Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды жалпы білім беру жүйесіне қосу: педагогикалық, медициналық және материалдық-техникалық аспектілер


Slide 1

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу

Slide 2

Тірек қимыл аппараттары бұзылған тұлғаларға арналған арнайы білім

Балалардың туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардың 5\7 проценті тірек қозғалыс аппараттарыньң бұзылулары құрайды. Қазіргі таңда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың саны артып келетіні бәрімізге мәлім.

Қимыл-қозғалыс функциясынан айырылу немесе бұзылуы, дамымай қалуы, қалыптасуының кешігуі негізгі сипаттымасы болып табылатын тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар кең және бір текті емес тобын құрайды. Балалрдың тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы, туа біткен немесе ерте пайда болған аурулар мен зақымдар себебінен болуы мүмкін

Notes: ПРИМЕЧАНИЕ. Чтобы изменить изображения на этом слайде, выберите рисунок и удалите его. Затем нажмите значок вставки рисунка в заполнителе, чтобы вставить собственное изображение.

Slide 3

ТҚАБ балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда, шартты түрде білім беру кеңістігі жағдайында түзету-педагогикалық жұмыстың түрлі нұсқаларын қажет ететін екі санатқа бөлуге болады.

Notes: ПРИМЕЧАНИЕ. Чтобы изменить изображения на этом слайде, выберите рисунок и удалите его. Затем нажмите значок вставки рисунка в заполнителе, чтобы вставить собственное изображение.

Slide 4

Бірінші санатқа (қозғалыстық бұзылулары неврологиялық сипаттағы) орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөліктерінің органикалық зақымдануы себебінен, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар жатады. Балалардың бұл тобын көпшілігінде БСА-сы бар балалардан тұрады. Балалардың дәл осы санаты клиникалық және психологиялық-педагогикалық аспектілерде ең көп зерттелген болып табылады.

Екінші санатқа (қозғалыстық бұзылулары ортопедиялық сипаттағы) көбінесе неврологиялық сипаттағы емес тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар жатады. Әдетте, бұл балалардың зияткерлік дамуында көрініп тұратын бұзылушылық болмайды. Кейбір балалардың психикалық дамуының жалпы қарқыны ептеп баяулаған және жекелеген қабықтық функциялары, әсіресе көру-кеңістіктік ойы парицально бұзылған болуы мүмкін.

Notes: ПРИМЕЧАНИЕ. Чтобы изменить изображения на этом слайде, выберите рисунок и удалите его. Затем нажмите значок вставки рисунка в заполнителе, чтобы вставить собственное изображение.

Slide 5

Қосымша дидактикалық материалдар

ТҚАБ балалардың ерекше білім алудағы қажеттіліктері кейде ауызша емес байланыс құралдарын қолдануды талап етеді. Балама (ауызша емес) қарым-қатынас құралдары болып табылатындар: арнайы таңдап алынған заттар; графикалық/баспа суреттер электрондық құралдар (бейне жазба құрылғылары, электронды коммуникаторлар, сөйлеу тренажерлер), тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген және қосалқы құрал-жабдықтармен планшетті немесе дербес компьютер және т. б. ) .

Slide 6

ТҚАБ балаларды оқыту келесі: қозғалыс ақауын шамадан келгенше медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқулар терапиясы, соматикалық ауруларды купелеп бөлу бағыттарында жүргізілетін емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылуы тиіс.

Қозғалысында ақау бар балаларға өзін-өзі қамтамасыз ету, гигиена, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар беру дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру маңызды шарт болып табылады.

Сөйлеудің айқындығын қалыптастыру кезінде пассивті және белсенді артикуляциялық гимнастика, тыныс алу гимнастикасы және дауыстық жаттығулар жасалуы керек. Бұл жаттығулардың кешендері балалардың қозғалыс әрекеті мен сөйлеу қабілеттеріне байланысты жеке таңдалады.

Slide 7

Баланы түсіну үшін сөйлескенде қажетті жағдайлар:

сөйлесудің қысқаша және мәнерлілігі (нұсқаулар, өтініштер, пікірлер, хабарламалар) ;

балалардың күтілетін реакциясы үшін көбірек қайталау, баяу қарқынмен сөйлеу, үзіліс жасап отыру;

ауызша сөйлесу мен вербалды емес әдістердің үйлесуі (ыммен, пантомима, іс-әрекетті көрсету) ;

кез-келген нұсқаулық, мәселе баланың көңілін бөлу үшін балаға сөйлеуден басталуы тиіс.

Егер баланың сөзі түсініксіздеу немесе іс жүзінде қол жетімсіз болса, вербалды емес қарым-қатынас технологиялары (карталар, нысандар) қолданылады.

Slide 8

Қажетті арнайы құрал-жабдықтар

жүріп-тұру құралдары: мүгедектер арбасының әр түрлі нұсқалары (бөлмелік, серуендік, функционалдық, спорттық), қайта отырғызу үшін көтергіштер, шағын автобус, басушылар мен ағашақтар (бөлмелік және серуендік), балдақ, шаяндар, таяқтар

өзіне-өзі қызмет көрсетуін жеңілдететін құралдар (ыдыс-аяқтар мен асханалық аспаптар, киіну және шешіну, есікті ашу және жабу, өз бетінше оқулары, телефонды пайдалану үшін құрал-жабдықтар; электр құралдарын қосатын ерекше, тұрмыстық аспаптарды қашықтықтан басқару құралдары) ;

- баланың қажеттілігіне сай жиһаз;

- балаларды жатқызып оқытуға арналған сыналы тіреуіштері бар медициналық кушеткалар;

- балаларды тұрғызып оқытуға арналған көлбеу үстелдер

Slide 9

ТҚАБ балаларға арналған білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

ТҚАБ бала білім беру ұйымының аумағына кіру үшін ғимаратқа кіреберісте пандус орнату қажет. Пандус бала арбасына өздігінен онымен көтерілуге және түсе алатындай барынша жайпақ болуы керек (10-12°) . Пандустың ені 90 см. -ден кем емес болуы керек. Пандустың қажетті атрибуттары, ұзындықтары әрбір жағынан пандустың ұзындығынан 30 см. -ге артық болатын тұтқалары (биіктігі 50-90 см) және қоршап тұратын бортик (биіктігі - 5 см кем емес) болып табылады.

Ғимараттың есіктері пандусқа қарама-қарсы жаққа ашылуы тиіс, әйтпесе бала арбасымен төмен сырғанап кетуі мүмкін.

Қозғалыс патологиясы бар нашар жүретін білім алушылар ғимарат бойынша олардан ұстап жүру үшін барлық периметрі бойынша дәліздер бойымен тұтқалар жасау қажет. Есіктердің ені 80-85 см. -ден кем болмауы керек, әйтпесе бала арбасымен олардан өте алмайды.

Бала арбасымен жоғарғы қабаттарға көтеріле алуы үшін, ғимаратта баспалдақтарда көтергіштер алдын ала қарастырылуы керек

Slide 10

ТҚАБ білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар


Ұқсас жұмыстар
Тірек-қимыл аппараты бұзылған және күрделі кемістігі бар балаларға арнайы білім берудің ұйымдастыруы мен әдістемесі
Қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосу: патология санаттары, ауыртпалығы және арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: түзету-педагогикалық тәсілдер мен ұйымдастыру
Күрделі сөйлеу кемістігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне инклюзиялау: психолого-педагогикалық негіздер және логопедиялық түзету
Тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар адамдарға арналған жартылай стационарлық әлеуметтік-медициналық және реабилитациялық қызметтер
Эмоционалдық-еріктік бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: диагностика, түзету және әлеуметтік-педагогикалық қолдау
Зият кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: зейін ерекшеліктері және коррекциялық-педагогикалық тәсілдер
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың психолого-педагогикалық негіздері
Есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеудің педагогикалық және даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға түзету-коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz