Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту




Презентация қосу
Тақырыбы

Мен өмірді сүйемін!
Сабақтың мақсаты:
1. Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін өте
қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам
бойында болатынын түсінуге ықпал ету;
2. Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен
жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту;
3. Оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек
ашуына бағыт-бағдар беру, оқушы көзқарасын
қалыптастыру.
Кіріспе
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық,
қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылыққа
машықтануы керек. Ата-ананың тілегі-баласының
жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен
еңбектегі табыстары. Өмір дегеніміз-арнасы кең өзен.
Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу – басты мақсат.
«Өмірге бағыт» байқау тесті.

Ойын шарты: Оқушыларға ұлы адамдар
суреттері беріледі. Балалар осы кісілер туралы,
оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез-құлқы
туралы әңгімелейді.
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» психологиялық
ойын

Бұл ойында оқушы алдында екі орындық тұрады.
Оқушы өз сыныбындағы бір оқушының жақсы-жаман
қасиеттерін «Алтын орындыққа» немесе «Қара
орындыққа» отыру арқылы айтады.
Ойын барысында оқушылар «Дос жылатып, дұшпан
күлдіріп айтады», «Егер сені ешкім қадір тұтпаса,
мұның себебі өзіңде», «Қызғаншақтық – таяз ақылдың
белгісі» деген мақалдарды ұстанды. Адам бойындағы
сан түрлі ізгілік қасиеттерді адамгершілік
қасиеттермен толықтырып отырсақ, қоғам алдындағы
борышымызды ақтаған, өмірге бағыт-бағдар алған
болар едік.
Жаттығу. «Сөйлемді жалғастыр»

Жақсы өмір – бұл …
Бақытты Адам – ол …
Мен адамдардың … жоғары бағалаймын.
Мен өмірімнің маңызы мынада …
1. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала
кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің өніп
шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана
белгілі болады.
2. Жануядағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп
қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.
3. Кешірімді болу, кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.
4. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы
адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиеті болып
табылады.
5. Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан
басталады.
Өмір мектебі

* Өзіңді танығың келсе,
*
Адамдардың ісіне қара.
*
Өмірді танығың келсе,
*
Өзіңнің жүрегіне үңіл.

Үнді данышпаны Агнем Гонджа Бояджиудің өсиет
сөздері:
* Ең бастысы – жүрегің таза болсың.
* Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл.
* Өмір – сұлулық, сүйсіне біл.
* Өмір – арман, жүзеге асыр.
* Өмір – парыз, орындай біл.
* Өмір – ойын, ойнай біл.
* Өмір – байлық, бағалай біл,
* Өмір – махаббат, ләззат ала біл.
* Өмір – құпия, сырын аш.
* Өмір – қайғы, көтере біл.
* Өмір – күрес, жеңе біл.
* Өмір – бақыт, баянды ете біл.
« Есімінді бейнеле суретті тест».

Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі-түсті қаламмен
өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылады. Нәтижесінде
ұқсас гүлдер жинақталып, барлығы тақтаға ілінеді.
- Балалар, қандай әдемі шықты? Гүлдері ұқсас
адамдар мінезі жөнінде де ұқсас болады. Біз
ортамыздың гүлі екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз
әрқашан қуаныш алып келетінімізді білуіміз керек.
«Өміршендік ережесі»
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және әрекет батыл
жасау. Сол сияқты иығынды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа
жетуге талаптанып, Өміршендік ережелерін айтайық.
Жігер деген-Мен
Күш деген-Мен
Махаббат деген-Мен
Кешірім деген-Мен
Құдірет деген-Мен
Жасөспірім деген-Мен
Жастық шақ деген-Мен
Денсаулық деген-Мен
Адалдық деген-Мен
Жарқындылық деген-Мен
Бар ғажайып деген-Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты. Бәрі менің қолымда.
Қорытынды
Әр адам өмірдің – Алланың сыйы екенін ұғынғаны
жөн. Жарық дүниеде тірі жүрудің өзіде бақыт қой.
Біздің өміріміз ақ, қара белдеу сияқты екенін
ұмытпаңыздар. Қиын уақытта көңілге істің арты
сәтті болу керектігіне сену қажет, сол кезде әр істің
арты сәтті болатын сезімдер келеді, тек
қиыншылыққа беріліп жеңілмеу керек екенін
ұмытпаңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Балалар музыка мектебі өнер мектебі олардың ерекшеліктері мен айырмашылығы
Әдептілік әліппесі
Жасушалардың тотипотенттілік феномені
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ
Моральдық нормалардың ерекшеліктері
Қарым - қатынастың жақтарын ата
Жас балаға тым ауыр
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бастауыш сынып-Көпбұрыштың периметрі
Пәндер