Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс құралдарын баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қожa Aхмет Ясaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрік университеті
«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті
Экология және химия кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм,
социализм, аралас экономика, саяси экономиканың - ерекшеліктері
Қабылдаған: Байбахов Н.А
Тобы: ЖХМ-111
Орындаған: Абдугафур Туйгинов
Экономикалық жүйе дегеніміз не?
Экономикалық жүйе — экономикалық өнімді өндіру,
бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын
негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын
айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды
етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе
белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Қазіргі
уақытта екі негізгі экономикалық жүйе бар: капитализм және
социализм. Алайда экономикалық жүйелер түрлі саяси және та-
биғи жағдайларға бейімделуі керек болғандықтан, таза
капитализм немесе таза социализм сирек кездеседі. Заманауи
экономикалық жүйелердің көбі осы екеуінің біраз өзгертілген
немесе көбіне құрамдастырылған нұсқасы ретінде жүзеге
асырылады.
Капитализм
Капитализм - көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жекемен-
шікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік
иелерінің жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе.
Капитализм нарықтағы бәсекеге негізделеді. Капиталистік
экономикалық жүйе- де әрбір адам қажырлы еңбек етіп, тауар
өндірісінің тиімді әдістерін енгізе отырып, өз табысын арттыруды
көздейді. Бұл жүйе адамдарды табанды еңбек етуге, техникалық
инновацияларды және тұтынушы- ның сұранысын тудыру мен
қанағаттандыру тәсілдерін терең түсіну- ге ынталандырады.
Өйткені жеке бастың мүддесін ойлаған адамның талпынысы да
мықты болады; ал бүл жағдай экономикаға жаңа серпін береді.
Алайда капиталистік экономиканың да кемшіліктері бар. Бұл
кемшіліктер ресурстарды бөлісуге байланысты туындайды.
Біріншіден, капиталистік жүйе бәсекелестікке негізделгенімен,
жұмысшы және капиталист (салалардың иелері) арасындағы сәйкестік
тең емес. Жұмысшыларға қарағанда капиталистердің мүмкіндігі бірдей
емес. Осының салдарынан жұмысшылар кедей өмір сүруі мүмкін, ал
капиталистердің жағдайы патшадан кем түспейді. Екіншіден,
жұмысшылар да, ешқандай жүмыс істемейтіндер (балалар, кәрілер,
жұмыссыздар) өмірде жиі ұтылып қалады. Олар басқалардан көмек
күтуге мәжбүр болады. Үшіншіден, көшелер мен саябақтарды абат-
тандыру және сумей жабдықтаудың санитарлық жүйесі сияқты
қоғамдық қызмет түрлері мардымды пайда әкелмейтін болғандық- тан,
мұндай салаларға капиталистер қызыға бермеуі мүмкін. Алайда олар
болмаса, қоғам да қызмет ете алмайды. Демек, капиталистік жүйенің
өзінде қажетті тауарлар мен қызметтерді бөлісудің бірқа- тар амалдары
болуы тиіс.
Социализм
Капитализмде өндіріс бөлістен жоғары болса, социализмде
бөліс өндірістен жоғары болады. Социализм - қоғам немесе
үкімет өндіріс құралдарын баршаның игілігі үшін
қолданатын экономикалық жүйе. Күнделікті өмірде
социализм мен коммунизмді жиі шатастырады: коммунизм -
өндіріс құралдары мен барлық мүлік мемлекет меншігінде
болатын және әрбір адам еңбек етіп, өз қабілеті мен
сұранысына қарай жалақы алатын экономикалық жүйе. Карл
Маркстің есептеуінше, коммунизм социализмнен дамып
шығады, бірақ заманауи әлемде коммунизм қоғамы ешқашан
болған емес.
Теориялық тұрғыдан социализмнің капитализма қарағанда
бір- неше артықшылығы бар. Біріншіден, әлеуметтік
ресурстар бай адамдар үшін ғана емес, бүтіндей қоғамның
игілігіне қолданылуы мүмкін. Мы- салы, социалистік жүйе
корпорациялардың бас пайдасы үшін қорша- ған ортаны
ластауына жол бермей, табиғатты қорғай алады. Дәл
осылай, социалистік экономика ресурстарды телевизия
өнімі сияқты табысты салалардан, білім беру, ауыл
шаруашылығы немесе болат өндірісі сияқты келешекте
жалпы халыққа пайда әкелуі мүмкін ұзақ мерзімді
бағыттарға бұра алады. Бастысы, социализмде әрбір адам
өмір сүруі үшіы өзіне керегін алуы тиіс. Сонымен бірге әр
адам оргақ мақсатқа жету жолында мүмкіндігінше жұмыс
істеуі керек. Бірақ қасындагы жалқау әріптесі көп балалы
болғандығы үшін, ягни қажегтілігі артық болғандықтан ғана
көбірек жалақы алып отырған кезде баласы жоқ, бірақ
еңбекқор әйелдің барын салып жұ- мыс істеуі екіталай емес
пе? Сондықтан да социалистік экономика, капиталистік
экономикаға қарағанда әділетті, бірақ тиімсіз.
Аралас экономика
Қазіргі кезде батыс қоғамында капиталистік және
социалистік экономикалық қүрылымдар қатар жүреді.
Көптеген елдерде пошта, темір жол және негізгі энергетика
салалары сияқты қызметтер әлеумет- тендіріліп жатыр. Бұл -
соцализмнің таза идеализмнен туындауы емес. Мемлекеттік
меншік көп жағдайда өмір сүруге қажетті, бірақ тиімділігі
төмен қызметтердің жалғасуын қамтамасыз етудің үздік
тәсілі ретінде қарастырылады. Мысалы, денсаулық сақтау
мен білім беру сияқты өзге қызметтер ішінара әлеуметтенді
рілген. Өйткені қоғам бұл қызметтердің кедейлер үшін қол
жетімді болмауы этикаға сай келмейді және оларды ашық
нарықта қамтамасыз ету тиімсіз деп санайды.
Норвегия және Швеция сияқты бірқатар елдерде
әлеуметтік қыз- мет көрсету «әркімнен қабілеті
жеткенше, әркімге сұранысына қарай» деген қагидадан
ілгері жылжыды. Әлі күнге дейін денсаулық сақтау мен
білім беру саласында теңсіздік бар, бірақ бұл салалардағы
ақылы қызметтерге қарағанда, бұл теңсіздік елеусіз
болып көрінеді. Басқа Батыс елдерімен
салыстырғанда, АҚШ капиталистік экономика жүйесіне
жақын. Республикалық партия әлеуметтік қыз- меттердің
үкімет тарапынан көрсетілуін қысқартуды талап етті. Ал
Демократиялық партия, керісінше, көбейту керек деді.
Болашақта социалистік және капиталистік қағидалардың
үйлесуі тек экономикалық жағдайды ғана емес, сонымен
қатар саяси жағдайды да көрсетеді.
Саяси экономика
Саяси экономика елдегі саяси және экономикалық
нысандардың өзара әрекеттесуін білдіреді. Капитализм
де, социализм де авторитарлық немесе демократиялық
саяси жүйелерден көрініс табуы мүмкін. Батыс
Еуропаның Біріккен Корольдіктер, Швеция сияқты
көптеген мемле- кетінде социализм мен демократия
біріктірілген. Қытай мен Куба сияқты басқа мемлекеттер
социализмді авторитарлық саяси жүйемен қиыстырып
отыр. Социалистік экономикасын саяси элита басқарып,
әскери элита мәжбүрлеп отырған қоғамдарға сілтеме
жасағанда, біз «коммунист» терминін жиі (тіпті шектен
тыс) қолданамыз. Мұндай елдерде социализмнің
мақсаттары (теңдік және тиімділік) әлі де бар, бірақ
саяси басқару түрі демократиялық емес, авторитарлық.
Саяси экономика елдегі саяси және экономикалық нысандардың өзара
әрекеттесуін білдіреді. Сонымен,
Капитализм-көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жеке
меншікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік
иелерінің жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе.
Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс құралдарын (жер, еңбек және
капитал) баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе.
Коммунизм - өндіріс құралдары мен барлық мүлік мемлекет
меншігінде болатын және әрбір адам қабілеті мен қажеттілігіне қарай
жүмыс істеп, еңбекақы алатын теориялық экономикалық жүйе.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz