1937 - 1938 жылдардағы Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары



Тақырыбы: 1937-1938 жылдардағы Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік унверситеті
Пәні: Қазақстанның қазіргі тарихы.
Курс: 1курс
Факультет: Су шаруашылығы, Экология және Құрылыс
Топ: в16БЖД-1
Орындаған: Асу Алмасбек
Тексерген: Жумадилова Айнура
Тараз 2016

1937-1938 жылдардағы Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО - да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.

Сталин, шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович, 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршылы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған.

Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы. Лениннен кейін Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Сталин үкіметі жүргізген зұлмат 1937 жылы шарықтаған шегіне жеткен еді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі «жауларына», оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, «мәртебесін» шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты. Әр совет республикасында жүздеген мың адам атылды. Бірнеше жылға созылған репрессия 1934 жылғы 1-желтоқсанда Саясибюро мүшесі және ВКП(б) ОК хатшысы, Ленинградтық обкомның бас хатшысы С. М. Кировтің атып өлтірілуінен басталды. Кировтің жерлеу рәсіміне дейінгі бес күн ішінде жалған айыппен, Ленинградта 39 адам, Мәскеуде 29, Минскіде 9, Киевте 28 адам атылған. Олардың барлығы жазықсыз жандар болатын. Кировтің өлімі Сталинге өзінің қарсыластары мен халыққа қарсы күш қолдануға мүмкіндік берді. Бұрынғы Сталинге қарсы оппозиция өкілдері және саяси қызметтен кеткен. *1937 жылдың басында Ішкі Істер Халық Комиссариатының басшысы қызметінен айрылған Г. Г. Ягоданың өзі ақпан- наурыз айларындағы ОК-нің Пленумында үлкен сынға ұшырап, 28-наурызда тұтқындалды. Ол кезінде үлкен қызметте жүргенде Сталинмен арақатынасы жақсы еді және НКВД-ң басшысы ретінде де жеке тапсырмаларын орындайтын. Ягода болса, Сталиннің қылмысының куәгері еді. Сондықтан Сталин одан сыпайы жолмен, яғни «оңшыл троцкистік блоктың» өкілі деп айыптап құтылғысы келді. Ягода барлық тағылған айыптарды мойындады. Осы кездерде «сатқын», «халық жауы» деген түсініктер синоним ретінде пайдаланылды және жауапқа 12 жастағы баладан бастап тартылсын деген бұйрық та болды. Ежов жұмысқа кіріскеннен кейін НКВД жұмысшыларының жағдайы жақсарып, «жендеттердің» айлық жалақылары көбейіп, әр түрлі марапаттарға ие болды. Сотсыз үкім шығарушы органдар «екілік» және «үштіктер» күшейе түсті. Олар тұтқындағыларды сырттай жоғарғы жазаға ұшыратты. Одақтас республикалардың барлығында бұрынғы «ұлттық ауытқушылыққа» айыпталғандарына және партия өкілдеріне қарсы жаппай репрессия ұйымдастырылды.

Сталин және ішкі істер комиссары Николай Ежов

1997 жылы 31 мамыр Президент жарлығы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Ресми деректерге сенсек, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 118 мың адам репрессия ға ұшыраған. Оның 25 мыңнан астамы атылған. Дегенмен бұл мәлімет әлі де нақтылауды қажет етеді. Cаяси қуғын-сүргін нәубеті қазақ қоғамына Кеңес үкіметімен қосақтаса келді. Ал, 1937-1938 жылдары соның шырқау шегі болатын. Сол тұста Қазақстанда 100 мыңнан астам адамға «Халық жауы» деген жала жабылып, 25 мыңға жуығы жазықсыз атылды.

Цифрға сенер болсақ, біз бүкіл соғыс жылдары 600-дей генералдан айрылдық. Сталин болса, 1937-1938 жылдары 43мың әскери басшыны репрессияғаұшыратқан. Кейбір деректерге қарағанда 30-шы жылдардың соңында 23000 чекист өлтірілген. Нағыз қылмыскерлер Ягода, Ежов, Берия, Вышинский және Ульрихтер болатын. Әлем тарихында ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 миллион адам қырылып жойылыпты. Солардың 110 миллионы, немесе шамамен үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне тиеді. КСРО-да 1917-1987 жылдары 62 миллион адам жойылған. Сондай-ақ адамдарды жойқын қырғаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы айтатын болсақ, бұл тізімнің ең басында Сталин тұр. Оның мойнына 42, 6 миллион адамның қаны жүктеледі.

Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз

Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді.

Тұрар Рысқұлов - адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев - табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz