Дамыған елдердегі баға құрудың және бағаларды реттеудің заңдылықтары мен тенденциялары




Презентация қосу
15 тақырып. Шет елдердегі
баға құру және бағаларды
реттеу тәжірибесі

Орындаған: Аманжол
ЭҚ-311
Дәріс жоспары:

1. Дамыған елдердегі баға құрудың және бағаларды
реттеудің заңдылықтары мен тенденциялары.
2. Нарықтық экономикалы елдердегі бағаға
мемлекеттік әсер ету әдістері мен тәсілдері:
Австрияның, Германияның, Грецияның, Данияның,
Италияның, Норвегияның, Финляндияның,
Швецияның, Жапонияның.
1. Дамыған елдердегі баға құрудың және бағаларды реттеудің
заңдылықтары мен тенденциялары.
Баға белгілеу мен бағаны реттеудегі елдердің әлемдік тәжірибесін
зеттеу оның заңдылықтары мен үрдістерін түсінуге, сонымен бірге
алынған білімді нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде баға
механизімін қалыптастыруда пайдалануға септігін тигізеді. Тарих
аралас тұрпаттағы экономикаға басымдық бере отырып,
монополияланғанның да, сондай-ақ таза нарықтық экономиканың да
тиімсіздігін растады. Ал аралас тұрпаттағы экономика мемлекеттік
және мемлекеттік емес секторларды тең жағдайларды біріктіретін
жүйе ретінде ерекшеленеді. Бұл ретте мемлекеттік органдар нарықтық
өзін-өзі реттеу механизмдерін бұзбай отырып реттеудің тиімді жүйесін
құрады. Экономикалық қатынастарды реттеу жүйесіне бюджеттік,
қаржылық-валюталық, кредиттік, салықтық, кедендік және баға
реттеудің кіші жүйелері кіреді. Осы жүйенің мақсаты сұраныс пен
ұсыныстың, тұтыну мен жинақтаудың, тауарлық және ақша
жиынының тепе-теңдігін қолдау болып табылады.
Мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің бірі монополияның және
бәсекелестіктің экономиканы күйрететін салдарға әкеп соқтырмайтын
қатынасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндет монополияға
қарсы заңнаманың көмегімен шешіледі, аталмыш заңнамаға бәсекені
дамытуды ұйымдастыру және құқық негіздері, сонымен бірге адал
ниетті бәсекелестіктің монополиялық қызметінің алдын алу, шектеу
және тыю жөніндегі шаралар белгіленген нормативтік актілер кіреді.
Монополияға қарсы заңнама алғашқы рет АҚШ-та өткен ғасырдың
соңында қабылданған болатын.
Экономикасы аралас тұрпаттағы көптеген елдер жалпы тақтика
ретінде баға құрудың белгіленген ережелерін пайдаланады. Олар баға
қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін реттейтін заңнама актілері түрінде
рәсімделеді.
2. Нарықтық экономикалы елдердегі бағаға мемлекеттік әсер
ету әдістері мен тәсілдері: Австрияның, Германияның,
Грецияның, Данияның, Италияның, Норвегияның,
Финляндияның, Швецияның, Жапонияның.
Германия. Германияда мемлекет барлық бағалардың жартысына
жуығын бақылайды, сондай-ақ муниципалдық тұрғын үй
құрылысын қаражаттандырады. Бұл үкіметке бағалар серпініне
жан-жақты ықпал етуге, инфляцияны бақылауға мүмкіндік
береді.
Греция. Грецияда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу
бағаларды тікелей белгілеу және олардың сақталуын бақылау
да, сонымен бірге елдің дамуының межелеген кезеңдерінде
жалпы-экономикалық саясаттың немесе экономиканың
жекелеген салаларында бағалар мен кірістер саясатын іске
асыру арқылы да жүзеге асырылады.
Дания. Данияда баға белгілеу жүйесі негізінен рыноктың
факторлардың ықпалымен қалыптасады. Бағаларды
қалыптастыруда мемлекеттік реттеу біршама шектеулі және
негізінен жеке меншік өндірушілердің еркін бәсекелестігі үшін
қолайлы жағдай қалыптастыруға көмек көрсетуді қамтиды.
Жеке меншік өндірушілер өз өнімдеріне бағаларды өндірістік
шығындардың мөлшері, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы
және т.б. сияқты өлшемдерді негізге алып белгілейді.
Италия. Италияда бағаларды реттеуді Министрлікаралық
бағаларды тәртіптеу және үйлестіру жөніндегі комитет, сондай-
ақ жергілікті бағалар комитеті жүзеге асырады. Жергілікті
деңгейде өнімдердің, тауарлардың және қызметтердің негізгі
түрлерінің бағалары ретке келтіріледі. Сонымен бірге
комитеттер кейбір азық-түлік және азық-түлік емес
тауарлардың бағаларын да қадағалайды.
Норвегия. Елде бағалар мен сауда бәсекелестігі мәселелері
«Бағаларды, пайданы бақылау және бәсекелестікті шектеу
туралы» Заңда, сондай-ақ осы заңның негізінде шығарылған
корольдің бірқатар карарларында реттеледі. Осы құжаттардың
қолданылуы сауда қызметінің барлық қатысушыларына және
бизнестің барлық салалаырына тартылады. Заңды әділсіз
(көтеріңкі) баға белгілеу туралы кез келген келісімдерге тыйым
салады.
Финляндия. Финляндия 80-жылдары экономикалық
дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, сонымен бірге халықтың
әл-ауқаты бойынша әлемдегі жетекшіорындардың бірін иеленіп,
«скандинавтық Жапония» деп аталды. Фин экономикасы
негізінен жеке мешікке және еркін кәсіпкерлікке сүйенсе де,
мемлекет елдің экономикалық дамуында, атап айтқанда, баға
белгілеу саясатында маңызды реттеуші рөл атқарады.

Ұқсас жұмыстар
Шет елдердегі баға құру және бағаларды реттеу тәжірибесі
Фирманың баға саясаты
Әлемдік нарықта баға құрудың ерекшеліктері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Экономикалық тиімді мемлекет
«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен астары. Фирмалардың, шаруалар мен үй шаруашылықтарының сәттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі
ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІ
Салық және салық салу
Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады
Пәндер