Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары және шешу жолдары: трансшекаралық өзендер мен Каспий теңізі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫНЫҢ ГЕОСАЯСИ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Slide 2

трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мысалында Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктейсіздер және шешу жолдарын ұсынасыздар.

Slide 3

Мақсатқа жету үшін білуміз қажет

Судың геосаяси мәні қандай?

Трансшекаралық өзендерге қандай өзендер жатады?

Трансшекаралық су нысандары бойынша Қазақстанның халықаралық ынтықмақтастығының маңыздылығы қандай?

Қандай кедергілер бар және оларды қалай шешуге болады?

Slide 4

Су ресурстарының геосаяси мәні

Қамтамасыз ету

Орналастыру

Қорғаныс

Экономикалық даму

Көлік қатынастары

Slide 5

Су ресурстарымен қамтамасыз ету

Егістік алқаптарды сумен қамтамасыз ету

Өндірісті және қалаларды сумен қамтамасыз ету

Химия өнеркәсібі

Энергетика саласы

Slide 6

Су ресурстарының геосаяси мәні

Орналастыру - су жолдарын бойлай елді мекендер орналасады. Экономикалық аудандар қалыптасады.

Қорғаныс - іші су ресурстары ел қорғанысында нағыз тосқауыл қызметін атқарады.

Экономикалық даму - мемлекет дамуының стратегиялық желісінің рөлін орындайды.

Көлік қатынастары - өзендер мен каналдар арқылы және оларды бойлай маңызды көлік жолдары өтеді. Теңіздер мен өзендер кеме қатынастары ретінде пайдаланылады.

Slide 7

Трансшекаралық өзендердің шаруашылықтағы маңыздылығы пайдалану

Соңғы 60 жылда жер шарында ауызсуды тұтыну 8 есеге өсті. Жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды импорттауға мәжбүр болады.

Дүниежүзінде 260-тан астам өзеннің бассейндері екі немесе бірнеше мемлекеттің арасында бөлініп орналасқан.

Slide 8

Трансшекаралық өзендер

Қазақстанда су ресурстарының қоры шектеулі. Бұл табиғи байлықтардың қорын игеруді және тұрақты әрі экономикалық даму мүмкіндігін шектейді.

​Трансшегаралық өзендер - бірнеше мемлекеттік аумақтан ағып өтетін өзендер. 8 су бассейнінің 7 трансшегаралық, ал 6 су бассейніне ағын су іргелес мемлекеттерден келіп құйылады.

Қазақстан көршілес елдер аумағынан ағып келетін трансшегаралық өзен суларына тәуелділік индексі бойынша Израиль және Португалия тәрізді елдермен қатар тұр. Қазақстан Республикасы аумағының сумен қамтамасыз етілуі өзеннің жоғарғы ағысында орналасқан іргелес мемлекеттердің су саясатына айтарлықтай дәрежеде тәуелді.

Slide 9

Су ресурстарымен қамтамасыз етілуі

Slide 10

Су ресурстарын алдын ала орналастырудың маңыздылығы

«Екібастұз - Үлбі СЭС (Семей) 500кВт

«Семей - Үлбі СЭС» 500 кВт

500 кВт «Өскемен» ҚС

1150 кВт «Екібастұз»ҚС

220 кВт «Үлбі СЭС» ҚС

Slide 11

Ертіс-Қарағанды каналын орналастырудың маңызы

Жалпы ұзындығы 458 км. Ертістің суы Орталық сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Канал бойындағы 22 су көтергіш станциялары суды 420 м биіктікке көтереді. Канал бойында, сондай-ақ 11 су торабы, 2 бөген, 17 көпір және автомобиль жолы салынған.

Ертіс-Қарағанды каналы

Slide 12

Канал арқылы өткізілген су 2, 5 млрд. /м³

Су ресурстарының аумақтарға жоспарлануы

Павлодар облысына

0, 94 млрд. /м³

Ақмола облысына

0, 35 млрд. /м³

Қарағанды облысына

1, 21млрд. /м³

Ертіс суының қуаң Сарыарқа өңіріне келуі

тың жерлерді игеру процесін жалғастырды. Жасанды су магистралы негізінде қосалқы шаруашылықтар құрылып, суармалы алқаптардан мол өнім алынды. Республикамыздың ірі индустриялық орталықтарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Slide 13

Ертіс өзенінің геосаяси мәселесі

Халықаралық ынтымақтастық

Хельсинки хаттамасы - 1992 жылы Финляндияда өткен Хельсинки хаттамасында трансшекаралық өзендерді ортақ мақсаттарға тиімді пайдалану туралы келісім жасалған.

Үлкен ұласты өзені - Ертіс алабындағы өзен. Сауыр жотасының солтүстік-шығыс беткейіндегі Мұзтау тауының (3816 м) етегіндегі бұлақтан басталып, Кіші ұласты қосып алып, Бозайғырқұм сіңеді. Гидрологтардың мониторинг қорытындысы бойынша осы кішігірім өзен суын толықтай Қытай мемлекеті пайдаланады. Бұл Ертіс өзенінің бір саласын Ертістан ажыратып, судың азаюына себеп болып отыр.

Slide 14

Қытай халқын батысқа көшіру бағдарламасы

100 млн халықты батысқа орналастыру, жаңа аудандарды игеру, суармалы егіншілікті дамыту, жаңа мұнай кен орындарын ашу, халықтың қоныстану балансын тепе-теңдікте сақтау, Гоби және Такламакан шөлдеріне суды пайдаланып, суармалы егіншілік аудандарын салу

Slide 15

Тапсырма

Трансшекаралық су ресурстарының негізі геосаяси мәні қандай?

Slide 16

Жауабы:

Қамтамасыз ету

Орналастыру

Қорғаныс

Экономикалық даму

Көлік қатынастары

Slide 17

Трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мысалында Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктейсіздер және шешу жолдарын ұсынасыздар.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экологиялық проблемалары мен апатты аймақтары: Семей полигоны, Каспий теңізі, Арал және Байқоңыр
Ақтөбе қаласының экологиялық проблемалары: себептері, салдары және шешу жолдары
Су қорларын пайдалану мәселелері мен Каспий теңізінің экологиялық проблемалары: Қазақстан жағдайы
Қазақстанның экологиялық мәселелері: Каспий теңізі, Арал апаты, Балқаш, ластану және Семей полигонының салдары
Каспий теңізі: географиясы, биоресурстары және экологиялық мәселелері
Топырақтың экологиялық проблемалары: жіктелуі, себептері және шешу жолдары
Өзендер мен көлдер: гидрология және Қазақстанның су ресурстары
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау: шағын кәсіпорындардың проблемалары мен шешу жолдары
Өзендер мен көлдер: Қазақстанның су жүйелері мен географиялық сипаттамасы
Еуразияның ішкі сулары: су алаптары, өзендер және көлдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz