Ресурсты сатып алу
Презентация қосу
Стартап
қызметіне
арналған
қажетті
ресурстар
Экономикалық ресурс (француз сөзі, «ressource» — «көмекші
құрал») — кәсіпкерлік қызметті іске асыруда қажет болатын ақша,
қор, мүлік, мамандар, құзыреттілік және т.б.
Басқаша айтқанда, кәсіпкерлікте — тауарды жасау, өндіру, сату,
сондай-ақ осы үдерістерді басқаруда қолданылатын құралдар. Яғни
ресурс кәсіпкерлік мақсатқа қол жеткізудегі негізгі көз, мүмкіндікті
нәтижеге айналдыратын құрамды бөлшек болып табылады.
Ресурс кез келген қызметтің, оның ішінде кәсіпкерліктің де негізін
құрайды, элементтерді дұрыс үйлестіріп, сәйкестендіре білген
жағдайда олар оң нәтиже береді.
Ресурстарды төрт негізгі топқа бөлуге
болады:
• Зияткерлік. Бұған тауар белгілері, құқықтар (мәселен, авторлық құқық),
патенттер, тұтынушылар мен серіктестердің дерек қоры сияқты түрлі
зияткерлік меншік жатады. Олар кәсіпкерлік-модельдердің маңызды
компоненттері болып табылады.
• Адами. Бұл ресурсты кәсіпкерліктің барлық түрі де ескеруі керек. Бірқатар
модельдер персоналға ерекше көңіл бөледі.
• Материалдық. Мұндай ресурсқа өндіріс қуаты, ғимараттар, құрал— жабдық,
көлік, кәсіпорынның басқа да мүлкі, дистрибуция желілері мен сауда
нүктелері жатады.
• Қаржылық. Қаржы қорын не кепілдікті қажет етпейтін кәсіпкерлік модель
болмайды. Оған несие желілері, ақшалай қаражат, банк кепілдіктері жатады.
Ресурсты басқару — жоспарлау, сатып алу, жеткізу, тарату, есепке
алу, бақылау үдерістері қамтылған, кәсіпкерлікті басқарудың негізгі
кіші жүйелерінің бірі.
Өңделмеген, қатталған, жинақталған ресурс жұмыс барысында
қайта пайдаланылмай, толығымен жұмсалады. Белгілі бір
мерзімде қолданыла қоймағандар болашақта пайдаланылуы
мүмкін. Басқаша айтқанда, мұндай қорды кейінгі қор үшін
жинақтауға болады. Сол себепті оны көбінесе энергия санатының
ресурсы деп атайды.
Ондай ресурсқа отын, еңбек құралдары, бір реттік еңбек
құралдары, қаржы құралдары жатады.
Қайта өңделетін, қатталмаған, жинақтал майтын қор жұмыс
барысында өзінің табиғи-материалдық қалпын сақтайды,
ыңғайына қарай басқа жұмыстарда да қолданылуы мүмкін. Ол
ресурс пайдаланылмаса, болашақта белгілі бір уа қыт аралығында
бос тұрғаны өтелмейді, яғни жинақталмайды.
Сондықтан бұл ресурс та қуат санатындағы ресурс деп аталады.
Ондай ресурсқа адамдар, бірнеше рет пайдалануға болатын еңбек
құралдары — автокөлік, механизм, станоктар және т.б. жатады.
Қандай да бір іске кіріспес бұрын кәсіпкер:
1. осы аралықта қандай ресурс керек болатынын;
2. қандай мөлшерде керек болатынын;
3. қаншалықты тез жұмсалатынын;
4. олардың бар не жоқтығын;
5. қайдан алуға болатынын;
6. қалай алатынын нақтылап алуы керек
Ресурсты сатып алу
Сатып алуға жобаны қажет ресурспен қамтамасыз ететін шаралары
жатады.
Атап айтқанда, мүлік (тауар), жұмыстың орындалуы (қызмет),
нақты жобаға қатысты зияткерлік жұмыстың нәтижелерін тапсыру.
Сатып алу мен жеткізу өзара тығыз байланысты, екеуі де жобаны
материалдытехникалық жақтан қамсыздандырады.
Сатып алуды ұйымдастыру, жобаны материалды-техникалық
жақтан қамсыздандыру — сыртқы ұйымдардан, жеткізушілерден
тауарды, өнімді не қызметті сатып алу үдерісін қамтитын,
басқарудың шағын жүйесі.
Кәсіпкер қандай ресурс қанша мөлшерде керек
болатынын анықтап алған соң:
• ресурсты өзіне тиімді бағамен қажет мөлшерде жеткізушіні
таңдап алады;
• онымен шарт жасасады;
• содан кейін жеткізуші келісілген бағаға сәйкес нақты мөлшердегі
ресурсты жеткізіп беруі тиіс.
Жеткізіп беру сатып алуды ұйымдастыру сияқты жеке, шағын
жүйе болып табылады. Ол жеткізілімді жоспарлау; бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру; тауарды жеткізу, қабылдау, сақтау; есепке
алу, жеткізілуін бақылау сияқты үдерістерді қамтиды
Қаламызда не өңірде кішігірім туристік фирма ашпақ болсақ, ол
үшін қандай ресурс қажет? Алдымен, оларды топтастырып аламыз.
Зияткерлік ресурс.
Тауар белгісін тіркеп алуымыз керек. Ол үшін компания құрып,
логотип, корпоративтік стилін анықтап алуымыз керек.
Кейін сататын туристік турларымызды нақтылауымыз керек. Содан
соң қызметімізді жарналамау үшін компаниямыздың веб-сайты
мен әлеуметтік желісін құруымыз керек.
Мұның бәрі біздің зияткерлік ресурсымыз — зияткерлік
еңбегіміздің нәтижесі, кейін сол арқылы пайда табамыз.
Адам ресурсы.
Бізге турларды дайындап отыратын маман қажет болады. Яғни веб-
сайт жасайтын бағдарламашы керек. Өнімімізді жарнамалау үшін
әлеуметтік желілерді басқаратын SMM-менеджер керек.
Жұмысымызды жүргізу үшін туристерді алып жүретін жүргізуші;
экскурсия жүргізетін туристік гид; клиенттермен жұмыс істеп,
қоңыраулар қабылдайтын, экскурсиялар туралы айтып беріп,
тапсырыс, төлем қабылдайтын және т.б . кеңсе менеджері;
компаниямыздағы қаржы ісімен айналысатын бухгалтер керек. Өз
кеңсеміз болса, тазалаушы да қажет.
Материалдық ресурс.
Туристерді тасымалдайтын көлік, менеджер жұмыс істейтін офис,
кеңсе жабдығы: компьютер, телефон, принтер және т.б. қажет
болады.
Қаржы ресурсы.
Бастапқы капитал болмаса, автокөлік, жабдық сатып алу үшін несие
алуымыз керек. Сондай-ақ бағдарламашы, SMM маманы, тур
әзірлеушіге жалақы беріп, пайда түскенге дейінгі бірінші турға
кететін шығынды (жүргізушінің, гид, менеджердің жалақысын,
бензин және т.б.) жабатындай бастапқы капиталымыз болуы
керек.
Осы ресурстың бәрі болған жағдайда кәсіпкерлікті бастауға, одан
пайда табуға мүмкіндік береді.
Тапсырма
Интернеттегі киім дүкенін ашу үшін қандай ресурс (зияткерлік,
адами, материалдық, қаржылық) қажет болады?
Салалық
ресурстард
ың
ерекшелікт
ері
1-тапсырма
Сіздердің әрқайссыңыз оқып жатқан бір мамандықты таңдадыңыздар. Сіз оқуды аяқтап, өз
бизнесіңізді ашайын деп жатырсыз деп елестетіңіз. Біреу өзінің балабақшасын, біреу –
курстар немесе ивент-агенттік, өз шеберханасын, нотариалдық кеңсе, ветеринар клиникасын,
стоматологиялық кабинет, дәріхана немесе оптика, дүкен, дизайнер агенттігін ашады, өзінің
музыкалық тобын, киім немесе әшекейлер брендін және т.б. жасайды.
Қандай тауашаны таңдасаңыз да, сізге ресурстар қажет болады.
Енді сіз төменде ұсынылған ресурстың әрбір типі үшін сауалнама алуға және нақты сіздің
болашақ бизнесіңіз үшін толық жауап беруге тиіссіз. Сіздің жауаптарыңыз қаншалықты
толық және нақты көрінсе – соншалықты жақсы. Таңдау үшін қаншалықты көп нұсқау болса,
соншалықты табысқа мүмкіндік болады.
HR-
қызметкер
лерді
басқару
HRМ, Human Resources Management (әріп. –
«адами ресурстарды басқару») немесе адами
ресурстарды басқару (АРБ ретінде белгілі) бұл
компания қызметінің нәтижелерін жақсартуға
мүмкіндік беретін ұйымның адами ресурстарын
(қызметкерлерін) тиімді пайдалану. Адами
ресурстарды басқару - қазіргі таңда бизнес-
ұйымдардың алдында тұрған ең күрделі міндеттердің
бірі. Осы міндет ұйымның барлық менеджерлерінің
жауапкершілігінде, себебі тек өз компанияңның
адами ресурстарын тиімді басқара отырып, компания
қойылған мақсатқа қол жеткізе алады.
Адами ресурстарды
басқарудың қазіргі заманғы
мәселелері.
Біздің уақытымызда қоршаған әлем тұрақты және болжап біліп
болмайтын өзгерістерге ұшырап отырады. Осы өзгерістердің
кейбірі бизнес әлеміне әсер етеді:
•Қызметшілердің өзгерген болжалдары;
•Әлемдік аренадағы бәсекелестік;
•Өнімділіктің артуы;
•Технологияның әсері.
Адами ресурстардың құрылымы – бұл қандай да бір белгі
бойынша біріктірілген және оның ұйымның бірыңғай ресурсы
ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер тобын
құруға әкелетін жекелеген сипаттамалардың абсолюттік және
салыстырмалы мәндерінің жиынтығы. Осы анықтамада персонал
құрылымының әр элементінің өзінің белгілі бір ролі бар және басқа
элементтермен байланысты екендігіне көңіл аударылады.
Мысалы, кез келген кәсіпорында ұйымдастырушылар,
үйлестірушілер, көшбасшылар. сыншылар және рольдердің басқа
типтері болуға тиіс.
Адами ресурстарды басқару
жүйесінің негізгі мақсаттары
мыналар болып табылады:
• білікті қызметкерді тарту, оның
кәсіби қасиетін қолдау және
дамыту;
• қызметкердің тиімді және өнімді
жұмысы үшін жағдай жасау;
• қызметкердің ұзақ мерзімді
ынталандыруын қалыптастыру.
Қызметкерді басқарудың
негізгі функциялары:
• өндіріс мақсатының ең жақсы жетістігі үшін ұйым қызметкерін іріктеу, жалдау және қалыптастыру;
• қызметкерді бағалау;
• әр жұмыскердің шығармашылық белсенділігін тудыруға ықпал ететін кәсіпорынның
ұйымдастырушылық құрылымын және моральдық климатын дамыту;
• жұмыскер мүмкіндігін жақсы пайдалану және оған сыйақы беру;
• әр жұмыскер алдында ұйымның әлеуметтік жауапкершілігінің кепілдігін қамтамасыз ету.
• бар кадрлық әлеуетті талдау және перспективаны есепке ала отырып оның дамуын жоспарлау;
• персоналды ынталандыру,
• кадрларды бағалау және оқыту,
• жұмыскерлерді жаңалыққа бейімделуіне көмектесу,
• ұжымда әлеуметтік жайлы жағдайды жасау,
• қызметкерлердің психологиялық сәйкестігінің жиі мәселелерін шешу дәне т.б.
«Әңгімелесу» іскерлік ойыны
Ойын жағдайларын нұсқалар бойынша сипаттау
•1-нұсқа. «МАРС» ЖШС «Клиенттермен жұмыс жөніндегі
менеджер» лауазымына әңгімелесу жүргізеді. Студенттер
арасынан әңгімелесуге қатысатын жұмыс берушінің өкілдері
(директордың персоналды басқару жөніндегі орынбасары,
директордың маркетинг жөніндегі орынбасары, психолог,
қызметкерлерді басқару жөніндегі маман, клиенттермен жұмыс
жөніндегі аға менеджер), 3-4 адам жұмыс іздеушілер іріктеледі.
Бұдан басқа, тәуелсіз сарапшылардың тобы құрылады.
• 2-нұсқа. Ақмола облысының Денсаулық сақтау министрлігі «Лицензиялау
және аккредиттеу жөніндегі маман» лауазымына әңгімелесу жүргізеді.
Студенттер арасынан әңгімелесуге қатысатын жұмыс берушінің
өкілдері (сарапшылар) (департамент басшысының орынбасары,
персоналды басқару бөлімінің бастығы, лицензиялау және аккредиттеу
бөлімінің бастығы, кадрлар жөніндегі маман) және 3-4 адам жұмыс
іздеушілер іріктеледі. Бұдан басқа, тәуелсіз сарапшылардың тобы
құрылады.
• Жұмыс берушінің өкілдері үміткерлерге қойылатын талаптарды құрады,
әңгімелесу жүргізу үшін сұрақтардың тізімін құрады. Фирма мақсаты –
олардың көзқарасы бойынша өте лайықты маманды іріктеу.
• Әңгімелесу қорытындысы бойынша жұмыс берушінің өкілдері әр жұмыс
іздеуші бойынша қорытындыны ресімдеуге және олар қай үміткерді
жұмысқа алатынын және не себепті екендігін анықтауға тиіс. Бұл ретте
олар бірде бір үміткерді алмауы да мүмкін.
• Бос лауазымға үміткерлер өзінің кәсіби өмірбаянын ұсынады, түйіндемені
ресімдейді және әңгімелесуде мінез-құлық стратегиясын
қалыптастырады. Әр үміткердің мақсаты – бір біріне бәсекелесе отырып
жұмысқа алынуға тырысады.
• Тәуелсіз сарапшылар іскерлік ойынның барысын қадағалауды жүзеге
асырады. Жұмыс іздеушілер де және жұмыс берушілердің өкілдері
жұмыстағы жетістіктер мен кемшіліктерді тіркейді. Іскерлік ойын
аяқталған соң сарапшылар оны объективті бағалайды.
Басым
істерді
анықтау
Маңызды істерді анықтау
Әрекет Жауапты Маңыздылығы Шұғылдылы Статусы Басталуы Аяқталуы Ескерту
тұлға ғы («Жасау
(маңызды ма жоқ қажет»,
па?) (шұғыл ма?) «Жасалынып
жатыр»
немесе
«орындалды»)
1-мақсат
1-әрекет Аты
2-әрекет Аты
3-әрекет Аты
2-мақсат
4-әрекет Аты
5-әрекет Аты
6-әрекет Аты
Кез-келген стартаптың жасауға тиісті маңызды істері мен әрекеттерінің тізімін жасап қарастырыңыз.
Ұсақ мәселелердің тізімі
3-тапсырма
1) Сіз ұсақ мәселелердің жазбаша тізімін жасаңыз. Әзіл сезімі туралы да ұмытпаңыз.
Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда ұсақ-түйектердің құрылған тізімі әр түрлі
өнертабыстар үшін көптеген идеяларды құруға сіздің ақыл-ойыңызды ынталандырады.
Демек, сіз тізімде ең өзекті және нақты мәселелерді көрсете алдыңыз.
2) Сіз ең өзекті және болашағы зор болып көрінетін бірнеше мәселелерге дейін ұсақтүйек
тізімін жазыңыз.
3) Сіз таңдалған мәселелерді шешудің бірнеше тұжырымдамасын жасаңыз.
4) Сіз тұжырымдамалардың жалпы санынан бірін таңдап алып, өнертабыстың физикалық
безендірілуін және оны қолданудың ықтимал салаларын қоса алғанда, оны егжей-тегжейлі
ойластырыңыз
Эйзенхауэр Эйзенхауэр матрицасын
матрицасы қалай пайдалануға
Біз әртүрлі міндеттерді шешуге көп уақыт болады
жұмсаймыз. Кейде өзімізді сарқылғандай Бұл құрал өз міндеттерінің маңыздылығын
сезінеміз, өйткені барлық мәселелерді бағалау және оларды нақты жіктеу үшін
түсінуге үлгермейміз.Уақыт бәріне тең қажет.
бөлінеді, бірақ дұрыс таңдау жасайтын Әдіс тапсырмалар мен іс-әрекеттерді төрт
адамдар ғана өнімді бола алады. топқа
бөледі:
-шұғыл әрі маңызды;
-маңызды, бірақ шұғыл емес;
-шұғыл, бірақ маңызды емес;
-шұғыл да, маңызды да емес.
Эйзенхауэр матрицасы
м
а
ң
ы Маңызды Маңызды
з
Шұғыл емес Шұғыл
д
ы 1
л
ы
қ 4 3
Маңызды емес Маңызды емес
Шұғыл емес Шұғыл
шұғылдылық
Эйзенхауэр матрицасы
Шұғыл әрі маңызды Маңызды, бірақ шұғыл емес
«Мұны дереу жасаңыз» «Мұны қашан орындайтыныңызды
шешіңіз
1-мәселе 1-мәселе – (мерзім) дейін жасау
2-мәселе 2-мәселе – (мерзім) дейін жасау
3-мәселе 3-мәселе – (мерзім) дейін жасау
Шұғыл, бірақ маңызды емес шұғыл да, маңызды да емес
«Басқа біреуге табыстау» «Мұны кейінірек жасаңыз не бас
тартыңыз»
1-мәселе – делегирлеу (аты) Идея 1
2-мәселе – делегирлеу (аты) Идея 2
3-мәселе – делегирлеу (аты) Идея 3
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz