Дуалды оқыту жүйесінің білім саласындағы өзектілігі
Презентация қосу
Дуалды оқыту
жүйесінің білім
саласындағы өзектілігі
• Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен
нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние.
Оның жарқын мысалдарының бірі - Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі.
Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші
бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық –
кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде
бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық
бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-
техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс
жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың
оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің
дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге
қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға
қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты
қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын
облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.Дуалдық
жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында
меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара
байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын
арттыратындығы сөзсіз.
• Техникалық және кәсіптік білім беруге қазіргі уақытта ел көлемінде айрықша мән беріліп отыр.
Техникалық және кәсіптік-білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес
құрылымдарының және азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз. Дуальдық
жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге
бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді.
Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін
өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.
• Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең
тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында
емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді.
• Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты
игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Сондықтан
еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік,
теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-
жақты өрістей алады. Өңірлерде дуальдық жүйені енгізу бойынша жұмыстар кәсіпорындармен оқу
жоспарларын, оқу процесінің кестесін қайта қараумен, кәсіптік білім беру орындарының
материалдық-техникалық базасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, мамандықтар
тізімін ұлғайтуға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға ден қойылуда. Дуальды жүйемен
оқытудың жетістігі көп.
• Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз
байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
• Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман
болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген
жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға
бейімделеді.
• Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі,
өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде
шешеді.
• Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы
күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды
меңгереді.
• Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы оны
күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін
нәтижелер. Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген
қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен
кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық
берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі анық
Мақсаты:
• Дуальдық оқыту жүйесі элементтерін енгізудің мақсаттары:
• Колледж ұжымының мақсаты:
• 1. Дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді
жүйесін жасақтау;
• 2. Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау;
3. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;
4. Оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық
лабораториялық жабдықтармен қамту;
5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялары-
мен және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу;
• 6. Әлеуметтік серіктестермен байланыста оқушыларды өндірісте тәжірибеден өткізу және
бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болу.
Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына,
кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды. Сонымен бірге оқу
орныны болсын мекемелерде де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп, халықтың
жұмыссыздығы кемиді.
• Дуальды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың
жұмысқа орналасуының жоғарғы пайзын көрсетеді. Өйткені олар
жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді Дуалды білім
беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің
шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуниактивтілігін, жұмысқа
бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ
мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуалды білім беру
жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында
қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет.
Қорыта келгенде
•, егер дуальдық жүйемен оқыту әдістемесі жетілдіріліп, заңды түрде күшіне енгізілсе, жақсы нәтиже береді деп
есептеймін:
•1. Дуалдық жүйе - оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін, яғни теория мен тәжірибенің
арасындағы алшақтықты жояды;
•2. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бітіруші түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру
үшін жұмыстанады;
3. Жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқу орны болашақ мамандарға қойылатын
талаптарды ескеріп отырады;
•4. Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс талабына сай, білім алушыға қойылатын біліктілік талаптарды
дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальдық оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық бағдарламаны, оқу
бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан өткізуге қатысады;
5. Әлеуметтік серіктестіктер мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырманы қалыптастыруға қатысады;
•6. Оқушының кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті тағайындау үшін құзырлы мамандар
мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшесі ретінде қатысады;
7. Білім алушы дуальдық жүйемен оқыту нәтижесінде белгілі құзіреттерді меңгерген кәсіби дағдыға ие болады;
•8. Оқу орнын бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
Өз ойым:
• Студенттер осы әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірбиені
ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде
озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны
меңгереді және жұмыстар жасайды.
• Біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де
білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Тәлімгерлеріміз сапалы білім алып,
отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүійспеншілігін болашаққа
деген нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне жауапкешілікпен қарайды
деп сенемін.
•Тыңдағандарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz