ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Презентация қосу
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Қ АЗ А Қ Ж Ү ЗД Е РІ Н І Ң
ПАЙДА БОЛУЫ,
АУ М А Ғ Ы
ЖӘНЕ
Т А Й П А Л Ы Қ Қ Ұ РА М Ы
ТЕКСЕРГЕН:ГҮЛМИРА ҚУАНЫШҚЫЗЫ
ОРЫНДАҒАН:САДЫКОВА ИНДИРА
ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІ ТУРАЛЫ
• Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде
қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының
тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ.
Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың
«бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз»,
«жүздік» сандарымен байланыстырады.
• Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси,
экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен
сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде
қарастырған жөн болар.
• Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты
шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И.
Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты
зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық
арасына кеңінен тараған аңыз — әңгімелерді келтірумен
ғана шектелген.
ЖҮЗДІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ
• Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз.
Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде
ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті,
табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің
мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің
құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті,
жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында
қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII
ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.
ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ІШКІ БЕЛГІЛЕРІ
М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның
жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық,
әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
• Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан
аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің
таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық,
Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші
жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың
бір жүзге кіретін тайпалары өзара
туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп
есептейді. Белгілі бір географиялық
ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің
құрамына кіретін тайпалардың өз
арасындағы шаруашылық-
экономикалық байланыстар басқа
жүздерге қарағанда күштірек болады.
ҰЛЫ ЖҮЗ
ТАЙПАЛАР ҚОНЫСТАНҒАН ХАЛЫҚ САНЫ
МЕКЕНДЕРІ
Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Жетісу, Шу, Талас, XIX ғ. соңында 700
Ошақты, Сарыүйсін, Қаратау, Сырдарияның сындай болды
Шапырашты, Сіргелі, орта ағысы.
Ысты, Албан, Суан,
Шанышқылы.
ОРТА ЖҮЗ
ТАЙПАЛАР ҚОНЫСТАНҒАН ХАЛЫҚ САНЫ
МЕКЕНДЕРІ
Алты атадан тұрады, Орталық, Солтүстік, XX ғ. басында 1
«Алты арыс» дейді; Шығыс Қазақстан, млн.350 мың (1 млн.500
Арғын, Найман, Оңтүстік Қазақстанда мың)
Қыпшақ, Қоңырат, Сырдарияның жоғарғы
Керей, Уақ және орта ағысы.
Жетісудың солтүстік-
шығысы, Шу мен Сыр
өзендерінің аралығы.
КІШІ ЖҮЗ
ТАЙПАЛАР ҚОНЫСТАНҒАН ХАЛЫҚ САНЫ
МЕКЕНДЕРІ
Байұлы, Әлімұлы, Батыс Қазақстан, XIX - XX ғ. басында 1
млн.300 мыңдай.
Жетіру Шығыста Тобыл,
Торғай, Ырғыз өзендері,
Мұғалжар таулары.
Маңғыстау, Тобыл,
Жайық өзендеріне
дейін.
Қарым-қатынастар
Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде
белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі
тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер
сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі
Көшпелі мал шаруашылығымен
тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе айналысатын, отырықшы не жартылай
билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара
хандарын сайлап отырғаны белгілі. айырбас, сауда қатынастары жиі болды.
Жүздердің көршілес жатқан руларының
арасында құдандалық, тамырлық қатынастар
да өркендеді.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ
халқының шаруашылық, саяси аумақтық
бөлшектері болды. Тыныштық замандарда Сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ
жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Қазақ
ішкі этностық байланыстардың, жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық
қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар
жүріп жатты. шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Қазақ
жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы
мәселелері жүздердің басы қосылған
құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.
• Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы
қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп
хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші
жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".
• Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс,
шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай
одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал
мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен
сәйкес келсе керек.
СІЛТЕМЕЛЕР
• http://old.prosveshenie.kz/index.php?newsid=533
• https://prezi.com/-2bzlepfz0eb/presentation/
• http://e-history.kz/kz/contents/view/1598
• https://yadi.sk/i/NXH-Nm6CnZeiy
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz