Қазақстанның Ақ жол демократиялық партиясының тарихы, құрылымы және сайлау нәтижелері


Slide 1 Slide 2

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - Қазақстанның саяси партиясы. Партия төрағасы - Азат Перуашев. Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 ж. желтоқсан айының дерегі бойынша)

Slide 3

Ақ жол партиясының тарихы:

2001 жылдың 18 қарашасында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы құрылады. Қозғалысты Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов басқарды. Бұлардың көптеген мәселе бойынша көзқарастары сәйкес келмеді, сондықтан соңғы үшеуі қозғалыстан шығып кетті.

2002 жылғы 3 сәуірде Әбілов, Бәйменов, Жандосовтар «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылуын жариялап, өздері партияның тең төрағалары болып сайланды. 2003 жылғы 9 қарашада өткен «Ақ жол» ҚДП III құрылтайында тең төраға болып қосымша Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сайланды. Уақыт өте келе, тең төрағалар саяси көзқарастары бойынша екі лагерьге бөліне басталды: бір жағынан Әбілов, Жандосов, Сәрсенбайұлы тұрса, екінші жағынан Бәйменов, Жуланова. [1]

2005 жылы 13 наурызда партияның V құрылтайында «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын тарату туралы қаулы қабылданып, бірыңғай төраға болып Әлихан Бәйменов сайланды. Бұған қалған төрағалар келіспей, "Нағыз Ақ Жол" партиясын құрды. [2]

2011 жылғы 2 шілдеде партияның Астанада өткен құрылтайында «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып бірауыздан Азат Перуашев сайланды. Перуашев Нұр-Отан партиясынан бұдан бірнеше күн бұрын шықты.

«Ақ жол» ҚДП-ның облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 17 филиалы, Жезқазған, Семей қалаларында 2 өкілдігі бар.

оның ішінде - 64% - ерлер, 36% - әйелдер. Жастар саны 11%-ін құрайды.

Slide 4

Сайлауға қатысуы:

2004 жылы Мәжіліс сайлауында ресми деректер бойынша партия 12, 04% дауыс алып, 1 мандатқа ие болды.

2007 жылы Мәжіліс сайлауында партия 3, 09 % дауыс жинап, Парламентке өтпей қалды.

2012 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП парламенттік партия болып табылады, Мәжілісте депутаттық фракциясы бар.

2012 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия сайлаушылардың 7, 47 % дауысын жинап, 8 депутаттық мандат алды.

2016 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 7 мандат алды.

2021 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 12 мандат алды. Парламенттік сайлаумен қатар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға сайлау да өтті, оның нәтижелері бойынша «Ақ жол» партиясының 222 өкілі мәслихаттардың депутаттары болып сайланды, оның ішінде: 39 - облыстық, 65 - қалалық, 118 - аудандық.

2021 жылы алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өтті, оның қорытындысы бойынша әкімдер лауазымына «Ақ жол» партиясының 11 өкілі сайланды.

Slide 5

Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ақ жол демократиялық партиясының ұйымдық дамуы, идеологиясы және парламенттік белсенділігі
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: құрылымы мен сайлау органдары
Қазтранссервис АҚ: қызметі, басқару құрылымы және даму тарихы
Сайлау жүйелері және Қазақстан Республикасындағы сайлау органдарының құрылымы мен өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығының қағидалары
Қазкоммерц Инвест АҚ: тарихы, құрылымы және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері, басқару формалары және Қазақстанның демократиялық негіздері
Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығы: тарихи маңызы мен нәтижелері
Алаш партиясының құрылуы мен ұйымдасуы (1917): бағдарламалық және ұйымдық аспектілері
Қазақстанның қазіргі саяси партиялары: құрылымы мен қоғамдағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz