Бүлдіргеннің биологиялық сипаттамасы



Бүлдірген дақылының биологиялық және агротехникалық ерекшеліктері

Бүлдірген 4 географиялық топтан тұрады: еуропалық бүлдірген (4 түрі бар), Еуропада, Батыс Сібірде, Кавказда; азиялық бүлдірген (17 түрі бар), Шығыс Сібірде, Азияда, Жапонияда; шығыс және батыс америкалық бүлдірген (26 түрі бар), Кавказда, АКШ-та, Оңтүстік Америкада тараған. Негізгі түрлері: орман, батыс америкалық, вергиндік, чилилік, ірі жемісті бау бүлдіргені және тағы басқалар. Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі.
орман Бүлдіргені (F. verca)
орман Бүлдіргені (F. verca)
жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs)
жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs)

Бүлдіргеннің биологиялық сипаттамасы
Бүлдірген (лат. Fragarіa) - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүлдіргеннің биіктігі 5 - 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры - көпгүлді қалқанша. Жемісі - жидек (қызыл, қызғылт шырынды) . Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жемісі дәмді, хош иісті, құрамында А, В1, В2, … В9, РР, К витаминдері, органик. қышқылдар, фосфор, темір, кальций және т. б. пайдалы заттар болады. Бүлдіргеннің зиянкестері: қой бүлдірген ұзынтұмсығы, бүлдірген жұмыр құрттары, бүлдірген кенесі. Аурулары: ақұнтақ (қалталы саңырауқұлақтардан туындайтын өсімдік ауруы), шірік, т. б.

Бүлдірген көп жылдық, жъл бойы көгеріп тұратын, шөптесін өсімдіктер қатарына жатады. Өсімдіктің биіктігі 30-35 см-ден аспайды. Жер бетіндегі тым қысқартылған бөлігінің тарамдалуы өте күшті. Бүлдіргеннің басты сабағы болмайды, олардың әр түрлі жастағы 3 типті сабағы бар: мүйізшелері, гүл сидамы және мұртшалары. Мүйізшенің жоғарғы жағында жеміс бүршіктері, жанама жағында қолтық бүршіктері орналасады, одан келесі жылы жаңадан мүйізше өсіп шығады. Жеміс салып болған соң, төмен орналасқан бүршігінен төселмелі өркеңдер (мұртшалар) қалыптасады, ал бүйір бүршіктерінен бір жылдық сабақтар (мүйізшелер) пайда болады. Бүлдіргеннің бір жылдық өсімдігінде орта есеппен 2-3, ал екі-үш жылдық өсімдігінде 10-ға дейін мүйізше өсіп жетіледі. Одан кейін өсімдік ескірген сайын, бүйір бүршіктері азаюы салдарынан мүйізшелердің саны кеміп, жалпы өнімділігі де темендейді.
Бүлдірген де басқа өсімдіктер сияқты жер беті және жер асты жүйелерінен түрады (1-сурет) . Өзінің табиғи касиеті жағынан орман өсімдіктері қатарына жатады, бірақ ол орманда емес, ашық, жарық жақсы түсетін жерде, тоғай шетінде, сирек ағаштар арасында жақсы өсіп-жетіледі,
Жеміс-жидек дақылдары ішінде бүлдіргеннің басты артықшылығы - ерте жеміс беретіндігінде.

Бүлдіргеннің отырғызылуы және гүлдеуі
Өндірісте көктемде отырғызылатын болса, екінші жылы, ал жазда отырғызылса бірінші жылы жеміс бере бастайды. Тіршілік кезеңінің басталуынан жеміс піскенге дейінгі уақыт аралығының қысқа (35-42 күн) болуы, бейімделгіштігі бүлдірген дақылын Қазақстанның барлық аймақтарында өсіруге мүмкіндік береді.
Бүлдірген өте көп тараған, көпшілікке жақсы танымал дақылдар қатарына жатады. Ол жеміс маусымын бірінші болып бастайтын дақыл. Өсетін аймағына байланысты, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ оңтүстік-шығыс аймақтарда, жемісі мамыр, маусым айларында пісе бастайды.
Гүлдеу мерзімі басталғаннан соң 20-30 күн өткенде, алғашқы піскен жидектерін жинауға болады. Ерте өнім алу үшін бүлдіргенді пленка астында өсіпген қолайлы.
Жидек піскеннен кейін, оның жапырақтары мен мұртшаларының өсу жылдамдығы жеделдейді. Сонымен қатар, сол жылғы шыққан сабақтар түбінен жаңа тамырлар өсе бастайды да, өсімдіктер келесі жылы жидек салуға әзірлік жасайды. Күздің басында, сол жылғы шыққан сабақтардың ұшында жеміс бүршіктері пайда болады.
Бүлдіргеннің гүл бүршіктері күз кезінде қалыптасады, бұл кезде күн қысқа, жарық түсетін күндер 10-12 сағат, ал температура түнде салқын +5 °+8 °С шамасында болады.


Бүлдірген аязға шыдамсыз болып келеді, ауа температурасы 15-18°С-қа төмендесе, қарсыз қыс кезінде түптері үсіп кетеді. Ал, плантацияда қалыңдығы 15-20 см қар жатса, -24-40°С-ға дейінгі аязға да шыдай алады.
Бүлдіргеннің тамыр жүйелері қармен жабылмаса -8℃ аязда да зақымданады. Жауған қар қалындығы 20 см-ден кем болмаған жағдайда, тамырлары және жер бетіндегі бөлігі закымданбайды. Бүлдіргеннің тамыр жүйелерінің негізгі бөлшектері жер бетіне жақын орналасады, сол себептен оны ылғалмен қамтамасыз ету, басты агротехникалық шаралардың бірі болып саналады. Оның үстіне бүлдірген шамадан тыс ылғалданған топырақта нашар өседі, су тұрып қалған жердегі өсімдіктер солып, өліп қалады.
Бүлдіргенді ұзақ уақыт бойы көлеңкелі жерге отырғызу зиянды, бірақ та Оңтүстікте өнімділігін жоғарлату үшін қысқа уақытқа көленке жерде есірген дүрыс. Қазақстанның оңтүстік аудандарында көлеңкелеу жерлерге отырғызылған бүлдыргеннен жақсы өнім алуға болады.
Бүлдірген көшеттерін бір қатарлап, қатар аралығының кеңдігі 70-80 см және өсімдіктердің бір-бірімен ара қашықтығы 20-25 см, немесе суыртпақтап (екі қатарлы 80+40х25) отырғызуға болады. Көшетті қатардың жағалауларына (7-10 см) тереңдікке қөшеттер отырғызылады. Тамырларының үстінде топырақ салынып, тығыздалады, мұнда тамырларының жоғары қайырылмауын, орталық бүршіктің топырақпен бастырлып қалмауын қадағалау қажет.
Агротехникалық ерекшеліктері


Суару жүйесі
Косымша егу жүмысы (бірінші және екінші рет) жүргізілгеннен кейін өсімдіктер тағы да міндетгі түрде суарылады. Өнбей қалған өсімдіктер саны оншалықты көп болмаоа, екінші рет қосымша отырғызған кезде, мүртшалардьі, өнбей кдлған өсімдіктің орнына қарай бағыттап, оны баптау арқылы өсіруге болады. Өсімдік бірқалыпты өсуі үшін, мезгілімен суарып, арамшөптерді отап, топырақты қопсытып және уақытылы үстемелеп қоректендіріп отыру қажет.
Бүлдірген жиі-жиі суаруды қажет ететін өсімдік, өйткені оның тамыры топырақтың жоғарғы қабатында орналасқандықтан тез құрғагыш келеді. Өсу кезеңінде бүлдірген жалпы 11-13 рет суарылады, 6-7 рет топырағы қопсытылады және 3-4 рет арам шөбі оталады. Суару және топырақ қопсыту жұмыстары шамамен келесі мерзімдерде жүргізіледі: мамыр айында бір рет суарылады, сонан соң топырағы қопсытылады, шілде айында 3-4 рет суарылып, екі рет топырағы қопсытылады, тамыздың бірінші жартысында екі рет суарылады, бір рет топырағы қопсытылады, қыркүйек айында 1-2 рет суарылып, бір рет топырағы қопсытылады. Қазанның екінші жартысында тағы бір рет суаруға болады. Оңтустік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ай сайын бір рет артық суарылады, Әсіресе шілде және тамыз айының екінші жартысында жиі-жиі суаруды қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар, өйткені бұл кезде өсімдік шапшаң еседі және өнім беруге әзірленеді.

Тыңайтқыштарды енгізу
Егер алдын ала жерге көң шашылған болса, отырғызылган жылы минералды тыңайтқыштарды енгізбесе де болады. Егер түрлі себептермен, бүлдірген егілетін жерге көң шашылмай қалган жағдайда, тамыз айыныңорта шенінде гүл бүршіктерінің калыптасуын қамтамасыз ету үшн толық минералды тыңайтқыштармен қоректендіруге болады. Бұл үшін әрбір гектарга 60 кг фосфор, 30 кг калий және азот тьщайткыштары әсерлі зат түрінде енгізіледі.
Егер көшеттерді отырғызар алдында әр гектарга 60-100 тонна көле мінде көң, топырақ мүкгаждыгына қарай әр қайсысы 6-10 тоннадан фосфор, калий тыңайтқыштары себілсе, осы жылы үстеп қоректендірудің қажеті бомлмайды. Келесі жыпдары ерте көктемде. Бүлдірген тамырлары, жапырақтары, гүл сабақтары өсе бастаған лантанцияны курап, солып қалған жапырақтардан азалап болғаннан кейік, әр гектарга орта есеппен 100-150 кг әсерлі зат түрінде минералды тыңайтқыштар беріледі. Бүлдірген гүлдер алдында, яғни арамшөптер өсе бастаганда плантацияны отап, топырақты қопсытады сондай-ақ әр гектарға тиісінше 100 кг шамасында азот селитырасы, 40-50 кг калий тұздары беріледі.
Қатараралықтарды 10-12 см терендікке КРН-2, 8, КОН-2, 8А қопсытқыштарымен қопсытады. Қатардағы арамшөптерді колмен отап отыру қажет. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінде плантацияны Қазақстанкың оңтүстік аймағында 9-14 рет, Оңтүстік шығысында 8-12 рет суарады, 5-6 рет арам шөптерін отайды. Осы кезенде топырақ ылғалдылығы толық далалық су симдылығынан 70-80 пайыз деңгейінде ұсталады, суару мөлшері гектарына 350-400 текше метр аралығында болады. Жидектерді жинап алғаннан кейін 10-15 күн өткенде бүлдіргеннің тамыр, жапырақ және мұртшаларының каркынды өсуі басталады, ал тамыздың аяғында біраз баяулайды, қыркүйекте жеміс бүршіктері қалыптаса бастайды.


Бүлдіргенді отырғызу әдістері
Бүлдірген мұртшалары арқылы көбейеді. көшеттері үш категорияға бөлінеді: супер элита, элита және бірінші репродукция. Плантацияға отырғызу үшін супер элита және элита көшеттерін таза бір -екі жылдық түптерден таңдап алады. Бүлдіргенді көктемде, жазда және күзде де отырғыза беруге болады. Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында өсімдіктің өнуі және қысқы суықтан сақталуы үшін көктемгі және жазғы кезде отырғызған дұрыс. отырғызудың ең жақсы мерзімі - көктемде, ауа райына байланысты наурыз айынан бастап, сәуірдің аяғына дейін, ал жазда маусым -шілде айларында. күзгі отырғызу тамыз айының басы мен 15- қыркүйек аралығында жүргізіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz