Aziza SYZDYKOVA атқаратын рөлі



Модуль 1.
№6. Баға жасау және инфляция
1
Dr. Aziza SYZDYKOVA

жоспар
Курстың мақсаты
Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі.
Инфляцияның даму кезеңдері және баға динамикасы.
Бағаның инфляцияға байланысты өсуі және оның жалпы экономикаға әсері.
Қорытынды
Үй жұмысы
2
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі
Инфляция - бұл ақшаның төлем қабілетінің төмендеуін сипаттайтын көрсеткіш.
Бұл төмендеу
тауарларға (тауарлы бағалардың өсуі) ; алтынға (алтын бағасының өсуі),
шетел валютаға қатысты болуы мүмкін.
Көбінесе, инфляцияны тұтынушылық тауарларға бағалардың индексін табу арқылы есептейді.
3
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі
Бағалардың өсуі инфляцияның өте маңызды индикаторы болып табылады.
Басқа индикаторларға ақшаның эмиссиясын, айналыстағы ақшаның өсуін, мемлекеттік бюджеттің дефицитін және т. б. жатқызуға болады.
Объектісіне қарай тұтынушылық тауарлар бағаларының инфляциясы, шығындар, табыстар, сұраныс, банк пайызы және т. б. инфляциялар болады.
4
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі
Қазіргі заманғы инфляцияға келесі белгілер тән: жалпылама сипаты бар (бүкіл экономиканы қамтиды) ; хроникалық сипатта болады; көпфакторлы (ақшалы және ақшалы емес факторлар әсер етеді) .
5
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі
Бірақ, кез келген баға өсімін инфляциямен байланыстыруға болмайды. Бағалар шығындар өскенде, тауар сапасы жоғарлағанда, жаңа тауар шығарғанда, сұраныс өзгергенде өсуі мүмкін және ол инфляцияға қатысы жоқ.
Инфляцияның нәтижесіндегі бағалардың өсу себептері және белгілері мүлдем басқа.
Оның сыртқы көріністері ретінде келесі болады: жаппай түрде болуы, яғни бағалар өсуі барлық дерлік тауарларға қатысты болады; бағалардың үздіксіз өсуі; өсу ұзақтығы.
6
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі
Талдау дұрыс жасау үшін инфляцияның негізгі себептерін анықтау керек. Бұл себептерге келісіні жатқызуға болады:
өндіріс құрылымындағы диспропорция (өндіріс құралдарының тым үлкен үлесі) ;
экономиканың милитаризациясы;
мемлекеттік бюджеттің дефициті;
мемлекеттік қарыздың өсуі;
ұзақмерзімді күрделі салымдардың ұлғаюы, оның ішінде несиелер.
маңызды салалардағы (кен өңдіру, ауыл шаруашылығы, транспорт) шығындардың өсуі.
мемлекеттік реттеу құралын толық көлемде қолданбау, маңызын түсінбеу.
7
Dr. Aziza SYZDYKOVA

инфляция
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
8
Dr. Aziza SYZDYKOVA

инфляция
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі,
несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
9
Dr. Aziza SYZDYKOVA

инфляция
Шығын (ұсыныс) инфляциясы - бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
энергетикалық дағдарыс.
10
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
11
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Бағаның өсу қарқынына қарай:
баяу инфляция - баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
орташа инфляция - баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
ұшқыр инфляция - баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
12
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш - тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:
ТБИ = (Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) / (Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) x 100
13
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1, 4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;
баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы бағаны базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.
14
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі
ҚР-дағы болған инфляцияның ерекшеліктеріне келісіні жатқызуға болады:
нарыққа көшу алдында, елде өте ірі монополиялы экономиканың мемлекеттік секторының болуы, нәтижесінде бәсекелі орта нашар, әлсіз;
кәсіпорындардың монополизмы;
ірі бюджеттік дефициттің болуы;
сыртқы сауда қызметінде мемлекеттік монополиядан бас тартуы;
доллардың еркін қолданылуы;
елдегі инфляция нәтижелері дәстүрлі нәтижелерден өте қатты айрықшаланады.
15
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Инфляцияның даму кезеңдері және баға динамикасы.
1. Инфляция шамамен ақырын өседі. Оны шағын немесе әлсіз жылжитын инфляция деп атайды (2-3 % жылына) .
Егер ақша шығындары және еңбек ақы сәйкес өсіп жатса, халық бұл инфляцияға назар көп аудармайды.
Бірақ, бұл инфляцияның кері жақтары бар. Кез келген фактор (тіпті кездейсоқ) инфляцияның қарқынын өсіріп, экономикалық өсуді азайтып, ҒТП төмендетеді.
16
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Инфляцияның даму кезеңдері және баға динамикасы.
2. Бағалардың өсімі екі цифрмен өлшейді (20-200 %) . Оны секірмелі инфляция деп атайды.
Экономикалық өсім іс жүзінде тоқтайды. Әлеуметтік-саяси жағдай шиеленеседі. Экономика стагнация жағдайына айналады.
Бұл кезеңде келісім шарттар бағаның өсімін ескеріп, немесе валютамен жасалынады.
Ақшаны материалдық құндылықтарға салуға тырысады. Халықтың өмір сүру деңгейі күрт азаяды.
Экономикада «ақшадан қашу» құбылысы кең өріс алады.
Кәсіпкерлер өз тауарына қандай баға қоюды білмей, тұтынушылардың бағалар жөнінде ақпараты азаяды. Ақша өзінің негізгі функцияларын орындай алмай қалады.
17
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Инфляцияның даму кезеңдері және баға динамикасы.
Инфляция, көбінесе, экономиканың тұтынушылық секторында басталады және одан кейін тез арада басқа экономика өрісіне жайылады (сұраныс инфляциясы») .
Монополистердің көп болуы «шығындар инфляциясын» тудыру мүмкін, өйткені олардың бағалары үнемі өседі, сәйкесінше олардың өнімін тұтынатын кәсіпкерлер өз тауарларына бағаны өсіруге мәжбүр болады.
Сонымен, шығындар инфляциясының екі факторы бар: еңбек ақының өсуі және өндірістік құралдар мен шикізат бағаларының өсуі.
18
Dr. Aziza SYZDYKOVA

Инфляцияның даму кезеңдері және баға динамикасы.
Инфляцияны келесі көрсеткіштер көмегімен есептейді:
бағалар индексы және теңгенің сатып алушылық қабілеті;
инфляция қарқыны, еңбек ақы, халықтың нақты табыстарының индекстері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz