Бизнес жоспарлаудың мәні, мақсаты


Slide 1

Бизнес жоспарлауда жиі кездесетін қателіктер

Орындаған: Исламғалиева А. Е

Тексерген:

Slide 2

Жоспары

Бизнес жоспарлаудың мәні, мақсаты

Бизнес жоспарлауда жіберетін қателіктер

Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктер

Қорытынды

Slide 3

Бизнес жоспарлаудың мәні, мақсаты

Кәсіпкерлік әрекеттің кез келген түрі мен ойластырылған жобаның бизнес-жоспарының кейінгі дайындалуы жаңа ойдан басталады. Жақсы ойсыз бизнес мүмкін емес. Бірақ бір ғана ой бизнесті бастау үшін жеткіліксіз. Бұл проблемамен бизнесін бастап келе жатқан кәсіпкерлер де, ірі компаниялар да қақтығысады.

Slide 4

Бизнес жоспарлаудың мәні, мақсаты

Кез келген жағдайда ойды іске асыру үшін қанша қаражатты инвестициялауын, қарыз қаражаттарын тартуын керек болатынын есептеу қажет, сұраныс пен шығындарды бағалау, инвестициялық шараларды жоспарлау қажет, соңғы нәтижесінде осы инвестициялық жоба табыс әкеле ме, жоқ па екенін түсіну керек.

Кәсіп бастау үшін нақты жоспарың, әрі кездесетін кедергілерге төтеп берер иммунитетің болуы қажет. Одан бөлек, кәсіп бастағанда белгілі бір дәрежеде біліміңнің болуы шарт. Бастайтын ісіңді алдын ала зерттеп, жан-жақты білгеннен кейін ғана кірісу керек.

Бастаймын деген кәсібіңді алдын ала зерттеп, толық білгеннен кейін ғана қолға алған дұрыс. Одан бөлек бастаймын деп жоспарлап жүрген кәсібіңде кішкене болсын тәжірибе жинақтап, ішкі атмосферасынан хабардар болу маңызды.

Slide 5

Бизнес жоспарлауда жіберетін қателіктер

Slide 6

Бизнес бастағанда кезде кейбір адамдар білімнің аздығынан немесе тағы да басқа жағдайларға байланысты қателіктерге бой алдырып жатады.

1. Біріншіден, кәсіпкер ата-анасымен, отбасымен, ағайын-туыспен қарым-қатынасын түзеуі керек.

Онсыз бастаған ісінің ешқандай берекесі болмайды. Сондай-ақ, оңай жерде нан жоқ екенін, ешқандай сиқырлы таяқша болмайтынын білуі керек. "Алма піс, аузыма түс" демей, адам орнынан көтеріліп, істің тауқыметіне төзгенде ғана кәсіп жемісін беретінін түсіну керек.

Slide 7

2. Эмоциямен емес, саналы түрде бастаған дұрыс.

Кәсіп бастағанда бәріміз лапылдап жанып тұрамыз. Бірақ кәсіпті эмоциямен емес, саналы түрде бастаған дұрыс. Кәсіп бастауды мақсат еткен кісілер ең бірінші ниетті дұрыстау керек. Ақша табуды ғана ойлаған адам ақшаның құлы болады. Адамдардың мәселесін шешуді, оларға бақыт сыйлауды көздеген адамға ақша өзі келеді. Ал сол адал ақшаны қанша көлемде тауып, қайда жұмсайтынын алдын ала жоспарлау керек. Нақты мақсат болмаса, ол ақша адамды бұзады.

Slide 8

Мақсатты жүз еселей қоя білу керек

Кәсіпкердің мақсаты үлкен болуы керек. Яғни кейбіреулер алдарына мақсатты былай қояды: үй алсам болды немесе көлік алсам болды деген сияқты. Бірақ ол мақсатқа жеткен соң, ештеңе қызық емес болып қалады. Сол үшін де ең мықты мақсатыңды 100 еселей салу керек. Сонда үй де, көлік те түкке тұрғысыз болып қалады, олар онсыз да қолжетімді болады. Мысалы, дамыған Дубай қаласында адамдар бір үй мен бір көлікпен шектелмейді. Дубай бүкіл әлемнің бизнес орталығы. Соның арқасында қарапайым полицияның өзі Tesla мен Lamborghini мініп жүреді.

___

Slide 9

Шыдамдылық

Кәсіп иесі дүкен ашқанда жұмыс қалай жасалуы керек екенін көріп тұрады. Яғни өзінің бір сызып алған "мінсіз картинасы" болады. Бірақ іске келгенде оның мүлдем ойдағыдай болмай жатқанын көргенде көңілі толмай, көп кәсіпкер осы кезде ісін тастап кетеді. "Осының бәрін реттеп, бір жүйеге келтіру үшін не істеу керек?" деп басы қатып жүргендер көп. Ал ол туралы ойламайтындар қаншама. Ойлап жүрген кісілер әрекетке көшсе, оқыса, маман тартса, тез өседі. Яғни бизнесте нақты "осындай уақытта пайдаға кенелесің" деген кепілдік жоқ. Ол өйткені адамға, кәсіп түріне де байланысты.

Slide 10

Атақты Джек Маның бизнесінде 3 жыл табыс болмаған. Қазір біз кейде 3 айға шыдамай жатамыз. Неге? Өйткені жүйе жоқ. Ұзақ мерзімді көре алмаймыз. Сондықтан жаңадан бизнес бастайтындар үшін: жүйелі бизнес құру керек. Бірақ жүйе жұмыс жүріп бастағанда ғана басталатынын ескеру керек.

Slide 11

Жас кәсіпкерлер үшін тез табысқа шығудан бұрын, көп тәжірибе жинағаны дұрыс.

Сол тәжірибе жүйелі кәсіп ашуға, табысты болуға кепіл бола алады. Ол үшін алдымен бір жақсы кәсіпкер тауып алып, қанша ақша төлесе де қасында жүруі керек. Сол кісі қалай шешім қабылдайды, қиындықтардан қалай шығады, ортада өзін қалай ұстайды, соның бәрін үйренуі тиіс. Сонда басқалар 10-20 жылда жететін табысқа 1-2 жылда жетуіне болады.

Slide 12

Қорқынышты жеңу

Бизнесте қажет басты қасиет - қорқыныштарды жеңуді үйрену. Қаншама білімді кісілер бизнестегі қорқыныштан жетістікке жеткен жоқ. Көптеген ақылды адамдардың кедей болуының себебі де осында. Өмірде бір нәрсені істемей өкінгеннен істеп өкінген жақсы. Жасағалы жатқан нәрседен емес, өмірде ештеңе істемей өтіп кетуден қорқу керек. Сонда соңғы қорқыныштың таразысы басып кетеді де, бірден тәуекелге көшесіз. Тәуекел етіп үйрену керек.

Slide 13

Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктер

Slide 14

Кез келген жұмыс белгілі бір мақсатқа негізделеді. Әсіресе жеке кәсіппен айналысуды қалаған жандар табысты арттыруды көздейтіндері анық. Әр істің жоспары, жүргізу реті мен кезеңі болады. Алайда бизнес-жоспар

туралы айтқанда, бұл тек ауқымды инвестиция құйылған ірі бизнеске қатысты деген ой туындайды. Дегенмен аздаған қаржы салынатын макробизнеске де жоспар керек екенін мамандар дәлелдеп келеді.

Әдетте шағын компания иелері бизнесте жүрген кәсіби мамандар емес, бұл салаға ерекше қызығушылық танытатын, өзі-өзі дамытып жүрген қарапайым кәсіпкерлер. Сондықтан олардың қате жіберуі қалыпты құбылыс. Шағын бизнес иелері жіберетін қателіктерге:

Slide 15

Бәсекелестерге еліктеу, жарнама бюджетін дұрыс пайдаланбау

Бәсекелесіңіз баннер жасап, өзін радиода жарнамалап, дүкендегі белгісін өзгертіп, бағаны төмендеткен жағдайда сіз бұл әрекеттерді қайталайтын болсаңыз, бұл үлкен қателік болып саналады.

Әдетте, сіздің жарнамаңыз әртараптандырылады. Үнпарақтар, радио, интернет, газеттер, әлеуметтік желілер тағы басқа. Бірақ сіз қанша клиенттен келетінін және сіздің бизнесіңізге бір клиентті тарту қанша тұратынын нақты білмейсіз. Жарнамаға сәтті шығындармен қатар, тиімсіз жарнамалық арналар үшін ақы төлейсіз. Бұл да басты қателіктің бірі.

Slide 16

Клиенттік базамен дұрыс жұмыс жасай алмау

Клиенттерге қосымша өнімдер мен қызметтер ұсынылмайды. Сіз ай сайын 20-ден 100% -ға дейін ақша таба алатын болсаңыз да, қайта сату жасай алмайсыз. Мұндай проблема нарықты зерттемегеннен туындайды. Бизнесіңізді бәсекелес көп жерде емес, сұраныс бар жерден ашыңыз.

Slide 17

Тауарлар мен қызметтердің сапасыздығы

Адамдар тез, сапалы әрі бағасы қол жетімді тауарлар мен қызметтерге үйірсек келеді. Сонымен қатар, сіздің ұсынатын нәрсеңіз ешкімде болмауы керек. Өйткені барлығында бар нәрсені сату қиынға соғады.

Slide 18

Бизнес-жоспардың болмауы


Ұқсас жұмыстар
Бизнесті сипаттау
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЗНЕС - ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ
Бизнес жоспардың міндеттері
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау қойылған мақсаттарға жету мақсатында әсер ету
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Бизнесті жоспарлау процесінің кезеңдері
Бизнес жоспарлаудың құрылымы
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
БОЛЖАУ МЕН ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz