Статистика пәні және оның міндеттері
Презентация қосу
Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау университеті
Тақырыбы: Статистика пәні және оның
міндеттері
Орындаған: Ислямғалиева Ә.С.
Жоспар:
1. Статистика ғылымының пайда
болуы, дамуы;
2. Статистикалық ұғымдар;
3. Статистика пәні;
4. Статистиканың негізгі
міндеттері
Статистика ғылымының пайда
болуы, дамуы;
Статистика - бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, олардың
құрамы мен дамуын, ӛзара байланыстарын сол құбылыстардың сапалық
ерекшеліктерін ескере отырып, сан жағынан белгілі бір орынға, мерзімге
байланысты сипаттайтын қоғамдық ғылым.
Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Оның даму
процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады.Оның негізін алғашқы
болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар
«Саяси арифметика» атты еңбек жазған.
Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің
еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында
жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс
ғалымы Ахенбал, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули және т. б. өз
үлестерін қосты.
XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами бастады.
Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы,
математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген
сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада Чебышев,
Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.
Статистика ғылымының құрылымы
Статистикалық ұғымдар
Заголовок
Заголовок
Заголовок
Заголовок
Статистиканың негізгі ұғымдары
Статистиканың негізгі ұғымдары
Статистика пәні
Статистика қоғамдық құбылыстардың, процестің, өзгерістің көлемін,
шамасын, деңгейін есептеу-санақ мәселелерін, өркендеп-дамудың қарқынын
зерттейді. Мысалы, халықтың жалпы санын, оның жынысын, ұлттық құрамын,
географиялық орналасу дәрежесін, кәсібі мен шаруашылық түрін зерттейді.
Белгілі бір аумақтағы өндірілген өнімді, ұлттық табыс мөлшері, оның тұтынуға
сақталған қорын, тасымалданған жүктің мөлшері мен санын тағы сол сияқты
қоғамдық құбылыстардың сипатын анықтайды.
Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың, өзгерістің сан жөнінен
қалыптасуының, өзгеруінің заңдылығын, олардың сапалық мәнімен
байланыстыра зерттейді. Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігіне және ондағы
еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін
саралайды. Ғылыми-техникалықпен табиғи жағдаймен қатар жетілдірілген
ғылыми-техникалық өндірістің тигізетін әсері белгілі.
Статистика пәні
Агротехникалық шараны уақытында жүргізуімен жердің құнарлылығы және
қолайлы ауа райы дақыл түсімділігін арттырады. Тиісті экологиялық норманы
сақтамаған өнеркәсіп табиғатқа, қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізеді.
Мәселен, өнеркәсіптен бөлінген дұрыс тазартылмаған улы қалдық ауаны, суды
былғайды. Мұның әсері өсімдік әлеміне, жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян
келтіреді. Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын, олардың
тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді. Қоғамдық өзгерістің
табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың жетілуінің
қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды .
Басқаша айтсақ , статистика пәні халықты , экономикалық және табиғи
жиынтықтарды зерттейді. Бұл жиынтықтардағы өзгерістердің бағытын,
заңдылығын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін немесе ғылыми қағида
бойынша іріктеліп алынған өкілдерін зерттеуге қатыстыру керек.
Статистиканың негізгі
міндеттері
Статистиканың ғылыми міндеттері:
- әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесін,
Заголовк
құрылымын және өсіңкілігін зерттеу кезінде түрлі статисткалық әдістерін
қолдана білу;
Заголвок
- жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжай жасай білу;
- статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып- үйрену және
оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу;
- мәліметтерді есептеу кезінде есептелген статистикалық көрсеткіштерге
қысқаша қорытынды жасай білу;
- ұлттық шоттар жүйесін, салааралық балансты құру, өндіріс тиімділігін талдау;
халықтың өмір сүру деңгейін және оған әсерін тигізетін себептерді талдай білу;
- халықаралық стандартқа сәйкес статистикалық деректердің әдістемелік
салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz