МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ




Презентация қосу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ
МӘСЕЛЕСІ
Мемлекеттік қарыз ұғымы:
• Мемлекеттік қарыз, борыш – бұл өзара талаптарды ескермей,
алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың,
сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық
Банкінің борышына немесе жергілікті атқарушы органдардың
борышына мәслихаттардың шешімдеріне жатқызылған борыштық
міндеттемелердің сомасы.
Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болып
бөлінеді.

Ішкі мемлекеттік қарыз Сыртқы мемлекеттік қарыз

Ішкі қарыз – бұл мемлекеттің өз Сыртқы қарыз – бұл мемлекеттің шет
азаматтары мен заңды тұлғалар мемлекеттер, шетел азаматтары,
алдындағы міндеттемелері. заңды тұлғалары және халықаралық
ұйымдар алдындағы барлық
міндеттемелері.
Үкіметтің қарызы

Мемлекеттік қарыздың негізгі үлесі Үкіметтің қарыздары
есебінен қалыптасады. Мемлекеттің жоспарланған
шығыстары жоспарланған кірістерінен асып кететінін,
бюджетте тапшылық барын білеміз.
Мысалға университет оқып жүрген студентті алсақ
болады, оның алатын шәкіртақысы мен азғантай тапқан
табысы күнделікті тұрмыстық шығындарын жаппауы
мүмкін, сол себепті ол қыдыру мен басқа да бас қосулар
мен ісшараларға бармай, қолындағы қаражатын үнемдеуге
тырысады.
Үкіметтік қарыз
Бірақ, мемлекет дәл осылай шығындарын шектеу
мен алып тастаулар арқылы алып тастай
алмайды. Бюджеттің шығыс бөлігін қысқарту
туралы шешімдер түпкілікті бюджетті бекітпес
бұрын бірнеше рет талқыланады және
қабылданған бюджет шығыстарының барлық
баптары негізгі қажеттілікке ие, сәйкесінше бұл
баптарды қысқарту туралы мәселе туындауы
мүмкін емес. Қалыптасқан тапшылықты жабу
үшін бюджет қабылдағаннан кейін үкімет
көбінесе қосымша қаржыландыру көздерін
тартуға мәжбүр болады. Ең жедел шешім, қарыз
қаражатын тарту болып табылады.
Үкіметтің ішкі қарызы
Үкіметтің ішкі қарызын негізінен бағалы қағаздар құрайды. Бұл келесідей форматта
жұмыс жасайды:

Мемлекет өзіндік құны бар бағалы қағаздарды шығарады: қағаз иесі белгілі бір
мерзімде мемлекеттен көрсетілген қаражат сомасын және көрсетілген пайыздарды
алады. Бұл қағаздарды Орталық-Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге, яғни
коммерциялық банктерге, халыққа және бизнеске сатады. Бағалы қағаздарды
көрсетілген мерзімге дейін сақтауға және оны қайта сатуға болады.

Шындап келгенде, бағалы қағаздар заттай тұрғыдан гөрі, электрондық түрде ғана
болады. Дегенмен, бағалы қағаздың мәнін түсіну үшін оларды заттай тұрғыда
қарастырайық. Белгіленген нормаға сәйкес, бағалы қағаздардан алынатын пайыздық
мөлшерлеме табысы көп емес, әрі бағалы қағаздан пайда ала алмау қаупі де төмен.
Сол себепті, егер сіз қор жинағыңыздағы қаражатыңыздың күн сайын инфляцияға
қосатын үлесін азайтқыңыз келсе, әрі коммерциялық банктерге сенімсіз болсаңыз,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алсаңыз болады.
Кестеде мемлекеттік бағалы қағаздардың
3 түрі көрсетілген:

айналыс мерзімі 5 жылдан асатын ұзақ
мерзімді бағалы қағаздар;

- айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға
дейінгі орта мерзімді бағалы қағаздар;

- айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі қысқа
мерзімді бағалы қағаздар;

Кестеде Қазақстан Үкіметінің айналыстағы
бағалы қағаздарының негізгі бөлігі ұзақ
мерзімді екенін көруге болады. Көрсетілген диаграмма ekonomist.kz[1] электрондық
сайтынан алынды
Үкіметтің сыртқы қарызы.

Ішкі қаржыландыру көздерінен басқа, үкімет
шетелдік қаржы көздерінен қаржыландыруды
жүзеге асырып отыр. Үкіметтің сыртқы қарызы
еурооблигациялар бағалы қағаздары арқылы
құралады. Еурооблигациялар айналыс мерзімі 1
жылдан 40 жылға дейінгі шетел валютасында
шығарылады және халықаралық қаржы
нарығында орналастырылады.
Егер үкіметтің ішкі борышы негізінен, мемлекет
бағалы қағаздар есебінен қалыптасатын болса,
онда сыртқы борышта да кредиторлармен
келісімдер жүргізіледі. Яғни, Үкімет нақты шет
мемлекеттермен, халықаралық үйымдармен және
институттармен тікелей борыштық келісім жасай
алады.
Көрсетілген диаграмма ekonomist.kz[1]
электрондық сайтынан алынды
Мұнда 2019 жылғы несие берушілер бойынша
Үкіметтің сыртқы қарызының үлестік бөлінуі берілген.
Көрсетілген диаграмма ekonomist.kz[1] электрондық сайтынан алынды
Пайдаланылған әдебиет:

Ekonomist.kz – ақпараттық – электрондық сайт;
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Сыртқы қарызды басқару әдістері
Нарықтан тыс бағалы қағаздар
БЮДЖЕТТІК ТАПШЫЛЫҚ
Қазақстанның сырты қарыздары
Жекеше кредит
Қаржы несие жүйесі құрылымы
Мемлекеттің бюджет жүйесі
Қысқа мерзімді банктік несиелеу инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әдісі ретінде
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ОЛАРДЫҢ НЫСАНДАРЫ
Кәсіпорынның қаржысының банкроттық жағдайы
Пәндер