Үңгір елестері


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф. Бэкон, Т. Гоббс, РДекарт және т. б. жатады. Ф. Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады: 1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;

2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;

3) табиғаттан технологиялық үстемдік;

4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.

Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф. Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды - міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам - аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!

Slide 4

XVII ғасырда материализмнің жаңа отаны, Англия болды. Бұл буржуазиялық революция жасаған алғашқы елдердің бірі еді. Жаңа заман материализмінің негізін салушы, схоластикаға қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон (1561-1626) . Ол Жаңа Заман материализмі мен

тəжірибелік ғылымының негізін қалаушы, «білім - күш, күш -білімде» деген қағиданы насихаттады. Оның еңбектері: «Ғылымдар табысы; », «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».

Slide 5

Ф. Бэкон Лондонда жоғарғы қызметкердің отбасында дүниеге

келді. 20 жыл бойы оның əкесі мөр сақтаушы болып, өмірінің соңына

дейін мемлекет орындарында қызмет атқарады. Шешесі Анна Кук өте білімді болған, ежелгі грек, латын тілдерін, теология жəне өнерді терең білген. Ағылшын тіліне бірнеше діни шығармаларды аударды.

Бэконның өзі 1573 жылы Кембридж колледжін бітірді. Лорд - канцлер

дəрежесіне жетті. Ол Аристотель, Платон, Софокл, Эврипид, т. б.

ойшылдардың еңбегін оқып, зерттеді. Оларға сыни көзбен қарады.

Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған

пікірдің əр түрлерінен, идолдардан елестерден құтылуды ұсынды. Ол

елестердің 4 түрін көрсетті:

1. «Тектік» елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы

мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен шығады.

2. «Үңгір» елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік

қажеттілік түрде қабылдауымен байланысты.

3. «Нарық» (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес не дəл емес сөздердің нəтижесінде туады.

4. «Театр» елестері беделге, соның ішінде дəстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге негізделген.

Slide 6

Елестерді жоюдың негізгі құралы ─тəжірибеге жүгіну жəне нақты деректерді ғылыми əдіспен талдау дейді. Мұндай бағыты - эмпиризм деп атайды. Ақиқат əдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық (əдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі, нақты бейнелер арқылы көрсету), əсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын əдіс-тəсілдермен шешеді. Оның пікірінше, танудың үш жолы бар: өрмекші, құмырсқа жəне ара жолдары.

Slide 7

Томас Гоббс (1588-1679 жж. ) 6 жасында латын жəне грек

тілдерінде сөйлеп, өте ерте Оксфорд университетіне түседі. Негізгі

еңбектері: «Азамат туралы философиялық ілімнің бастапқы

негіздемесі», «Левиафан». Ол теологиялық схоластиканы жоққа шығарды. Философияның мақсаты: адамның іс-əрекетінің практика жүзінде нəтижеге жетуіне жəне ғылыми-техникалық прогрестің дамуына мүмкіндік туғызу. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанцияны мойындау - денесіз дене бар, дегенге сай. Денелер

материяның туындысы. Танымның əдісі ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қолдануды ұсынады. Адамның дүниені тануы, сезімдік қабылдау

арқылы іске асады. Бұл сезім мүшелері (көз, құлақ. т. б. ) арқылы

қоршаған орта туралы алынатын шартты белгіні ары қарай өңдеу. Бұл белгілерді Гоббс «таңба» деп атайды.

Slide 8

Декарт Рене (1596-1650 жж. ) . Ол философияның, физиканың,

математиканың жəне физиологияның дамуына үлкен əсер етті. Декарт

- дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік

таным əдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы жəне дамуы), физика жəне физиологияда Декарт - материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол идеалист - «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»1 (Cogito, ergozum) - деген қағидаға сүйенеді.

Slide 9

Декарттың көзқарасы бойынша философияның «негізгі мəселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя немесе сана деген пікір таласының жөні жоқ. Олар əр уақытта бірге өмір сүреді жəне біртұтас болмыстың əртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Дуализм- дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын тепе-тең екі нəрседен - Рух пен материядан басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.

Slide 10

Бенедикт Барух, (1632-1677 жж. ) Спиноза ауқатты еврей

отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Əкесі қаланың бай

судагері еді. Ол баласын діни училищеге берді, онда ол зеректігін

көрсетті. Декарттың шəкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды.

Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, əсіресе екі

бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның

ерекшелігі ─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын

көрсетуі. Спиноза философиясының түп негізгі - субстанция, оны

Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут (қасиет) бар: ойлау жəне ұзындық. Спиноза - монизмді жақтай отырып,

субстанцияның материялдық сипатын көрсетеді. Дүниедегі заттар -

табиғат модустары (түрлері) . Модустар дүниесі, субстанцияның жай-күйі мен іс-əрекеттері қозғалыста болады.

Slide 11

Джон Локк (1632-1704 жж. ) Бэкон мен Гоббстың философиясын жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адам ақылының тəжірибесі туралы» (1690 ж. ) . Ол Р. Декарттың «туа біткен» идеясын жоққа шығарды. «Жаңадан туған жанның санасы - таза тақта, ол

тəжірибе арқылы толтырылады. Барлық білім тəжірибеге сүйенеді» -

оның негізі тезисі. Бұл материалистік эмпиризм, сенсуализм ағымы.

Тəжірибенің екі түрі бар: сыртқы жəне ішкі тəжірибе. Біріншісі -сезім, екіншісі - рефлексия. Сезім идеясы - бастапқы сырттан келге құбылыс. Рефлексия - сананың өзінің ішкі психикалы күйіне ой


Ұқсас жұмыстар
Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия
Тектік елестер
Жаңа дәуір философиясы
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖƏНЕ ЖАҢА ЗАМАН
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Денелер материяның туындысы
Ми және жұлынның қабықаралық кеңістігі. Мидың қатты қабығының синустары
Танымдық психикалық процесстер: Елес, Қиял
Алғашқы адамдардың өмірі
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ АНИМАЦИЯЛЫҚ РОЛИКТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz