Эволюциялық факторлар




Презентация қосу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы

Эволюцияның қазіргі заманғы
теориясы
Орындаған: Өмірқұлова.Н
Қабылдаған: Әзімбай. А
Жоспары:

Микроэволюция
Түрдің критерийлері және құрылымы. Популяция
Эволюциялық факторлар
Жаңа түрлердің түзілуі
Макроэволюция
Эволюцияның дәлелдемелері
Эволюцияның басты бағыттары және жолдары
Эволюцияның қазіргі заманғы теориясы жаратылыстанудың көптеген
салаларының мәліметтеріне сүйенеді, сол себептен оны кейде
эволюцияның синтетикалық теориясы деп те атайды. Ол
эволюциялық процестің екі деңгейін ажыратып көрсетеді: микро-
және макроэволюция.

Микроэволюция деп түр популяциясы ішінде өтетін
процестер жиынтығы және нәтижесінде жаңа түрдің
пайда болуын айтады. Басқаша айтқанда,
микроэволюция – жаңа түрлердің қалыптасуы
жүретін эволюциялық қайта түзушіліктердің
бастапқы кезеңі. Микроэволюция механизмдер
зерттеу түрдің критерийлері мен құрылымының және
популяцияның қазіргі заманғы концепциясын
анықтаумен мүмкін болды.
Түрдің критерийлері және құрылымы.
Популяция

Түр – шығу тегі, морфологиялық және биохимиялық
белгілердің жалпы ортақ ұқсастықтары бар, өзара
шағылыса алатын және сапалы ұрпақ қалдыратын,
сонымен қатар қоршаған ортаның қалыптасқан
шарттарына бейімделген және белгілі бір ареалда тіршілік
ететін даралардың жиынтығы. Түрлер бір-бірінен бірнеше
қасиеттерімен ерекшеленеді. Түрдің өзге түрлерден
ажырататын белгілерін критериялар деп атаймыз. Олардың
бірде-біреуі абсолютті болып саналмайды, яғни дараның
нақты қай түрге жататындығын анықтамайды, ол тек әр
критерийді есепке алуға мүмкіндік береді.

Түрдің морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық,
генетикалық, экологиялық және географиялық
критерияларын ажыратамыз.
Морфологиялық және Физиологиялық критерийлер

Морфологиялық критерий бір . түрге жататын даралардың
ішкі және сыртқы құрылыстарындағы ұқсастықтарды
анықтайды. Бірақ бірқатар жағдайларда бір түр даралары
өте үлкен морфологиялық ұқсастықтарға ие болады.
Және морфологиялық критерийлерге сүйеніп, бұл
түрлерге қатаң шектеу қою мүмкін емес.

Физиологиялық критерийлер негізінде бір түрге жататын
даралардың тіршілік процестерінде орын алатын,
ұқсастықтарға сүйенеді, бірінші кезекте олардың көбею
ұқсастықтары, нәтижеде түрлі түрлер өкілдері өзара
шағылыспайды немесе олардың ұрпақтары бедеу болады.
Биохимиялық, Экологиялық және Географиялық критерийлер

Биохимиялық критериялар спецификалық белоктар және бір
түрге тән алмасу реакцияларының ұқсастықтарын қарастырады.
Генетикалық критерий әр түрдің дараларына тән кариотипінің
сипаттамасына негізделеді.

Экологиялық критерий бір түрге жататын даралардың қоршаған
ортамен және өзара қарым-қатынастарына негізделеді, сонымен
қатар олардың мекен ортасына, сондай-ақ олардың
қауымдастықтарда және биологиялық заттар айналымындағы
ролімен сипатталады.

Географиялық критерий түрдің табиғатта ареалын анықтайды.
Түрлер кеңістікте бірдей таралмаған және салыстырмалы даралар
топтарынан құралған, оларды популяциялар деп аталады. Бұл ең
алдымен бір түрге жататын даралар өздерінің тіршілік етуіне
қолайлы орталарға жинақталады. Түрдің тіршілік етуі мен
эволюциясының негізгі бірлігі болып популяция саналады.
Популяция

Популяция – бір ареалды
ұзақ уақыт бойында
мекендейтін және өзге
популяциялардан бөлінген бір
түрге жататын еркін шағылыса
алатын даралардың жиынтығы.
Табиғи сұрыптау теориясын
жасай отырып, Ч.Дарвин
сұрыптау әрекетін тек қана
даралармен байланыстырған.
Бірақ жеке онтогенезбен
бөлінген даралар тіршілігін
эволюциялауға болмайды.
Популяциялар эволюцияның
элементарлы бірліктері
саналады.
Эволюциялық факторлар

Популяцияда өтетін эволюциялық процестер көптеген
факторлардың әсерінен жүреді, олардың ең бастылары
– мутациялық процесс, гендер дрейфі, популяциялар
санының өзгеруі, изоляция және табиғи сұрыптау,
популиция санының өзгеруі. Оларды эволюцияның
негізгі элементарлы факторлары деп атайды.
Элементарлы факторлардың әрекеті идеалды
популяцияларды реалды популяциялардан ажырататын
шектеулерді бұзып тастайды.
Жаңа түрлердің түзілуі
Жаңа түрлердің түзілуі –
микроэволюцияның аяқтаушы кезеңі. Түр
түзілу процесінің мәні табиғи сұрыптаудың
басты рөлінде элементарлы эволюциялық
факторлар әсерінен генетикалық бірегей
ашық популяциялар типтерінің генетикалық
тұрақты жабық жаңа түрлік популяцияларға
айналуы жүреді. Бұл процесте үлкен рольді
изоляция атқарады, оның нәтижесінде
шағылысу мен формалар арасындағы
генетикалық материалдармен алмасу
тоқтатылады, сол арқылы популяциялар
жаңа өз алдына жеке, генетикалық тұрақты
және изоляцияланған түрлік жүйелерге
айналады.
Макроэволюция
Макроэволюция — түрүстілік
таксондарға бастама беретін
эволюциялық процесс. Ол өзіне тән
механизмдері жоқ және микроэволюция
процестерінен пайда болады және
олардың интегрирленген көрінісі.
Макроэволюцияның зерттеу нысаны
табиғи сұрыптау факторы ретінде
түраралық қатынастар, түрүстілік
деңгейдегі систематикалық топтардың
тарихи дамуын зерттеу саналады.

Макроэволюция тірі табиғаттың бүкіл
өмірі барысындағы орын алған
процестерді зерттеумен айналысады
және органикалық дүниенің
эволюциясының барлық жалпы
заңдылықтарын анықтайды.
Эволюцияның дәлелдемелері
Қазіргі заманғы биология эволюциялық процестің бар екендігі
туралы көптеген фактілерді қамтиды, олардың қатарында ерекше
орынды палеонтология, эмбриология, салыстырмалы анатомия,
биогеография, биохимия, молекулалық биология мәліметтері
қамтиды.

Палеонтологиялық дәлелдемелер. Тірі организмдердің
қалыптасуы туралы тарихи дәлелдемелердің дұрыстығын
палеонтология ұсынады, ежелгі геологиялық дәуірлердегі өсімдіктер
мен жануарлар туралы ғылым, қазба қалдықтары мен тіршілік
әрекеттеріне сүйене зерттейді, ол органикалық дүниенің даму
жолдары және олардың кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазба қалдықтарға сүйеніп, органикалық дүниенің қашан пайда
болғанын тау жыныстарының жасына қарап анықтайды. Жер
қабаттарының жасы радиоактивті қалдықтардың минералдарда
шіруінен есептейді. Өз кезегінде кейбір қазбалар белгілі геологиялық
кезеңге тән, олардың болуы қабаттардың да ежелгі екендіктерін
айтуға болады.
Эволюцияның дәлелдемесі және түрлердің тарихи
дамуының куәсі рудименттер саналады, эволюция –
кезінде өздерінің мәнін жоғалтқан, дамымай қалған
мүшелер. Мысалы, екіншілік суда тіршілік етуге көшкен
киттәрізділерде артқы аяқтары жоқ, бірақ тұлға бұлшық
етінде бірден үшке дейінгі сүйектер сақталып қалған.
Эволюцияның басты бағыттары және жолдары

Эволюция, жалпы алғанда, төменгі формалардан
жоғарыларына қарай өзгереді, жайдан күрделіге қарай
бағытталып, қарқынды сипатқа ие. Эволюция жолдарын
түсініп анықтау үшін орыс эволюционисі А.Н.Северцевтің
еңбегі зор. Биологиялық прогресс және биологиялық
регресс туралы жазады.

Биологиялық прогресс – қоршаған ортаға организмнің
бейімділігін, систематикалық топ дараларының, түрлердің
туыстарда, туыстардың тұқымдастарда, тұқымдастардың отрядтарда
көбеюімен сипатталады. Осылайша, биологиялық прогресс
эволюциялық гүлденуші организмдер топтарына тән болып келеді.
Мысалы, биологиялық регресс нәтижесінде ежелгі папортниктер,
трилобиттер, динозаврлар жойылып кетті. Қазіргі уақытта
биологиялық регресте жұмыртқа салғыш сүтқоректілер,
крокодилер, тасбақалар және өзге де организмдер топтары тұр.
Адамдардың пайда болуымен қатар,
биологиялық регресс себептері олардың
ландшавтты өзгертетін өзгерістермен жиірек
байланысты болады, яғни тірі организмдердің
қоршаған ортамен байланысын үзеді.
Мысалы, адамның еуропалық борсық, зубр,
уссурий жолбарысын және өзге де бірқатар
жануарларды пайдалануы биологиялық
регреске алып келеді. Биологиялық прогресс
ароморфоз, идиоадаптация және дегенерация
жолдарымен іске асуы мүмкін.
Назарларыңызға
рақмет

Ұқсас жұмыстар
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЭВОЛЮЦИЯСЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА Ч. ДАРВИННІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштіктің маңызы
Биологиялық эволюция түсінігі
Эпидемиялық процесс
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Қазақстаның қасиетті рухани
Білімнің салтанат құруы
МУТАГЕНДІК ФАКТОРЛАР
Генетикалық қауіпсіздік
Химиялық факторлар
Пәндер