Баға жасау методологиясы


Slide 1

Модуль 1.

№2. Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны

1

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 2

жоспар

Курстың мақсаты

Баға - күрделі экономикалық категория

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Баға жасау методологиясы

Қорытынды

Үй жұмысы

2

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 3

Баға - күрделі экономикалық категория

Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Баға - күрделі экономикалық категория.

Баға негізінде тауарлар өндірісі, өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т. с. с. сұрақтар шешіледі.

3

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 4

Баға - күрделі экономикалық категория

Бағаның екі негізгі теориясы бар.

Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын айқындайды (бағаның шығынды теориясы) .

Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.

4

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 5

Баға - күрделі экономикалық категория

Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К. Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады.

Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа) . Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады.

Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

5

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 6

Баға - күрделі экономикалық категория

Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады.

Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады.

Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.

6

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 7

Баға - күрделі экономикалық категория

Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.

тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды,

өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.

7

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 8

Баға - күрделі экономикалық категория

Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.

Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.

8

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 9

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады.

Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады.

Олардың мүдделері қарама-қайшы болады.

Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады.

9

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 10

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды.

Баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.

10

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 11

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Тауар бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады.

Біздің елде, тауар бағасы негізінен кәсіпорын шығындарына қарай қалыптасады.

Оның себебі ретінде біздің еліміздегі сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын атауға болады.

11

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 12

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады (яғни мемлекет бұл процеске араласпайды) .

Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу процесіне реттеу жүргізе алады.

Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады.

12

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 13

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық.

Стратегиялық фактор - бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс.

Тактикалық фактор - бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін.

13

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 14

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді.

Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді.

Мұнда тыңғылықты дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.

14

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 15

Бағаның нарықтағы орны қандай?

Бәсеке. Ол үшін меншік түрлерінің алуан түрлілігін және заңның бәріне бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. (жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу мәселесі) .

Бәсеке нәтижесінде нарықта тек шын мәнінде өндірісті дұрыс ұйымдастырып, шынайы кәсіби біліктілікті көрсете алатын шаруашылық субъектілердің қалуына негіз болады.

15

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 16

Бәсеке

Бәсекеде ұтысқа жетудің негізі ретінде икемді өндірісті жасау болып табылады, яғни жаңа қажеттіліктерге тез арада ауыса алатын, көп шығынсыз жаңа өнімді шығаруға бейімделген өндірістер.

16

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 17

Директивті баға жасау мен нарықтық баға жасаудың бәсекені өсіруге ықпалын қарастыру.

Негізгі міндет келісімдік (еркін) баға жүйесіне ауысу. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

А) кәсіпорындардың іс жүзіндегі шаруашылық дербестігі

Б) тауарлардың дефицитін болдырмау

В) монополияларды жою

Г) экономиканы қайта құру, қару-жарақ өнеркәсібінің конверсиясы

Д) біріңғай экономикалық кеңістікті орнату

Е) тұтынушыларды және жабдықтаушыларды өз еркімен таңдау мүмкіндігі

17

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 18

Баға функциясы

а) есепке алу функциясы - қоғамдық еңбек шығындарын есебке алу және өлшеу.

Берілген функция бойынша баға барлық құндық көрсеткіштерді анықтауға негіз бола алады.

Бұл көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді.

Сандық көрсеткіштер - жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, күрделі салымдар көлемі, тауар айналымы, өнім көлемі, және т. б.

Сапалық көрсеткіштер - пайдалылық (тиімділік, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы және т. б. ) .

18

Dr. Aziza SYZDYKOVA

Slide 19

Баға функциясы

Ынталандырушы функция.

Баға арқылы ҒТП, қорлардың үнемделуін, өнім сапасын көтеруді, өндіріс құрылымын өзгертуді ынталандыруға болады.

Баға арқылы сонымен қатар, тұтынушыларды да ынталандыруға болады.

19


Ұқсас жұмыстар
Баға және баға жасау туралы
Баға жане баға жасау жайлы
Психологиялық диагностика практикалық психологтардың әрекетінің басты бағыты
Қарапайым суреттер жаттығуы
Аймақтық деңгейдегі бөлшек құндарының индекстерін есептеу
Экономикадағы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
Дәлелді медицинадағы зерттеулер
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Қазақ ауыз әдебиеті(халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz