ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫ


Slide 1

Шошқа тілмесінің қоздырушысы

Орындаған: Бөтеке Қымбат

Момбек Айдана ВМ-306 к тобы

Slide 2

Шошқа тілмесі

Көп жануарлардың ауруымен, буындардың қабынуымен, терімен эритемнің қабынуымен, геморрагиялық қызбамен сипатталатын ауру.

Қоздырушысы Erysipelothrix rhusiopathiae

Ауру көбіне - 2-3 айдан 1жасқа дейінгі шошқаларда байқалады. Торайда ауру жіті және жітілеу түрде, сақа шошқаларда созылмалы түрде байқалады.

Тілме ауруымен адамдар да ауырады Рохсибах тілмесі. Қоздырушысы адамдарға ауру жануарлармен ауру малдан жұғады. Індеттің көзі - малдан алынған өнім.

Slide 3

Морфологиясы

Эризипелотрикс инсиодаза қоздырушысы қысқа таяқша тәрізді, 2-0, 3x0, 5-1, 5 мкм көлемді қозғалмалы. Аурудың созылмалы түрінде жіпше тәрізді болады, веррукозда.

Спора, капсула түзбейді.

Жағындыда жеке не жұптасып орналасады.

Аурудың созылмалы түрінде ауру қоздырушысы жүрек қабығын зақымдап, веррукозды эндокарт туғызады.

Slide 4

с

Slide 5

Культурасын анықтау

Тілме қоздырушысы 35-37C температурада, 7, 2-7, 4 pH-пен қоректік орталарда (ЕПА, ЕПС) жақсы өседі. Қоректік орталарда өсуі 48-72 сағаттан кейін көрінеді.

ЕПА - да, сонымен қатар ұйыған қан сарысуында тілме қоздырушысы мөлдір, иризирленген, кейде сұрлау реңді, дөңгелек, тізбек (S-формалы) шықтарының тамшыларына ұқсас түрінде өседі

ЕПС-да біркелкі әлсіз бұлыңғырлану, ал аздап қозғалтқанда төменгі толқуы (Муар толқындары) жақсы байқалады.

Slide 6

Тілме қоздырушысы бауырда, сарусыда (5-10%), глицерин (2-3%) орталарында немесе 0, 1-0, 2 глюкоза қосылған қоректік орталарда жақсы өседі.

Биохимиялық қасиеттері тұрақты емес. Көп зерттеушілердің (Свинцов, Розанов, Ильинкий және басқалар) мәліметтері бойынша тілме өсіндісі штамының көпшілігі қышқылдың түзілуімен, бірақ газсыз лактозаны, глюкозаны, галактозаны, левулозаны, әлсіз дәрежеде ксилозаны, ал кейде арабинозаны ыдыратады.

Slide 7 Slide 8

Жұғу жолдары

Жаз айында шошқалар жайылымда болғанда жұғу процесі жүреді. Алиментарлық жолмен - жер бұзылғанда және әр түрлі зарарланған және жануарлар жегенде жұқтырады. Әсіресе нашар көмілген өліктер қауіпті және зарарланған балшықтарда тері арқылы жұқтыруы мүмкін. Көбінесе 6-12 аралығында жас малдар ауырады.

Slide 9

Патогенезі және клиникалық белгілері

Жасырын кезең 3-5 күннен аспайды. Жітіден тыс немесе ақ тілме бірнеше сағаттың ішінде өліммен аяқталады, бірақ бұл түрі сирек кездеседі.

Жиі жіті түрі байқалады, ол емсіз сондай-ақ көптеген жағдайда 3-5 күннің ішінде жануардың өлімімен аяқталады.

Жітілеу түрі немесе есекжем зарасыз өтеді және 10-15 күннен кейін сауығумен бітеді.

Созылмалы тілме айларға созылады

Жіті түрдегі тілме септикалық көріністермен басталады: жоғарғ температура, 41-42С-қа дейін және одан да жоғары, жиілеген және ауыр тыныс алу, жиі пульс. Ауру мал төсенішке жасырынады, азыққа бармайды, қиналады. Іштің жүрмеуі байқалып, кейінірек іш өтуге одан қанмен ауысады. Теріде, қарында, жамбастың ішкі беткейін басқанда қызыл дақтар шығып тұрады. Созылмалы тілме одан әрі жемсауға ұласуы мүмкін.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Шошқа тілмесі кезіндегі патолого-анатомиялық өзгерісі:

1 - терідегі көптеген қан кетулер;

2 - тамақ үсті кілегейлі қабатындағы қан кетулер;

3 - ішек қабатындағы қан кету;

4 - бүйректегі қан кетулер;

5 - көкбауда қан кетулер;

Slide 13

Адамда ауру катерсіз түрде өтеді - алақан мен саусақ терілері зақымданады.

Slide 14

Диагноз қою

Жіті түрдегі тілме жіті түрдегі обамен және аздап геморрагиялық септицемиямен және топалаңмен шатастырылуы мүмкін. Тілмеден айырмашлығы обамен барлық жастағы шошқалар және жылдың кез-келген мезгілінде ауырады.

Терідегі қызыл дақтар: тілмеде - гиперемияны басқанда жоғалады, обада-қан тауларды басқанда жоғалмайды.

Созылмалы түрі тері некрозы және эндокардитке тән. Осы түрінде клиникалық диагностикалағанда тілменің антигенімен қан сарысуын аглютинация реакциясында зерттеу көмектеседі. Ол үшін жануарлардың құлағынан немесе құйрығының ұшынан қан алып зертханаға жібереді. Егілген шошқалар агглютинация реакциясымен 1, 5 айдан кейін зерттелінуі мүмкін.

Slide 15

Иммунитет

Ауырған шошқаларда ұзаққа созылатын иммунитет түзіледі. Белсенді иммунитет үшін 2 түрлі тірі вакцина қолданылады.

1931 жылы Румыния ғалымы В. Винограник бөліп алып, әлсіретіп әзірленген ВР-2 штамына дайындалған

Д. Ф. Қонаев К штамынан дайындалған деполанған вакцина. Сонымен қатар, өлтірілген концентрленген аллюминий тотығы қосылған формолвакцина қолданылады. Вакциналармен 2 айдан асқан шошқаларды егеді. ВР-2 вакцинасын бір рет, ал деполанған концентрленген вакциналарды арасына 12-14 күн салып 2 рет егеді. 4-5 ай өткен соң қайталап вакциналау керек.

Slide 16

Обаның тілмеден айырмашылығы сөл бездерінің ерекше зақымдалуында. Олардың тілінген беткейі мәрмәр тас суретіңдей, себебі синус қуыстары қанды жалқақпен кернелген, талақ ұлғаймайды теріде қанталаған бөртпе көрінеді.

Сонымен қатар кілегей және сірі қабықтарда, ағзаларда, әсіресе бүйректерде көптеген петехиялар табылады.

Slide 17

Агглютинация реакциясын қою


Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесі, патморфологиясы
Тығыз қоректік орта
Шошқа тілмесі
Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар:
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ДИСКТЕР ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі
Ауески ауруы
МИКОРОБИОЛОГИЯНЫҢ ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАРЫ
ІНДЕТТІ АУРУЛАРДА ҰША
Жеке індеттану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz