Делдалдар арқылы жасалатын мәміле


Slide 1

Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру

1. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері

2. Кәсіпкерлік жүйесіндегі әріптестік

3. Шарттардың жіктелуі, оны дайындауға қойылатын негізгі талаптар, шарт тауарларының құрылымы мен мазмұны.

Slide 2

1. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері

Мәміле деп азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерін айтады. Яғни, мәміле мақсаты азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, осындай құқықтар мен міндеттерді өзгерту не болмаса оларды тоқтату болып табылады.

Slide 3

Мәмілеге мындай белгілер тән:

Мәміле - адамдардың ерікті іс- әрекеті, ерікті акт;

Мәміле - заңмен мақұлданған заңды әрекет;

Мәміле - азаматтық құқықтық қатынастарды жасауға, өзгертуге, тоқтатуға бағытталған әрекет.

Slide 4

Мәмілені жасау нәтижесінде пайда болатын құқықтық салдарлар азаматтық заңнамамен анықталатындақтан, мәміле азаматтық қатынастарды туындатады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар мәліме жасаушы субъектілер бола алады.

Slide 5

Мәміле мен шарт түсініктер болғанымен олардың бір- біріне айырмашылықтары бар екенін атап өту қажет. Мәміле азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, ал шарттық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған.

Мәмілелер ауызша немесе жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша мәміле, өз кезегінде, жай немесе нотариялдық түрде болуы мүмкін.

Slide 6

Мұндай жағдайларда мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:

Кәсіпкерлік қызмет үндірісінде жүзеге асырылатын мәмілелер;

Жүз көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәмілелер;

Заңдарда немесе тараптардың келесімдерінде.

Slide 7

Сонымен қатар мәміленің : келесі түрлері міндетті түрде жазбаша жасалуы тиіс

Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

Slide 8

Бір жылдан астам мерзімге жасалған мүлік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады.

Сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.

Slide 9

Мәмілелер келесі жағдайларда жарамсыз болып саналады:

Кажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле.

Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле.

Он төрт жасқа толмаған адам ( жас бала ) жасаған мәміле.

Ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле.

Slide 10

Мәміленің көптеген түрлері бар. Олардың ішінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:

Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін

Мәміледе мәміле жасаудың мақсаттары туралы шарттардың болуына немесе болмауына байланысты себепті немесе абстрактілі мәміле болып бөлінеді.

Консенсуалды және нақты мәмілелер. Егер консенсуалдық мәмілелерді жасау үшін тараптардың қол қоюы жеткілікті болса, нақты мәмілелер үшін тараптардың келісімімен қатар мәміле затын қарастыру қажет.

Slide 11

2. Кәсіпкерлік жүйесіндегі әріптестік

Мәмілемен немесе келісім шартпен рәсімделген кәсіпкерлердің арасындағы қатынастар әріптестік байланыстарды сипаттайды. Ол қандай-да бір бизнес-жобаны немесе кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезінде туындайды және оның нысанын бизнес- әріптестер ұсынады

Slide 12

Коммерциялық мәмілелерді іске асырудың негізгі үш әдісі қолданылады. Олар төмендегілер:

Тікелей өндірушімен жасалатын мәміле;

Делдалдар арқылы жасалатын мәміле;

Жоғарыда аталған екі әдістің үйлесуі арқылы жасалатын мәміле.

Slide 13

Тікелей саудалық ( өндірушілермен жасалатын) мәмілелер деп тауарды ( жұмысты, қызметті) өндіруші мен тікелей тұтынушы арасындағы операцияны айтамыз.

Slide 14

Мұндай мәмілелер мынандай бірқатар артықшылықтарға ие болады:

Тұтынушының өзіне қажетті көлемде және сапада тауарды сатып алуға мүмкіндігінің болуы;

Сатушы мен сатып алушы арасында тығыз байланыстың болуы;

Тікелей әрі тығыз байланыстың ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынасқа ұлғаюы.

Slide 15

Саудалық делдалдар - сатып алу және сату бағасының арасындағы айырмашылықтан пайда табатын жеке немесе заңды тұлғалар. Мұндай делдалдар сатушы немесе сатып алушы төлейтін комиссиялық есебінен де табыс табуы мүмкін.

Slide 16

Сауда - делдалдық мәмілелер тауарларды ( жұмыстарды, қызметтерді) сату- сатып алумен байланысты операциялар.

Slide 17

Кәсіпорын мен делдалдың(брокер) арасындағы өзара қарым-қатынас сипатына байланысты сауда-делдалдық операциялардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1. Қайта сату бойынша операциялар. Мұнда делдал тауар өндірушіден тауарды сатып алады, яғни, меншік иесі бола отырып қайта сатуды көздейді.

Slide 18

2. Коммиссиялық операциялар. Мұндай операциялар кәсіпорын мен делдалдың арасындағы комиссиялдық келісім негізінде жүзеге асады. Яғни, делдал тауар өшдірушіден тауарды сатып алмайды, тек соның ( тауар өндірушінің ) есебінен белгілі бір сыйақы үшін сату сатып алу мәмілесін жасайды.

Slide 19

3. Агенттік операцияар . Мұнда операциялар кәсіпорынның атынан және есебінен сату - сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін кәсіпорын мен делдалдың арасындағы жасалған агенттік келісім негізінде іске асады.

4. Брокерлік операциялар. Мұнда делдалдар сатушы мен сатып алушының арасында баланыс орнатады. Осындай қызметтер үшін белгілі бір көлемде сыйақы алатын болады.

Slide 20

Кәсіпкерліктегі барлық әріптестік байланыстарды мынандай үш негізгі қызмет сферасы ( кәсіпкерлік әріптестік бағыттары) бойынша топтастыруға болады :

Өндіріс сферасындағы әріптестік;

Сауда немесе тауар айырбасы сферасындағы әріптестік;

Қаржылық қатынастар сферасындағы әріптестік.

Slide 21

Өндіріс сферасындағы әріптестік.

Өндіріс сферасындағы әріптестіктің негізгі түрлеріне бірлескен кәсіпкерлікті, өндірістік кооперацияны, мердігерлік (қосалқы мердігерлік) өндірісті, келісім шарт ( контракт) бойынша басқаруды, жобалық қаржыландыруды жатқызуға болады.

Slide 22

Сауда немесе тауар айырбасы сферасындағы әріптестік.

Сауда сферасындағы әріптестікке тауар айырбас операцияларын жатқызуға болады.

Бартерлік мәміле - белгілі бір көлемдегі бір немесе бірнеше тауарларды саны, құны ( бағасы) бойынша басқа ұқсас тауарлармен алмастыру операциясы.

Slide 23

Қаржылық қатынастар сферасындағы әріптестік.

Әріптестік нысандарына факторингті, коммерциялық трансфертті, венчурлік қаржыландыруды, сақтандыруды т. б. жатқызуға олады.

«Венчур» (venture) түсінігі ағылшын тілінен аударғанда «тәуекел» деген мағынаны білдіреді, яғни венчурлік капитал - бұл тәуекелді капитал.

Венчурлік капитал - табыстың жоғары нормасын тез арада алу есебінен тәуекел деңгейі жоғары инвестициялау объектілеріне капитал салымын жасаудың ерекше нысаны.

Slide 24

3. Шарттардың жіктелуі, оны дайындауға қойылатын негізгі талаптар, шарт тауарларының құрылымы мен мазмұны.


Ұқсас жұмыстар
Әлемдік нарықтағы қор биржасы
Мәміле түрлері
Форфейтинг
Мәміле ұғымы және оның түрлері
Қаржы және валюта нарығы
КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР
Туынды бағалы қағаздардың негізгі ерекшеліктері
Шарттар мен мәмілер түрлері
Мәміле түсінігі, шарт және оның түрлері
ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz