Төмендегі сөздерден тақырыпқа сай терминдерді құрастыр


Slide 1

Философия негіздері

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі.

Мусаева Г. С.

Оќыту-екі есе оќу.

Slide 2

Сабақтың тақырыбы: «Адамзаттың болашағы»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік - Адам туралы ақпараттарды оқушыларға

тапсырмалар арқылы бере отырып, өзіне

қажетті білімді алуға, сөйлеуге, ізденуге,

ойлауға, алған білімін пайдалана білуге

үйрету.

Б) Тәрбиелік- Өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынас

жасай білуге, ой еңбегіне қызықтыру арқылы

жетістікке ұмтылуға, шешім қабылдай білуге,

ой-пікірін қалыптастыруға тәрбиелеу.

В) Дамытушылық- Алған білімі негізінде танымдық

қызығушылығын тудыра отырып,

интеллектуальдық қабілеттерін дамыту.

Жеке бөліктерден бүтінді құрауға, ойлап

табуға, өзіндік пікір алуандығын

қалыптастыру.

Slide 3

Білім

Түсіну.

Қолдану.

Анализ

(талдау)

Синтез

(жинақтау)

Баға

Блум таксономиясының заңдылықтарымен мақсаттық жүйелері негізінде жасалған

сабақ құрылымы:

Нәтежие

Мақсат

Қорытынды

Slide 4

Білім

Орын ауыстыру

ойыны

Майраның әңгімесі.

Тірек

конспектілері.

Лекция

Білім мен даналық адам көркі.

Slide 5

Түсіну

Ойлы сұрақтар

«Таза тақта»

ойыны.

Тірек схемасымен

әңгіме.

Адамның ұқпағаны бойына жұқпағаны.

Slide 6

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар.

Әуе шары ойыны.

Еңбексүйгіштік адамның адамдық

қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.

Slide 7

Анализ (талдау)

Кездейсоқ қателік

О й ғ а о й .

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен

таусылмайтын жанға көрік.

Slide 8

Синтез (жинақтау)

Адасқан әріптер.

Сөйлем құра.

Ой болмаса, оқудың керегі жоқ.

Оқусыз ой қауіпті.

Конфуций.

Slide 9

Бағалау.

Дилема

Дөңгелек стол ойыны.

Егер, бір - бір алмадан болып, оларды айырбастасақ, онда әрқайсымызда бір-бір алмадан болады. Ал егер екеумізде бір-бір идеядан болып, оларды алмастырсақ, онда әрқайсымызда екі идеядан болады.

Б. Шоу.

Slide 10

«Орын ауыстыру» ойыны.

Бірінші қатардағы оқушыларға мәтіннің бір бөлшегі, екінші қатардағы оқушыларға

мәтіннің жалғасы беріледі. Оқушылар мәтінмен 1-2 минут танысқан соң бір- біріне

түсіндіреді. Содан соң екінші қатардағылар +бір парта алға жылжып, орын ауыстырады.

Тағы бір-біріне түсіндіреді. Оқушылардың ауысып, бір-біріне түсіндіруі 5-6 мәрте

жалғасады.

№1 мәтін.

Адам -жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғарғы сатыда дамыған түрі, қоғамдық

тарихи қызмет пен мәдениет субьектісі, биоәлеуметтік өмір иесі. Адам жануарлар дүниесінен

еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеп, ойлау қабілетінің болуымен және

саналылығымен ерекшеленеді. Ежелгі дәуірде Аристотель адамды рухы және ақылы

бар қоғамда өмір сүре алатын, тірі мәнділік жан иесі ретінде сипатталған. Мұсылмандардың

қасиетті кітабы құранды негізге ала отырып, А. Құнанбаев адамның даму сатысын үш

кезеңге бөледі.

1. Бейберекет кезең. 2. Материалдық кезең. 3. Рухани кезең.

№2 мәтін.

Адам тәнилік пен руханилықтың, табиғилық пен әлеуметтіктің мұра боп қалған мен өмірден

қабылдағандарды бірілкте алып жүретін тірі жүйе. Тірі организм ретінде қоршаған құбылыс-

тармен табиғи байланыста болады және биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен

қоса адам Әлеуметтік болмыстан да тысқары қала алмайды. Адам ғасырлар бойы адамзат

жинақтағанның бәрін өз бойына дарыта алады. Өмірге қадам басқан әр адам өзінен бұрын

өмір сүрген ұрпақтардың қолымен жасалған және өрнектелген заттар әлемі мен әлеуметтік

жағдайларды жалғастырушы. Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің

болмысымен қауышады.

Slide 11

«Майраның әңгімесі» ойыны.

Балалар мен сендерге 10 сөз оқимын. Зер салып тыңдап отырыңдар.

Өйткені ол бір-ақ рет оқылады. Сендер, сол сөздерді есте сақтап қалып,

ретімен айтуға тиіссіңдер. Бұл бойынша есте сақтау қабілеттеріңнің қандай

екенін білуге болады.

Адам, құдай, сана, ібіліс, аздыру, бой ұсынса, бақыт, тонаушылық, қылмыс,

хайуан.

Енді осы сөздерге әңгіме құраймыз.

Әңгіме құрағанда сөздердің орны ауыспау керек.

Мысалы: Періште, құдай, көмекші, нұр, ұрпақ.

Періштелер -ізгілік атаулыны тасушылар. Құдайдың бұйрығын

орындайтын көмекшілер. Ол Нұрдан жаратылғандықтан кез -келген

жерге демде жетеді. Періштелерде ұрпақ болмайды.

Slide 12

Тірек конспектілері.

Адам

Этнология

Педагогика

Психология

Социология

Анатомия

Физиология

Антропология

Адам.

Табиғат

Қоғам

Адам табиғаттың бір

бөлшегі

Адамды-адам ететтін күш

Slide 13

Л е к ц и я

Субьект- белсенді әрекет жасайтын және тануға қабілетті, санасы мен еркі

бар индивид немесе әлеуметтік топ.

Обьект- субьектінің танымдық және өзге қызметі бағытталған нәрсе,

зерттелетін зат, құбылыс.

Категория- адамның дүниеге қатынасындағы жалпыға бірдей,

мейілінше жалпылама және мәнді қасиеттерін бейнелейтін

амалдарын, табиғат заңдарын, қоғам мен ойлауды ұғымдармен

түсіну формасы.

Мәнділік- өзгелермен үнемі байланыста, өзара әректтесуде және үнемі

өзгерісте болатын нәрсе немесе жан иесі.

Философия- адамның өзін қоршаған дүниеге қатынасының жалпы

формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым, қоғамдық

сана формаларының бірі, адам проблемасын зерттейтін,

адамзат мәдениетінің ерекше саласы.

Slide 14

Ойлы сұрақтар.

Рене Декарт: «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүріп

жатырмын» Қалай түсінесіңдер?

2. Мен -мен екенімді саған қарап білемін.

Малда да бар жан мен тән

Ақыл сезім болмаса

Тіршіліктің несі сән

Тереңге бет қоймаса?

А. Құнанбаев.

Slide 15

Тірек схемасымен әңгіме.

А д а м

Т ә н

Ж а н

(материалдық дүние)

Көру

Есту

Иіскеу

Сезіну

Түйсіну

(Рухани дүние)

Мәңгілік

Ғылым, білімге, жетілуге ұмтылу.

Рухани ләззат алу.

Slide 16

«Таза тақта» ойыны.

Мұғалім оқушылармен бірігіп тақтаға өтілген тақырып

бойынша түсінгісі, білігісі келетін сұрақтарды жазады.

Содан кейін мұғалім оқушылар мен бірігіе отырып

сұрақтың жауабын іздейді, табады. Шешілген сұрақтар

тақтадан өшіріліп тасталады. Ойын қашан тақта

тазарғанша созылады. .

Slide 17

9сынып. Адам және қоғам. §1. 1. Деңгейлік тапсырма

А д а м д ы қ ж о л

А з ғ ы н д ы қ ж о л

1. Төмендегі таблицаны толтыр

2. Адамды адам ететін бірден бір күш……… Қалып кеткен сөзді тап.

3. Қандай филосовтарды білесің ? .

2. Деңгейлік тапсырма

Мінез, ойлау, сезім, ерік құлшыныз, зауық, көңіл-күй, мұң, әрекет-қылық, әдет, икемділік, қабілеттің көптігікөптүрлігі нені білдіреді.

Адамның дүниеге қатынасын, оның даралық тетіктерін білдіретін сөздердің орны ауысып кеткен. Соларды ретке келтір. Қызмет, маххабат, елестеу, иіскеу, есту, сезіну, ойлау, толқу, зауық, көру, есту.

3. “ Қырық кіс бір жақ, қоңыр кісі бір жақ” Осы мақалда адамның және қоғамның күшінің қайсысынікі басым екені айтылған. Дәлелдеген ойыңнан кері ойды дәлелдей аласың ба?

3. Деңгейлік тапсырма

Төмендегі сөздерден тақырыпқа сай терминдерді құрастыр. 10 сөз.

Каб, иет, ра, на, ға, фи, лық, кар, со, фия, іл, қас, да, са, тұл,, ет, ма, ло.

2. Жолдастарыңның бойындағы жақсы қасиетті жаз.

3. Өз бойыңдағы нашар қасиеттерді жаз. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Slide 18

«Әуе шары» ойыны.

Сіз биікте әуе шарында қалықтап жүрмін деп ойлаңыз. Сіздің әуе шарыңызда

адамға тән 10 қап (10 қасиет) бар. Кенет әуе шары тесіліп төмендей

бастадыңыз. Баратын жеріңізге аман-есен жету үшін 10 қасиетті (10 қап)

біртіндеп лақтыру керек. Есіңізде болсын, лақтырып тастаған қасиетті сіз,

мәңгі жоғалтасыз.

1-саты. Қандай қасиет керек емес. 1, 2, 3, 4 лақтырғандарыңның себебін айт.

2-саты. А) Қасиеттерді біртіндеп лақтыра береді.

Б) Тастаңыз, өшіріңіз. Бірақ сіз қауіптен

құтылған жоқсыз.

В) 4 қасиет қалғанша жалғастырыңыз.

С) Неге 4 қасиетті таңдап алдыңыз.

Ақыл

Нәпсі

Білім

Ұйқы

Жалқаулық

Адамгершілік

Имандылық

Сана

Махаббат

Сөйлеу.

Slide 19

Кездейсоқ қателік.

Берілген ақпарат, білім, ой қате оймен немесе дұрыс беріледі.

Мұғалім мен оқушылар бірігіп қатені жөндейді.

1. Ағылшын жазушысы Маугли сомдаған кейіпкер Киплинг,

«Джунгли кітабы»- фантастикалық пайым ғана.

2. Адамдар жоғарғы деңгей мен төменгі деңгейдің ортасында

орналасқан.

3. Ғылымдардың жорамалдауынша осыдан 1 млн. жыл бұрын қазіргі

адамдар пайда болды.

4. Адам сәби жануарлар арасында қалып қойса, ол ешқашан адамға

тиістіні істей алмайды.

5. Адам жалғыз өмір сүре алады. Робинзо Крузо да солай жасаған.

6. т. б

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Сұрақтар қобдишасы
Көру сезу
Жасырын сөз
Түбір мен қосымша
Ғылымда білімді
Сапаға жол
Батудың орыс жеріне жорығы
Адасқан сөйлемдер
Автокөлік - механизмдермен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина
Бензолдың химиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz