Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішіндегі өзіміздің өлкеде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Презентация қосу
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер,
соның ішіндегі өзіміздің өлкеде
кездесетін дәрілік өсімдіктер
Орындаған:Бөтеке Қымбат ВМ-306
Жоспар:
1. Кіріспе. 2. Негізгі бөлім. 2,1.
Қазақстан аймағында кездесетін дәрілік
өсімдіктер. 2,2
Қазақстан аймағындағы дәрілік өсімдіктердің
емдік және фармакологиядағы рөлі, тарихи
маңызы. 2,3. Дәрілік өсімдіктерді іздеу,
жинау және кептіру әдістері.
3. Қорытынды. 4.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Кіріспе. Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) ,
шипалы өсімдіктер медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және
аурудыңалдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік
өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен,
алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр
заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі
дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде
пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе
жабайы өсімдіктерден алады . Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба,
қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау
үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек
іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген
өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы
заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі
бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп
қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай
шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар
екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан
артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы
заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай
анықтауға болады.
2. Негізгі бөлім. 2,1. Қазақстан аймағында
кездесетін дәрілік өсімдіктер. Республика
терииториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге
болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ
көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай
молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің
зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті. Мал
бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің,
жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген.
Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік
өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Ертеде
өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-
Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа
Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына
әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен
ықпалдары зор болды. Әр обылыстың, аймақтың, халық
дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше
пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір
өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Аюбұлақ – биіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын
екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп
орналасқан. Гүлі ашық асры түсті, өсімдік сабағының басында
масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз айларында
гүлдейді. Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және
Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды
жерлерде өседі Алтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп
жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г
дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес сары да,
ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының сынған жері
ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің
жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде
айларында гүлдейді.
Шашыратқы – биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп
тектес өсімдік. Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады.
Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3 тен
орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді.
Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.
Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы
сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей
тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл
түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында
орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді.
Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр
Шығыс, Беларуссия, Прибалтика, Қазақстанда өседі.
Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шшөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол
тікенектері түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ,
қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда
гүлдейді. Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия,
Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады.
Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы. Тасшөп-
биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан,
жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама –қарсы
орналасқан уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері
қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек
айларында гүлдейді.Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды,
қарағай, тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілікке шөбін пайдаланады.
Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар.
2,2 Қазақстан аймағындағы дәрілік өсімдіктердің емдік және фармакологиядағы
рөлі, тарихи маңызы. Қазіргі көптеген замандастарымыздың санасында дәрілік
өсімдіктер бұрынғы заманның қалдығы деген түсінік бар. Біздің электроника мен
автоматика, ЭЕМ мен компьютерлер ғасыры кептірілген шөптердің шоқтарымен
нашар үйлесетін секілді. Синтетикалық химияның жетістіктері, ондаған, жүздеген
мың жаңа, ешқашан табиғатта болмаған органикалық қосылыстарды алу мүмкіндігі
химиялық синтездің құдіретіне сендіреді. Әр түрлі аурулардан құтқаратын жаңа
дәрілердің жедел алынуына сенімділік пайда болады. Мұндай көзқарас қазір де бар,
бірақ ол әсіресе 15-20 жылдар бұрын кең таралған еді. Өсімдіктерден алынатын ең
маңызды дәрілер арнайы баспаларда атап көрсетіліп, толық сипатталған. Бұл
мәліметтер біздің елде дәрігерлік тәжірибеде қолдану және өнеркәсіптік өндіруге
рұқсат берілген дәрілердің аттарының мемлекеттік тізіміне (Государственный
реестр наименований лекарственных средств) 2003 ендірілген. Біздің елімізде
медицинада қолдануға рұқсат етілген дәрілердің 31% жоғарғы сатыдағы
өсімдіктерден, 3% саңырауқұлақтар және бактериялардың дәрі препараттары
(антибиотиктер), 12% жануар текті препараттар (эндокринді препараттар, вакцина
және сарысу), 9% марганец қышқылды калий немесе мырыш майы сияқты
органикалық емес қосылыстар және шамамен 45% синтетикалық жолмен алынған
органикалық препараттар құрайды. Алайда, тікелей немесе әр түрлі препараттар
түрінде дәріханаларда сатылатын дәрілік өсімдіктердің барлығы Мемлекеттік
фармакопеяда сипатталмаған. Фармакопеяға ең маңызды, әрі жиі қолданылатын
өсімдіктер мен оларлан алынатын препараттар енгізілген. Сонымен қатар, жеткілікті
дәрежеде зерттелмегендіктен назар аударылмайтын, тиімділігі төмен немесе тіпті
ұмытылған дәрілік өсімдіктер саны айтарлықтай көп. Фармакопеяда болған
ұмытылған өсімдіктер біртіндеп қолданыстан шықса да, халық арасында
бағаналанады. Бірақ қазір ұмытылған дәрілік өсімдіктер жаңа ғылыми тексеруден
өткізілген соң жиі фармакопеяға қайта енгізіледі.
2,3. Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері. Көптеген жаңа ғылыми
жұмыстар әлі белгісіз дәрілік өсімдіктерді зерттеуге бағытталған. Жаңа дәрілік өсімдіктерді
табудың 3 жолы бар. 1-ші жолы – биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс.
Өсімдіктердің бір – біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік
мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады. Ұзақ
уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан
түрлер де өте көп. Мысалы: гранат – оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде
пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап
Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі.
Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық
белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша
да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де
ерекшеленеді. Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі
және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная)
өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО
аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н.
ресничная және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың
барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды. Дәрілік өсімдіктерді табудың
екінші жолы – елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора
өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді
ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді. Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте
маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер
сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер
анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс
істеуге болады.Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы – халық медицинасы, ол ұрпақтан
ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі
медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және
қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер
және ғалымдар қатар алып жүрген.
3. Қорытынды. Қазақстан флорасы
пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік
өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке
айналғаны белгілі. Соның нэтижесінде бүл күнде фитотерапия айтарлықтай
дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың
нэтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған
байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды
қорғауды да насихаттауымыз керек. Дәрілік өсімдіктер —
қазіргі кезге дейін әртүрлі дэрілік препараттар алатын шикізаттың негізгі көзі
болып табылады. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар жэне
препараттар алынады. Адам және жануар ағзасындағы ауыр, қатерлі
ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен
қолданылуда. Қазіргі кезде дәрілік
өсімдіктерді зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда. Олардың қүрамында:
алкалоидтар, гликозидтер, сапониндер, илік заттар, эфир майы жэне т.б.
заттар бар. Биологиялық белсенді заттардың көпшілігі мысалы, алкалоидтар
жэне гликозидтердің көп дозасы улы, бірақ организмге қолданылатын аз
мөлшерінің (0,01 жэне одан да аз ) емдік қасиеті бар
Академик Н.В. Павловтың басқаруымен Қазақстанда
пайдалы өсімдіктер тексеріліп еңбектері жарыққа шықты, онда өсімдіктердің
қасиеттері туралы жан-жақты айтылған.
Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар эртүрлі органикалық
қосылыстарға енеді. Олар — алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир
жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т.б.
4. Пайдаланылған әдебиеттер. 1.
Айтжанов Б.Д., Заманбеков Н.А.,
Қорабаев Е.М., Фармакология 2006ж.
2. Қожанов К.Н., Малдәрігерлік
фармакология 2088ж. 3.
Интернет желісі арқылы қосымша
мәліметтер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz