ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҒЫ


Slide 1

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҒЫ

Slide 2

Технология ұғымы

Технология бұл, өнімдердің технологиясы, технология процесі және басқару технологиясы сияқты үш негізгі топ кіретін іс-тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдістері. Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, құралдар, технологиялық желілер) және заттанбаған (әртүрлі тектегі техникалық құжаттамалар, білім, тәжірибе ) формадағы интеллектуалдық қызметтің нәтижелері технологиялардың әлемдік нарығының объектілері болып саналады.

Slide 3

Мемлекет, университеттер мен фирмалар және жеке тұлғалар технологиялар әлемдік нарығының субъектілері болып саналады. Технология өзінен-өзі тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайларды ғана тауар бола алады. Мәселен, жоғарғы технологиялы тауарлармен, капитал сыйымды тауарлар мен халықаралық сауда жасау жағдайында әлемдік экономикадағы тауарлармен өндірістің басқа да факторлары технологиялардың таратушылары болып қатысуы мүмкін.

Slide 4

TECHNOLOGY

Технологиялардың халықаралық берілуі - бұл ғылыми-техникалық жетістіктердің коммерциялық немесе өтеусіз негіздегі мемлекет аралық орналасуы болып табылады. Халықаралық технологиялық айырбасқа - ғылым, техника, өндіріс және басқару сияқты адамның өмірлік қызметінің барлық аясы кең түрде тартылған. Технологиялардың халықаралық берілуі құқықтық қорғаумен, бір немесе бірнеше құқықтық құралдармен, яғни патенттермен, лицензиялармен, копирайттармен, тауар белгілерімен қамтамасыз етіледі.

Идеяларды коммерцияландыру нақты сезілгенде, сараптау жүргізілгенде, оны пайдалануға болатын салалар айқындалған кезде ғана технология тауарға айналады.

Slide 5

Патент - жаңалықты пайдаланушының (монополиялық) құқын растаушы және құзырлы үкімет органдарының өнертапқышқа (жаңалық енгізушіге) беретін куәлігі. Іс жүзінде тауарлардың барлығы патенттелген болып саналады. Патент күшінің мерзімі 15-20 жылмен шектеледі және ол берілген елдің аумағында ғана әрекет етеді. Патентті ұстап тұру үшін, заңдар жоғары патенттік салымдарды уақытылы төлеп отыруды талап етеді, сондықтан да патент иелері жаңалықтарды коммерциялық мақсатқа пайдалануға болатын елдегі оны пайдалану құқына маңызды түрде артықшылық береді.

1

ПАТЕНТ

Slide 6

ЛИЦЕНЗИЯ

2

Лицензия - технологияға иелік етушілердің (лицензиялар) қорғалған немесе қорғалмаған патенттермен оған мүдделік танытушы (лицензиат) жақтарға осы технологияларды белгілі бір уақытқа және белгілі бір ақыға беретін рұқсат.

Slide 7

КОПИРАЙТ

Копирайт - өз өнімдерін шығару және әдеби, аудио немесе бейне шығармаларды көрсетуге автордың эксклюзивті құқығы.

3

Slide 8

ТАУАР МАРКАСЫ

Тауар маркасы (таңбасы) - иесінің ресми рұқсатынсыз басқа ұйымдар пайдалана алмайтын және тауар өндірушіні даралап тұру үшін қолданылатын, белгілі бір ұйымдардың белгісі. Бұл негізінен сурет, кескінді бейнелер, әріп тіркестері және т. б. болып келеді.

4

Slide 9

Технологиялардың берілісі мынадай негізгі формаларда жүзеге асады:

а) патенттік келісім - патент иесінің патентті сатып алушының жаңалықты пайдалануына өзінің құқын беруі арқылы жасалатын халықаралық сауда келісімі;

ә) лицензиялық келісім - жаңалықтың иесі немесе техникалық білімдер екінші жаққа белгілі бір шекте өзінің құқықтарын технологияға беретін, халықаралық сауда келісімі;

б) “ноу-хау”- технологиялық, экономикалық қаржылық сипаттағы мәліметтерден тұратын техникалық тәжірибе мен өндіріс құпияларын беру;

в) инжиниринг - сатып алынған немесе жалдауға берілген машиналарды алу, құрастыру және пайдалану үшін қажетті технологиялық білімдердің берілуі.

Slide 10

Ғылыми - техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, өндірістік - техникалық жетістіктермен өзара танысу, көрмелер, ғылыми конференциялар және т. б. технолгияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады.

Жаңа технологияларды жасаудың басты мақсаты - өндірілген өнімдердің әлемдік нарыққа еркін өтіп, бәсекелестікте басқаларды артқа тастауы болып саналады.

Технологиялардың халықаралық берілуіне мелекеттік реттеу мен бақылауды енгізу мынадай себептерден туындауы мүмкін:

- технологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға деген ұмтылыс; - ұлттық қауіпсіздік;

- халықаралық келісім шарттары және т. б.

Slide 11

TECHNOLOGY

Технологияларды сыртқа шығару мен әкелуді тікелей мемлекеттік реттеу сараптық бақылау органдары мен кедендік және шекаралық бақылау әдістері арқылы жүзеге асырылады. Жанама реттеулер патенттер мен сауда белгілерін тіркеудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асады.

Slide 12

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Испаниядағы аударма нарығын зерттеу
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНА ШЫҒУ
Ақпараттық технологиялар нарығы
Әлемдік қаржы нарығының дамуы мен қалыптасуы
Бағалы қағаздар нарығы
ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі
FOREX нарығының даму тенденциясы
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz