Стресстің түрлері
Презентация қосу
Стресс
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Стресстің түрлері
2.2. Стресстің кезеңдері
2.3. Стресстің белгілері
2.4. Эмоциалдық стресс, арылу
жолдары
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Ағылшын тілінен аударғанда stress –
күйзеліс, қысым деген мағынаны
білдіреді.
Стресс – адамның күшті әсерлерге
байланысты пайда болатын күйзелісті
күйі. Қоршаған ортаның қолайсыз
өзгерістеріне деген ағзаның
бейспецификалық қорғаныс
реакциясы.
Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) -
қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден
тыс ширақтылық деген сияқты
бірнеше мағынаны қамтитын
жалпылама сөзбен айтылған адамның
ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы
ұғымды енгізген канадалық физиолог
Ганс Селье.
Термин тарихы
Физиология мен
психологияға «стресс»
терминін ең алғаш
енгізген Уолтер Кэннон
«күресу және қашу»
еңбегінде енгізген.
кәсіби стресс (жұмыстағы стресс)
Эмоциональды стресс
физикалық
психологиялық стресс
операционды стресс (ағзаның хирургиялық операцияға
әсері)
посттравматикалық стресс, жарақат алғаннан соң пайда
болатын т.с.с.
Стресті тудыратын әсерлерге қарай
физиологиялық және психологиялық
стресс деп екіге бөледі.
Психологиялық стрессті мәліметтік
және эмоциялық стресс деп атайды.
Тосыннан жағымсыз хабар естігенде
мәліметтік стресс пайда болады.
Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты
қиналады, не істерін білмей,
абыржып қалады.
Эмоциялық стресс
• Ал эмоциялық стресс қауіп туғанда немесе
оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі
қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке
әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды.
Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе
сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің
физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз
бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық
қызметіне негізделген.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
•үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын
жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда
болады;
•төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей,
оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз
жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының
мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық
жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы
жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық
еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
•әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады,
сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің
нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стресстің белгілері
• Бас ауруы;
• әлсіреу;
• Әрекет етуден бас тарту;
• Болашақта жақсы нәрсенің
болатынына күмәнмен қарау;
• Қозған қалып, тәуекелге бейімділік;
• Жиі ұмытып қалу;
• Жағдайды ойланып алудан еріну,
стресстік қалыпқа алып келуі;
тұрақсыз көңіл-күй.;
• Шаршау.
• Стресс кезінде қанда
глюкокортикоидтар мен
катехоламиндердің, серотониннің
мөлшері оқыс көбейеді.
Ғылымның жаңа деректері
бойынша оған қосымша
самототропин және
самотомединдер де стрестің,
әсіресе оның үрейлену кезеңінің
өрлеуіне себеп болады.
Самототропин иммундық жүйенің
қызметін белсендіріп,
организмнің стреске қарсы тұру
төзімділігін арттырады
Стресстен құтылу жолдары
• Спортпен айналысу.
Біраз уақыттан соң
бірқалыптылыққа үйренесіз,
денсаулығыңыз
эмоционалды күйге маңызды
әсер етеді.
• Ароматерапия.
Таза, балғын, хош иістер
түйсіктің қабілетін
жақсартады. Өзіңізді жақсы
сезінетін боласыз.
Стресстен арылу жолдары
• Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды
білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін
құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы
нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды
өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.
• Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын
доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-
күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық
бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз
эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.
• Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа
ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.
• Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр
кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен
тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске
кірісіңіз.
• Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену
әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен
күресінен құралған.
Қорытынды
• Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір
жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің
күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды
сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-
құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы
туралы елестетуімізді жинақтаймыз.
• Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған бекініспен
салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда мұның да шегі
бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, өйткені
ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады.
• Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің
ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе). Кеселдің келесі санатын көбіне-
көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді.
Әңгіме әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар,
гастриттер жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік
ауытқулар мен зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Тростанецкая Г.Н.Открытый урок нашей общей тревоги.-
М.: «Эфлакс»,2003, 65 стр.
2. Рутман Э. М.«Надо ли убегать от стресса» М. 1988
3. Эверли Джордж С. «Стресс: природа и лечение» М. 1985
4.Чирков Ю. Г. «Стресс без стресса»М. 1988
5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,
У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық
сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz