сондықтан олардың атына «нақ» деген жұрнақ қосылған. Тасанақ, Шобанақ, Қарнақ, Шорнақ, Сунақ, Сығанақ. Түркістанның жаңа орталығы Тасанақ аймағына салынып жатыр. Отыз жыл өндірісте, ғылыми жұмыстарда істеген тәжірибемді қолданып Ботаникалық бақтың барлық питомниктерін жерге орналастырып, жолдар мен тротуарларды анықтадық. Су мәселесін шешу үшін үлкен жұмыс орындалды. Ботаникалық бақтың ортасына диаметрі 300 см., ұзындығы 1500 м. құбыр орнатып оны жерге көмдік. Алты скважина тереңдігі 55-60 м. қазылды, оларды орталық құбырға қостық. Университетке бартер арқылы келген екі тракторды берді. 1993 жалы жаз бойы осындай шаруашылық жұмыстарымен айналысып, келесі көктемге дайындалдық.

Slide 11

Түркістан облысының тұрғындарының қолында абрикостың 25, шабдалының 15, алманың 20, барлық жеміс ағаштарының 95, жүзімнің 30 сорты жинақталған. Олар осы жерге бейімделген, сапалы өнім береді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде декоративті ағаштардың ассортименттерінің, жеміс ағаштарының, жүзімнің тізімін жасадық. Қыруар жұмыс академик Иса Омарұлы Байтуллиннің басшылығымен жүргізілді.

Жыл сайын 20-25 мың көшет отырғыздық. 1994-1998 жылдар аралығында қылқан жапырақты жеміс ағаштарының питомниктерін, ақ қайың рощасын, розарий, сиренгарий, тоғай өсімдіктерін, Қазақстанның топырақты климат зоналарын орналастырдық. Барлығы 127 декоративті және жеміс ағаштарының түрлері мен сорттарын отырғыздық, олар 28 тұқымдасқа жатады.

Slide 12

Байтулин Иса Омарұлы(15. 1. 1928 жылы туған, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) - биолигия ғылылымының докторы (1979), профессор (1980), Қазақстан Ғылым Академиясынының академигі (1989), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982) .

Байтулин Иса Омарұлы

Slide 13

Ботаникалық бақ университеттің бөлінбес құрылымдық бөлімі, оқу және өндірістік тәжірибелерде, студенттер мен магистранттардың дипломдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ауқымды мөлшерде қатысып отыру жоспарланған. Ботаникалық бақ базасында қажеттілігі жоғары және сирек мамандықтар - дендролог, ландшафтник, өсімдіктанушы-ботаник дайындалады. Он магистранттық, бір докторлық диссертация қорғалды.

Көшеттер мен гүлдерді, тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді өсіру үшін оранжерея және тәжірибелік-оқу жылыжайы салынды.


Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ
Алтай ботаникалық бағы
Ботаникалық бақ
Жаңа ақпараттық технология
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Мұражай классификациясы
Жеміс бағын отырғызу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Сыртқы жүйелерден ақпаратты біріктіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz