Мұқағали Мақатаевтың Мен таулықпын және Қайырлы түн өлеңдеріндегі табиғат бейнелері мен ұлттық сана


Slide 1

МЕН ТАУЛЫҚПЫН!

Tay дейтін алып жүрек Ана туған Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Киіктің сүтін емін ержеткенмін Қуат алып қыранның қанатынан Мен таулықпын Таудан мен жаратылғам. Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам Күн алғашқы сәулесін маған шашып Маған келіп түнейді қара тұман. Тау ұлымын Тау - менің дәу бесігім Мен оның әуресімін, сәулесімін. Асқар шыңдар желпиді бесігімді Бір орамын ағытып сәлдесінің. Мен - таулықпын! Таудан мен жаратылғам. Тау деген Ана туған дара тұлғам . . . Тауға барып Көкке ұшып кетсем бе екен Ұстап алып қыранның қанатынан

М. Мақатаев

Slide 2

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері сыршыл да өршіл болып келеді. Бұндай ауыр жүкті беліне алатындай бұл өлеңде қандай құдірет бар?

Мен таулықпын» өлеңінде ұлттық сананы көтеретін, намысты шыңдайтын қанатты сөздер айтылады. Бұл екі өлеңдеде дала сипаты терең бояумен қалыптасқан. Өлеңдердің негізгі ұйытқысы ретінде табиғат пен дала бейнесі негізге алынған

Өлеңнен бар ғаламға, жер анаға, ақ аспанға, қойлы ауылға, ғалымдарға, бар тіршілікке тыныштық тілеп, түннің қайырлы болуын қалаған тіршілікке іңкәр ақынның өлеңі естіледі. Алғашқы шумақтарында ақын табиғатқа жан бітіре суреттеп онымен ашық сырласып, нәзік лирикаға жол берсе, өлеңнің орта тұсында ақынның позициясы көрініп азаматтық пафос жоғарылай түседі. Осылайша өлеңнің басты идеясы айқындалады. Ол - бейбітшілік, тыныштық идеясы. «Қайырлы түн» өлеңі осылай суреттелген. Автор «Мен таулықпын» өлеңінде тау деген алып жүрек екенін, киіктің сүтін ішіп ержеткенін, таудан жаратылғанын, табиғаттан нәр алғанын, өзінің тау ұлы екенің нақты ұйқаспен өрнектеп жазған. Ең соңында «қыранның қанатынан ұстап алып ұшып кетсем ғой» деген ой тастап кетеді.

Slide 3

«Мен таулықпын» өлеңінде ұлттық сананы көтеретін, намысты шыңдайтын қанатты сөздер айтылады. Бұл екі өлеңдеде дала сипаты терең бояумен қалыптасқан. Өлеңдердің негізгі ұйытқысы ретінде табиғат пен дала бейнесі негізге алынған. Содан соң автор соларды суреттеу арқылы, өз патриотизмімен қатар ұлттық бояуды негіздейді. Табиғатпен қатар табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын, жануарларды, бәрін-бәрін суреттейді. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда өлеңнің мақсаты айқын, бағыты бөлек. Мұқағали Мақатаев бар сұлулықты суреттеген.

Slide 4

Қорыта келе, Мұқағали Мақатаев өзінің «Мен таулықпын» өлеңінде ұлттық бояумен дала бейнесін нақышына келтіріп сипаттаған. Қазақтың барлық ақын-жазушылары осындай қарқынмен, осындай идеологиямен өлең жазса, қазақ әдебиеті біршама деңгейге көтеріледі.


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы: поэзия, ұлттық құндылықтар және бейбітшілік
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен поэзиялық мұрасы
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы: негізгі идеялар мен оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы мен мұражайы: шығармашылық мұра және ұлттық құндылықтар
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен әдеби мұрасы: 85 жылдық мерейтой
Мұқағали Мақатаевтың сөз мәдениеті мен Аққулар ұйықтағанда поэмасындағы экологиялық тақырып
Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдауға арналған аралас сабақ жоспары
8-сынып қазақ әдебиеті: Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдау және дебат сабағы
Мұқағали Мақатаев: өмірі мен шығармашылығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабағының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz