Әлеуметтік кәсіпкерлікке тән қасиет



Әлеуметтік кәсіпкерлікке тән қасиет
Дайындаған: Исламғалиева А. Е
Тексерген: Дюсегалиева Б. М

Жоспары
Әлеуметтік кәсіпкерлік: оның мәні, түсініктері мен ерекшеліктері
Әлеуметтік кәсіпкерлік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Әлеуметтік кәсіпкерліктің мақсаты
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі бағыты

Әлеуметтік кәсіпкерлік - қоғамда қалыптасқан әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бизнес түрі.
Ол - әлемде кеңінен таралған ұғым болғанымен, Қазақстан үшін 2017 жылы жаңа тренд болды. «Әлеуметтік кәсіпкерлік» деп аталатын жеке категория болмағандықтан, бизнестің бұл түрін сипаттайтын нақты статистика жоқ. Тек 2017 жылы Gladway әлеуметтік бағдарламалар мен медиажобаларды дамыту қоры мен SAP ТМД компаниясының бірлескен зерттеу жобасы аясында Қазақстан мен Ресейдегі әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымының таралуы зерттелген.
Әлеуметтік кәсіпкерлік: оның мәні, түсініктері мен ерекшеліктері

- Әлеуметтік кәсіпкерлік - бизнестің қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуді мақсат еткен ерекше саласы. Ең алдымен, біз әңгімемізге арқау етіп алған ұғым кәсіпкерліктің бір формасы болғандықтан, ол пайда табуға негізделетінін ұмытпаған жөн. Бұл оның қайырымдылықтан айырмашылығын айқындап береді. Өйткені қайырымдылық - пайда табу мақсатынсыз, жобаға салған ақшасы мен көмегі қайтарымсыз негізде жүретін мүлде бөлек категория. Әлеуметтік кәсіпкерлік көбіне, қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсарту, абақтыдан шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, балалар демалысын тиімді ұйымдастыру сияқты қоғамда шешімін таппай, қордаланып қалған мәселелерді шешуге жұмыс істейді. Дәстүрлі әдістерге қарағанда, мұнда көбіне «әлеуметтік инновациялар» қолданылады.

1
Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь.
2
Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь.
3
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қоғам назарын қажет ететін мәселелермен тұрақты, жүйелі түрде шұғылданады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін экономиканың кез келген секторындағы компания белгілі бір уақыт аралығында, өз мүмкіндігі мен қалауына орай жүзеге асырады. Ол мұнай өндіретін алпауыт кәсіпорын не азық-түлік өнімдерін шығаратын шағын зауыт болуы мүмкін. Аталған мысалдағы қос компания да өз қызметкерлеріне қолдау көрсету, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қысқамерзімді іс-шара ұйымдастыру, көмекке мұқтаж топтарға қаржы беру сияқты жобалар жасайды. Әлеуметтік кәсіпкердің субъектісі не объектісі - әлеуметтік жобалар. Яғни, өз қол астына әлеуметтік аз қорғалған топ өкілдерін жұмысқа алады, болмаса нақты бір көпшілікке пайда әкелетін жобаны іске асыру жолында қызмет етеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымдарының айырмашылығы да - осында.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту осындай көп мәселенің шешімін тауып, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға көмектеседі. Сондықтан осы салаға жаңа кәсіпкерлік субъектісінің көптеп қосылуы үшін оларға салықтық жеңілдіктер, жергілікті әкімшілік тарапынан инфрақұрылым, мекеме беру сияқты мемлекеттік қолдау шараларын қалыптастыру қажет.

Біріншісі - қаржылық тұрақтылық. Бұл ең алдымен ұсынатын тауары мен қызметі тұтынушы көңілінен шығуды талап ететін қатаң нарықтық жағдайдағы қалыпты кәсіпкерлік. Өйткені әлеуметтік мәселені шешу үшін қажетті қаржыны, қызметкерлерге ұсынатын жалақыны, кәсіпорынның өзге де шығындарын сіз өзіңіз саудалайтын тауар не қызмет түріне деген сұраныс жоғары болғанда ғана қамтамасыз ете аласыз.
Әлеуметтік кәсіпкерлік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Екінші - әлеуметтік мәселені жүйелі шешу. Гүлзира Амантурлина бұл тұста Тұрғанжан қасымовтың жылжымалы пандустар туралы жобасын мысалға келтіреді. Оның мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қажетінде тұрғын үйлер мен басқа ғимараттарда пайдалануға болатын, оңай жиналатын пандустары ерекше жандардың қозғалысында кездесетін қиындықтарды мемлекеттің қатысынсыз шешуге жол ашты.

Үшінші - бәсекенің жоқтығы. Қалыпты кәсіпкерлік нарығында бір салада екі бірдей өндіріс орны пайда болса, бір-біріне бәсекелес болады. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласында керісінше, бір адам қолға алған бастамаға екінші кәсіпкер қызығушылық танытса, ешкім қарсылық білдірмейді, қайта қуанады.

Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь Введите свой текст здесь.

- Әлеуметтік кәсіпкерлік - әлемде жақсы қалыптасып келе жатқан, үкіметтік емес ұйымдарға гранттық қаржыландырудан бөлек, тұрақты табыс табу режиміне көшуге, коммерциялық кәсіпорындарға әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сала.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің мақсаты

Мәселен коммерциялық кәсіпорынды алатын болсақ, жуырда Талдықорғандағы пицца дайындайтын мейрамхана желісінің иесі әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығына байланысқа шығып, қазіргі кәсіпкерлігіне қосымша қоғамға пайдалы іспен айналысқысы келетінін жеткізген. Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығы онымен бірлесіп, қаладағы зейнеткер әжелерге табыс көзін табуды ұйымдастырған. Мейрамханалар желісі бірнеше әжеге дастарқан, сулық сияқты бұйымдарды тігуге тапсырыс берген. Енді олар сол уақытта сүйікті ісімен айналысып, зейнетақысына үстеме табысқа қол жеткізді.

Бұл жағдайда кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік грант не өзге қайтарымсыз деңгейдегі қаржыландыруды үкіметтік емес ұйым ретінде алса, коммерциялық кәсіпорын құқығының болуы оған банктерден кредит алуға мүмкіндік береді. Осыдан бірнеше жыл бұрын қауымдастық мүшелері «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымын заңға енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын.
Атаулы заң жобасының енгізілуін қолдайтындар осы арқылы сала кәсіпкерлерінің жұмысы жеңілдеп, қосымша қолдауға ие болуына жол ашылады деп сенсе,
қарсы топ «заң аясында нақты анықтама беру әлеуметтік кәсіпкерлікті белгілі бір шекараға салып қояды, кейін қажет болған жағдайда, заңдағы анықтаманы өзгерте алмаудың әуресі басталады» деп алаңдайды.
Осы тұста «Әлеуметтік кәсіпкерлік» туралы заң бүкіл әлем бойынша тек Оңтүстік Кореяда ғана бар екенін атап өткім келеді.

2016 жылғы есеп бойынша, Қазақстанда 120-150 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz