ТІЛ ЖӘНЕ ОРТА ӨЗАРАӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Презентация қосу
Тақырыбы:
Тіл экологиясы (эколингвистика):
қалыптасуы мен дамуы
Жоспар:
1. ТІЛ ЖӘНЕ ОРТА: ӨЗАРАӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ: ТІЛДЕН ОРТАҒА ДЕЙІН
3.ЭКОЛИНГВИСТИКАНЫҢ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Эколингвистика немесе тіл экологиясы лингвистиканың философиялық,
психологиялық, әлеуметтік бағыттарында қалыптасқан тіл білімінің жаңа
әрі болашағы зор ғылыми бағыттарының бірі. Эколингвистика экология
мен лингвистиканы біріктірген ғылыми бағыт ретінде тілдер арасындағы
қарым-қатынасты, адам және қоршаған ортаны, тілдік тұлға ретінде
қоршаған ортаның адам мен әлеуметтану арқылы тілге әсерін және тілдің
қоғамның жан және таным арқылы ықпалын оқытады. Осының негізінде
тіл мәселесі қоғам, табиғат және адам арасындағы ажырамас тізбекте
қарастырылады. Тілдің дамуы мен қызметі – экожүйе, ал қоршаған орта –
тілдік тұжырым болып есептеледі.
Алғаш рет «тіл» мен «экология» түсініктерін 1970 жылы «Тіл экологиясы»
еңбегінің авторы, американдық лингвист Э.Хауген өзара бірлікте
қарастырған. Ғалым тілдің экологиясы деп тіл мен қоршаған ортаның
арасындағы өзара қарым-қатынасты атайды, ол тіл ортасының астарында
тілді өздерінің бір құпия сөзі ретінде пайдаланып жүрген қоғамды түсінеді.
Э.Хаугенің пікірі бойынша, тіл – сол тілде сөйлеп жүргендердің санасында
ғана және ол басқа сөйлеушілер мен олардың табиғи ортасының өзара
қарым-қатынасқа түскенде ғана қызмет етеді деген. Сондықтан да тіл
экологиясына физиологиялық табиғаттың бөлшектері (яғни сөйлеушінің
санасында басқа тілдермен өзара әрекеттестігі) және әлеуметтік
бөлшектердің біразы (яғни тіл коммуникация құралы ретінде
пайдаланылатын қоғаммен өзара әрекеттестік) тән.
Соңғы он жыл бойы эколингвистика екі негізгі, әртүрлі
көзқарастағы бағыттарда қарқынды дамып келді:
Тіл білімі мен тілдерді зерттеуде экологиялық терминдері, ұстанымдары мен әдістерге ие
экологиялық лингвистика (негізгі өкілдері – Э.Хауген, У.Маккей, А.Филл,
А.П.Сковородников) бағыты;
Лингвистикадағы экологиялық сұрақтар, лингвистикалық терминдер мен әдістері бар және
қоршаған ортаның мәселелерін сипаттауда тілдің қызметін зерттейтін тілдік
(лингвистикалық) экология (негізгі өкілдері – М. Халлидай, П. Мюльхойслер, М.Деринг).
Ғалым В.Ф. Нечипоренко эколингвистиканың тағы бір компоненті – биолингвистика
бағыты туралы тұжырым жасап өтеді. Оның тұжырымынша, биолингвистиканың
астарында ойлау, тіл, мәтін мен есте сақтау қабілеттерінің қызметіндегі әлеуметтік
және биологиялық негіздерді мақсат ететін адам жаны мен материалдық бастауы
арасындағы өзара сәйкестік жатыр.
Экологиялық лингвистикада өз кезегіне қарай тілдер арасында өзара сәйкестікті
зерттейтін (тілдік алуан түрлілікті сақтау мақсатында) «тіл экологиясын (тілдер)»
және терминдер мен ұстанымдарды экологиядан терминге аударатын бөлімді
(мысалы, экожүйенің түсінігі) оқытатын «экологиялық лингвистиканы» атап кетуге
болады.
Экологиялық лингвистика шегінде берілген
бағыттың іс-әрекетінің екі деңгейін сөз етуге болады:
• макроэколингвистика – өз назарын аймақтық, қоғамдық, мемлекеттік, әлемдік маңыздылық мәселелеріне аударады;
макролингвистика мәселелеріне тілдік қатығыстар, тілдік саясат, тілдік жоспарлау, тілдік геноцид және т.б мәселелердің қарастырылуы көзделеді;
• микроэколингвистика – әлеуметтік лингвистиканы, психолингвистиканы,
әлеуметтік-мәдени антропологияны назарға ала отырып, тілдік факторларды зерттеумен айналысады.
Ресей ғылымында дәл осы экологиялық лингвистика кеңінен дамыды,
бірақ та эколингвистика, тіл экологиясы, экологиялық лингвистика және лингвоэкология терминдері
эколингвистиканы жалпы айқындай отырып, өзара алмасушы терминдер ретінде қолданылып келуде.
Эколингвистика аясында экологиялық әрекет (В.В. Иваницкий, А.П. Сковородников және т.б.), экологиялық сана мен ойлау (B.C. Полянский және т.б.), экологиялық мәдениет (Р.Г Яновский, Л.И. Скворцов және т.б.), экологиялық білім (О.М. Васильева және т.б.) қатысты
мәселелер қарастырылуда.
Заманауи Ресей қоғамында этноұлттық ортаның коммуникациялық байланысында экологиялық тенденциялардың әсер етуі қарастырылды (Е.К. Хелимский, Р.Н. Мусина).
Эколингвистика пәнінің аясында лингвоэкологиялық іс-әрекет, лингвоэкологиялық ойлау, лингвоэкологиялық мәдениет, лингвоэкологиялық білім, лингвоэкологиялық коммуникация және т.б. секілді ұғым-түсініктер оқытылады.
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЛИНГВОЭКОЛОГИЯДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТ
ЕТУ БАҒЫТТАРЫНА ҚАРАЙ 3 АСПЕКТ ЖАЙЫНДА СӨЗ ҚОЗҒАУҒА
МҮМКІНДІК ТУЫП ОТЫР. ОЛАР:
Эколингвистиканың интерлингвальді аспектісі – жеке этникалық
тілдердің көптілділермен және тілдердің жойылу мәселелерімен, демек,
жер шарындағы лингвистикалық түрліліктің азаюымен байланысты
мәселе. Әлемдегі барлық тілдер кез келген тілдің потенциальды және
универсальды ұстанымдарын қоса алатын тым күрделі жүйеліліктен
тұрады. Әр тіл – жалпыадамзаттың тарихи тәжірибесінің, бірегейліктің
және ұлттық мәдениетті сақтаушысы ретінде түсініледі. Осымен әр
тілдің алмаспайтын мәдени-тарихи құндылығы мен лингвистердің
тарихи мақсаткерлігі айқындалады. Адамдардың тарихи жадысына әр
тілді, немесе оның сөйлеушілері аз болсын, не болмаса жаңашылдықтан
ары тұрса да, өткен уақытта коммуникация құралы болса да, сол
тілдерді сипаттау арқылы есте сақтау қажет. Соңғы уақытта флора мен
фаунаның «Қызыл кітаптарына» орай тілдердің «Қызыл кітаптары»
пайда бола бастады.
Интерлингвальды аспект – тіл мәдениетпен, стилистикамен,
риторикамен және дұрыстықпен, түсініктілікпен, жүйелілікпен,
айқындылықпен және сөздердің басқа коммуникациялық ауытқу
мәселелерімен тығыз байланыста. Осы зерттеулердің нәтижелері
А.П.Сковородникованың жұмыстарында жалпыланып, әрі қарай
дамып, өз жалғасын тапқан. Қалай болғанда да эколингвист
ғалымдардың күш салуы да тілдердегі жағымсыз бірегейліктердің
қолданылуына да өз ықпалын тигізуде. Аталған аспекттің мақсаты – тіл
құралдары ресурстарының кедейленуін тілдің кері талап жоспарында
тоқтату.
Лингвоэкологияның үшінші аспектісін транслингвальді деп атауға болады.
Ол контексте басқа мәдениетке тән басқа тілдің бірліктерін, бөлшектерін,
құралдарын пайдаланумен байланысты. Осы аспектінің қолдану аясы – көркем
әдебиет, фольклор, публицистика. Бұл дегеніміз – бір тілден екінші тілге аудару
тәжірибесі, басқа тілдің шағын мәтіндеріне цитата келтіру деген сөз. Адамдық
мәдениеттің сақталуы алғаш рет заманауи дидактика тұжырымдары мен шет
тілдерді оқыту әдістемесінде өз жалғасын тапты. Транслингвальді экология
мәселесінде ерекше көзге түсіп, назарды талап ететін жайт – кірме сөздердің
азаюы мен тіл-реципиенттің ластануы және тіл-донордың бұрмалануы мәселесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Эколингвистикалық зерттеулердің бағыттарында зерттеушілер заманауи
болашағы мол әдістерді айқындап отыр: лингвистикалық әртүрлілік (себептер,
қалыптар, қызметтер, зардаптар); жойылып кететін тілдер (шағын және
жойылуға шақ тілдерді құтқару); биологиялық және лингвистикалық (мәдени)
арасындағы көп үлгіліктің сәйкес келуі; экокритикалық (экосына) бағыт; тіл
құрылымының (грамматика) экологиялық және экологиялық емес бөлшектерін
зерттеу; экокритикалық дискурсивті талдау; қоршаған орта мәселелерін
қозғайтын мәтіндер; дискурстағы идеология (антропоцентризм);
экосауаттылыққа оқыту (жалпы әлемдік өзара байланыстағы қарым-қатынас
туралы білу.)
Лингвоэкология саласының пәндік қалыптасуына оның терминдік қоры,
терминологиялық аппараты жеткілікті болып табылады. Осыған орай А.П.
Сковородникова лингвоэкологияның жеке пән ретінде оқытылуына кеңінен мән
беріп өтеді, сөйтіп, лингвоэкологияның лингвистикалық пәндердің мәртебесіне
ие болып отыр деген қорытындыға келеді. Тіл білімінде эколингвистика секілді
бағыттың және оның аспектілерінің пайда болуы, лингвистикалық мәселелерді
сипаттайтын, лингвистикалық түрлілікті сақтау мәселесін шешуші ғылымдарға
көшетіндігін көрсетіп өтеді. Демек, эколингвистика тіл білімінің заманауи әрі жас
дамып келе жатқан бағыты ретінде арнайы әдістемеге мұқтаж ғылым болып
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Haugen, Е. The ecology of language: Essays by E. Haugen / E. Haugen / Stanford, CA: Stanford
University Press / Originally published in W. Bright (Ed.).1966. - P. 159-190.
2. Иваницкий, В.В. Лингвоэкология и «Дом бытия» / В.В. Иваницкий // Социальные варианты
языка: материалы междунар. науч. конф., 25-26 апр. 2002 г., Нижний Новгород / Нижегор. гос.
лингв, ун-т им. Н.А. Добролюбова. Филол. фак. / - Н.Новгород, 2002. - 280 с.
3. Сковородников А.П. Лингвистическая экология: проблемы становления
[Текст]/А.П.Сковородников// Филологические науки: Выпуск 6, - М.:Высшая школа, 1996.– с. 5-
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz