БИОЛОГИЯЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ


Slide 1

Биологиялық төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

Slide 2

Төтенше жағдай

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьндарға үшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Slide 3

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИЯ

Биологиялық қару - бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.

Slide 4

Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биоло-гиялық соғыс деп атауға болады.

Биологиялық қарудың талқан-дағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.

Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды - адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.

Slide 5

Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:

Slide 6

Эпидемия дегеніміз не?

Эпидемия - нақты бір аймақтағы ауру - сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі.

Slide 7

Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:

Slide 8

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР

Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т. б. Сондай - ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т. б

Соңдай - ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.

Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

Әдетте карантин және обсервация мерзімін аурудың максималды инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты белгілейді. Оны соңғы ауруды госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған кезеңнен санайды.

Эпидемияның алдын алу үшін аймақтың, сумен қамту жүйесі мен канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын арттыру, гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық - түлікті дұрыс өндеу және сақтау қажет, қоздырғыштар тасымалдаушылардың әлеуметтік белсенділігін және олардың сау адамдармен қарым - қатынасын шектеу қажет.

Slide 9

Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы, обсервация және карантин мерзімі

Қоздырғыш

Орташа инкубацнялық кезең (тәулік)

Аурудың айналасындарға қауіпті

Обсервация мерзімі (тәулік)

Карантин мерзімі мен енгізу шарты

оба

1-3

өте қауіпті

-

6 тәулік

тырысқақ

1-3

өте кауіпті

-

6 тәулік

сібір жарасы

1-3

аз қауіпті

8

жаппай ауруға шалдыққанда және карым-қатынастық таралу кезінде 8 тәулікке белгіленуі мүмкін

бөртпе сүзек

10-14

педикулез болған жағдайда қауіпті

23

жаппай ауруға шалдыққанда және педикулез болған жағдайда 23 тәулікке белгіленуі мүмкін

табиғи шешек

13-14

өте қауіпті

-

17 тәулік

Slide 10 Slide 11

Биологиялық қауіпсіздік

Биологиялық қауіпсіздік жұмыс істейтін персоналды, халықты және қоршаған ортаны биологиялық құралдар әсерінен қорғауға бағытталған медициналық-биологиялық, ұйым-дастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар жүйесімен, сондай-ақ ұйым-дастырушылық, індетке қарсы және дезинфекциялық алдын алуға бағытталған шаралар кешенін және төтенше жағдайлардың және апаттардың зардаптарын жоюмен, I-II топтардың патогендігі қоздырғыштарымен жұмыстарды орындау кезінде биологиялық қауіпті объектіге және карантиндік жұқпалар әкелу, сондай-ақ ықтимал биотерроризм актілері аумақтарына жақын орналасқан халықтың вирустық ауруларға шалдығуының алдын алумен қамтамасыз етіледі.

Биологиялық қорғау БҚ жоғалту, ұрлату, дұрыс пайдаланбау, диверсия, санкцияланбаған қол жеткізу немесе әдейі санкцияланбаған жайылулар алу алдын алу мақсатында токсиндерді бақылау және есепке алумен, сондай-ақ биологиялық зақымдану ошақтарында іс-әрекет кезіндегі қорғану құралдары мен препараттарын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Биологиялық бақылау биологиялық зақымдану ошақтары аумағында жеке құрамның, жабдықтардың, техниканың, азық-түліктің, судың биологиялық құралдармен зақымдалуын, режимдік-шектеу, емдеу-эвакуациялық, дезинфекциялау және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар жүргізу тәртібін анықтау мақсатында ұйымдастырады және жүргізіледі. Биологиялық бақылауды азаматтық қорғау қызметінің радиациялық-химиялық және медициналық қызмет мамандары арнайы аспаптар пайдалана отырып жүргізеді.

Slide 12

Биологиялық барлау ұйымдастыру


Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС
Қарапайым қарулар
Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері және классификациясы
Апаттар медицинасының ұйымдастыру принциптері
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері
Қалалық тіршілік ортаның ластануы
ТЕХНОГЕНДІ ТӨТЕНШЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz