Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы


Slide 1

Қазіргі жасөспірім физиологиясының өзекті мәселелері мен шешудің әдіснамалық негіздері

ЕРЕКИНА Н. С.

Slide 2

ЖОСПАР

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пəні, мақсаты, міндеті, негізгі мəселелері.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихи.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының зерттеу əдістері.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасындағы гигиеналық нормалардың теориялық қағидаттары.

Slide 3

1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні және міндеттері

Slide 4 Slide 5

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Slide 6 Slide 7

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы саласындағы негізгі зерттеу проблемалары

балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы;

оқу-тәрбие процесінің және күн тәртібінің гигиенасы;

физикалық тәрбие гигиенасы;

жасөспірімдерді еңбекке және кәсіптік оқыту гигиенасы;

балалар мен жасөспірімдердің тамақтану гигиенасы;

балалар және жасөспірімдер мекемелерінің қондырғыларын құрылысын, жобалануын гигиеналық негіздеу;

гигиеналық оқыту және тәрбие.

балалар мен жасөспірімдерді медициналық және санитарлы-эпидемиологиялық қамтамасыз ету.

Slide 8

2. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихи.

Бұрын қоғамдық тәрбие берудің жалғыз түрі мектеп болғандықтан, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, мектеп гигиенасы болып аталған.

Мектеп гигиенасы, медицинаның салыстырмалы түрде жас саласы болып есептеледi, бiрақ оның қайнар көзi өте алыстан басталады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде балалар мен жасөспірімдердің ұйымдастырылған қимыл-қозғалыс ойындары енгізілген. Ежелгі Грецияда жастардың дене шынықтыру тәрбиесі мемлекеттік сипатта болды.

Slide 9

Ежелгі адамдардың тәжірибелерін жинақтап, зерттей келіп, өткен ғасырлардағы көптеген ғалымдар өздерінің балаларды оқытып, тәрбиелеу жөніндегі теорияларын ұсынды. XIII ғ. өзiнде монастірлiк мектептерде оқушыларды тамақтандыру ұйымдастырылды, I Петрдiң нұсқауында "Балалар медицинасы" көрсетiлген.

Гигиенаның жекелеген жағдайлары әртүрлі континенттерде өте ерте кездердің өзінде белгілі болса да, өз алдында бөлек ғылыми пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт өтті деп есептелінеді.

Ресейдiң ең алғашқы гигиена кафедрасы 1871 жылы Петербург қаласындағы Әскери-медициналық академия базасында құрылды. Кафедраның iрге тасын қалаушы А. П. Доброславин (1842-1889жж) өзiнiң мектеп гигиенасы деген бөлiмi бар ең алғашқы гигиена оқулығын шығарды (1889ж) .

Slide 10

Екінші осындай кафедра мектеп гигиенасының негiзiн салушы болып есептелінетін Гульдрейх Фридрих Эрисманның (1842-1915жж) басқаруымен Мәскеу университетінде ұйымдастырылды.

Эрисманның балалар денсаулығын сақтау жөнiндегi ғылыми еңбектерi әлi күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осы кiсiнiң басқаруымен балалардың дене дамуының бағалау көрсеткiштерi жасалып, олардың өсуінің заңдылықтары анықталды, мектептердi жабдықтап, жайластырудың гигиеналық талаптары негiзделдi. Ф. Ф. Эрисманның медицинада жақсы танылған "Алыстан көрмеушiлiктiң пайда болуына мектептiң тигiзетiн әсерi" деген еңбегi 1870 жылы жазылған.

Ф. Ф. Эрисманның атымен "Эрисман индексi", "Эрисман партасы" және тағы басқа да көптеген түсiнiктер тiкелей байланысты болып келедi.

Slide 11

3. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасында қолданылатын зерттеу әдістері

физиологиялық тәсілдер. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасындағы барлық мәселелер физиологиялық зерттеулерсіз шешілмейді.

Физиологиялық тәсілдер сыртқы ортаның әсерлеріне өсiп келе жатқан организмнің реакцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, физикалық жүктеменің әсерлерін зерттеу кезінде, қантамыр жүйесінің жағдайын сипаттайтын (тамыр соғуы, қан қысымы), бұлшық ет күші мен төзімділігін, газ алмасу мен энергия шығынын анықтау әдістері қолданылады. Немесе метеорологиялық жағдайлардың әсер етуін анықтау кезінде балалар организмнің жылу жағдайын зерттеу, соның ішінде терлеу және дене мен терінің температурасын өлшеу қолданылады.

Slide 12

физикалық-химиялық тәсілдеріне балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде микроклимат, табиғи мен жасанды жарықтану, көмір қышқыл газдың және басқа да газдардың анықтауы жатады.

микробиологиялық тәсілдер балалар мен жасөспірімдер гигиенасы саласында балалар мекемелерінің ауа микрофлорасын, балалар қолдарының бактериялық ластануын, ойыншықтарда, оқулықтарда патогенді микроорганизмдердің бар болуын зертеуде қолданылады.

Slide 13

балалар мен жасөспірімдер гигиенасында клиникалық әдістер маңызды (елеулі) роль атқарады. Олар организмнің патологиялық немесе қалыпты жағдайы туралы түсінікті көрсетеді, организмнің жағдайының динамикалық өзгерістерін сипаттайды және де балалар ұжымының денсаулығын бағалағанда қолданылады

балалар мен жасөспірімдер гигиенасында психологиялық тәсілдер балалардың қажуын зертегенде қолданылады, корректуралық сынамалар олардың бірі болып табылады.

Slide 14

Балалар мен жасөспiрiмдер гигиенасында қолданылатын негiзгi тәсiл табиғи гигиеналық эксперимент тәсiлi болып табылады. Оған қосымша ретiнде, әдетте лабораториялық эксперимент тәсiлi қолданылады. Одан басқа, гигиеналық бақылау тәсiлi кеңiнен қолданылады.

Зерттеу жүргiзу кезiнде мәлiметтердi өңдеп, оған анализ жасау санитарлық-статистикалық тәсiлдi қоданбаса мүмкiн емес. Осы тәсiлдердiң бәрiне қосымша қазiргi кезде математикалық аппарат - математикалық болжау тәсiлi қолданылады.

Slide 15

4. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының нормаландыру принциптері.

Гигиенаның міндеті - денсаулықты сақтап, нығайтуды қамтамасыз ету үшін сыртқы орта факторларының әсерін анықтап, оның организмге зиянсыз мөлшерін белгілеу, яғни нормаландыру. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының міндеті, гигиена ретінде, сыртқы ортаны нормаландыруға, яғни нормаларды белгілеу мен оларды жүзеге асыру.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасында нормаландыру - бұл организмге қолайлы немесе зиянсыз әсер ететін (ықпал жасау) факторлардың параметрлерін (немесе интенсивтілігін) ғылыми негізде анықтау.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Жас кезеңдері
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Мектеп оқулықтары мен балалар кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар, олардың балалар денсаулығына әсері. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуында, акселерация мен ретардацияның болуын түсіндіруші теориялар. Балалар мүсіндерінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін факторлар
Тоқ ішек
“Коммуналды гигиена ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық гигиенист ғалымдар”
Баланың жүйке жүесіне өмір сүру жағдайының және тәрбиенің әсері
Жазғы сауықтыру мекемелерінің құрылысы мен жоспарлануының гигиеналық қағидалары
Қоғамдық Денсаулық Сақтау факультеті
Емдік шынықтырулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz