Дамушы елдердің сыртқы саудасын тарифтік емес шектеу
Презентация қосу
Дамушы елдердің сыртқы саудасын
тарифтік емес шектеу.
Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.
«Мөлшерлік шектеулер» — сауда айналымын тарифтік емес реттеу формасы, ол
белгілі бір уақыт аралығында экспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың
саны мен номенклатурасын анықтайды.
•Мөлшерлік шектеулер келесі формаларда болады: квоталау (контингенттеу),
лицензиялау және экспортты «еркін» шектеу.
•Квота немесе контингент — тауардың экспортын немесе импортын анықталған
мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік өлшемі.
Квоталар келесідей бөлінеді: Экспорттық, Импорттық, Глобальді, жекеше.
Зерттеу барысында, протекционизмнің бұл түрінің артықшылығы жоқ, ал белгілі бір
жағдайларда тарифке қарағанда нашар екендігі анықталды.
Еркін бәсеке жағдайында квоталарды енгізудің экономикалық нәтижесі баж салығын
қолдану нәтижесіне ерекшеленбейді. Сондықтан квоталардың тарифтік эквиваленті
туралы айтуға болады.
•Бірақ, квота ішкі нарық монополизациясын жүргізгенде және
оның икемсіз орналасуы орын алған жағдайда, ол экономикаға кеден
тарифіне қарағанда, көбірек шығын әкеледі.
• Мөлшерлік шектеулерді қолданудың ерекше жағдайы — бұл тарифтік
квоталар. Олар елге енгізуге рұқсат алған тауарлардың көлемін қатаң түрде
шектейді.
• Тарифтік квоталар — белгілі уақыт кезеңінде, тарифтік бағаның ерекше,
неғұрлым төмен ставкасымен елге енгізуге немесе шығаруға рұқсат алған
тауарлардың мөлшерін бекіту.
• Квоталау процесінің құрама бөлігі — лицензиялау. Лицензиялау — белгілі
уақыт аралығында бекітілген мөлшермен тауарды елге енгізу немесе
шығарудың мемлекетпен реттелетін рұқсат ету тәртібі.
Лицензияның бірнеше түрі бар:
1. Бір реттік лицензия — елге енгізуге немесе шығаруға 1 жыл мерзімге жазбаша түрде
рұқсат ету, ол Үкіметпен нақты бір фирмаға, сыртқы сауда келісім шартын жүзеге асыру
үшін беріледі.
2. Генералды лицензия — келісім шарт санына шектеу салынбайтын 1 жыл ішінде елге
тауарды енгізуге немесе шығаруға рұқсат ету. Ол тауардың шектелмеген мөлшерін елге
енгізуге құқық береді.
3. Глобалді лицензия — белгілі бір тауарды белгілі уақыт аралығында саны мен бағасын
шектемей, әлемнің кез-келген еліне енгізуге рұқсат етеді.
Экспорттың «еркін» шектеулерінің мәні - қандай да бір тауарды, қандай да бір елге
экспорттауды шектеу бойынша міндеттерді сауда әріптестерінің өз қарамағына алуына
күштеу. Іс жүзінде мұндай экспорттық шектеулер еркін емес, керісінше міндетті
болып табылады. Олар импорттаушы елдің саяси қысымы нәтижесінде, немесе
неғұрлым қатаң протекционистик шараларды қолдану қаупінің әсерінен енгізіледі.
Халықаралық саудадағы техникалық тосқауылдар.
•Техникалық тосқауылдар— бұл мемлекеттің бақылау және
шектеу бойынша барлық шаралары, олар шетелден тауарды енгізуге
кедергі жасаушы құрал ретінде қолданылуы мүмкін тауардың
техникалық параметрлерінің талаптарымен байланысты.
Техникалық тосқауылдар стандарттар, техникалық нормалар
мен тәртіптер, қаптау талаптары түрінде болуы мүмкін.
•Техникалық тосқауылдар ішінен мыналарды бөлеміз:
санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық нормалар мен
тәртіптер. Олар халықтың, ауылшаруашылық малдар мен
өсімдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.
•Келешекте техникалық тосқауылдарды сауданы реттеу
құралы ретінде қолдануы кеңейіп, күрделене түседі, сонымен бірге,
техникалық талаптар мен стандарттарды унификациялау
процесі жүріп жатады.
Мемлекеттік монополия және эмбарго.
•Мемлекеттік монополия — жалпы мемлекеттік
қызығушылықтарға сәйкес ұлттық нарықтың
әлемдік нарықпен өзара әсерін орталықтан реттеу
мақсатында, тек мемлекет қана экспорттық-импортық
операцияларды жүргізу құқығына ие екендігін
білдіреді.
•Сыртқы саудаға мемлекеттік шектеудің соңғы
формасы сауда эмбаргосы болып табылады, ол
қандай да бір елге тауар енгізуге немесе қандай да
бір елден тауар шығаруға мемлекет тарапынан
тыйым салуды білдіреді. Эмбарго, оны енгізетін
елге және оған қарсы енгізілетін елге де
экономикалық шығын әкеледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
CREDITS: This presentation template
was created by Slidesgo, and includes
icons by Flaticon, and infographics &
images by Freepik
Please keep this slide for attribution
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz